Сіздерге тапсырма. Қағазға жазуыңызға болады.
Қазір сөйлесіп жүрген жігітіңіз болса, оның қанша жаста
екенін жазасыз және оның материалдық жағдайын, қандай
нәтижеге қол жеткізді соны жазасыздар. Себебі, жазған кезде
ойланатын түйсік пайда болады. Тақырыпты қозғамағанша көз
Некеге дейін...
171
қуған, алдыңызда ақпарат ретінде, ойландыратын дүние
ретінде көрінбейді. Жазу керек. Өзіңіз жақсы көргеннен кейін
"ештеңе етпейді, екеуміз қол жеткіземіз",- деп ойлайсыз. Бірақ
маған көп қыздар, әйелдер, келіншектер жазады. Махаббатты
ойлап, "екеуміз бәріне қол жеткіземіз, мен оған көмектесемін,
мотивация беремін" - деген ой әйел адамның ойы. Ал еркек
қаламаса ше? Егер оған бәрібір жеткілікті болса ше? Егер ол
ата-анасына үйреніп, сеніп қалған болса ше? Ондайлар көп
қой. Бәрін қатырамын, бәрін істеймін, бәріне жетемін,-деп
қызды алып алады да, үйіне отырғызып қояды.
Қыз бала миына ой тастайды:
Қашан бөлек шығамыз?
Қашан ақша жинаймыз?
Қашан үйге бастапқы ақша саламыз?
Қашан көлік аламыз?
Қашан жұмысыңды ауыстырасың?
Қашан карьералық өсу болады?
Осының барлығы басталған кезде арада ұрыс пайда болады. Не
үшін? Себебі, әйел адам алға ілгері жылжығысы келеді де, ал
ер адам алға жылжығысы келмейді. Ер адамға барлығы
жеткілікті болып саналады. Осы тұрғыда екеуара мәселелер
пайда болады.
Сол үшін тұрмысқа дейін:
Бұл ер адамда потенциал барма?
Өзіне жауап бере алады ма?
Сөзінде тұрады ма?
Қандай нәтижеге жетті?
Материалдық жағдайы қандай?
Ертең бізді асырай алады ма?
Жұмысы тұрақты ма?
Осындай тағы да басқа дүниелік сұрақтарға жауабыңызды алу
керексіз. "Махаббат болса болды, екеуміз қол ұстасып
барлығына бірге жетеміз",- деген ол керемет сөздер. Ол өте
күшті сөздер. Маған бұл сөздер әрқашан ұнайтын. Бірақ
уақыт өте келе бұл сөздің мән-мағынасы жойылып келе
жатқандай.
Некеге дейін...
172
Иә, біздің ата-анамызға бұл сөздер кәдімгідей мотивация
болатын. 20-30 жыл бұрын біз туылмай жатып, ата-анамыздың
қолында түкте болған жоқ қой? Қазір ондай жағдай емес.
Адамдар өзгерді, жастар өзгерді.
Біз қазір сол 50 жастағы адамдардың әңгімесін тыңдасақ айтуы
мүмкін: -бірге жетесіңдер, барлығына да бірге жетесіңдер,- деп
айтуы мүмкін. Ал қазіргі жас жігіттердің түрлеріне қарасаң
сенімділік жоқ. Мен осы адамға 100% сенемін, ол ертең мені
аштан қалдырмайды,- деп айтуға қорқамыз. Қазір тіпті ата-
анамыз да бізге не деп айтады? "Оқып ал, дипломыңды ал,
ертең Құдай біледі не болып қалатынын, өз күніңді өзің
көретіндей бол, ешкімге сенбе,бір өзіңе ғана сен",- деп бізге
қазірдің өзінде миымызға құйып жатыр. Сондықтан сіздерге
берер кеңесім, ер адамның жағдайына қарау дұрыс. Жасына
қарай оның жеткен жетістігіне қарау керек. Ол сіздердің ең
бірінші принципіңіз болуы керек.
Мен айтатын ереже - тұрмысқа шығар алдын жүрекпен,
сезіммен, эмоциямен ойламау керек. Тұрмысқа шығатын
кезде ең біріншіден мимен, оймен, санамен шешім қабылдау
керек.
Себебі, жүрек Құдай біледі ертең не істеп қоятынын. Жүрекке
сенім жоқ. Егер ер адам сізді тым болмаса бір рет сатып кетсе,
сіздің жүрегіңіз де сөніп қалады. Адамға 100% сенуге
болмайды. Бір Аллаға ғана сену керек. Тәуекел ететін кезде де,
артықшылықтары мен кемшіліктерін қарау керек, салыстыру
керек. Көзді жұма кете салу ол менің ойымша үлкен қателік.
Ойлану керек. Тапсырманы орындап жазыңыздар.
Жігіті жоқ қыздар бар болса, бөлек тапсырма. Ер адамның
жағдайына қатысты шарттарды жазу керек. Мысалы: сіздің
қазір жасыңыз 22-де немесе 23-те болса, жағдайына қарай
шартты жазасыз. Ер адам менен үш жасқа үлкен болу керек.
26-да. Оның тұрақты жұмысы болу керек. Көлігі, үйі болмаса
бұл қалыпты. Немесе міндетті түрде болуы керек, мен үшін
бұл шарт. Соның бәрін жазып шығыңыз.
Некеге дейін...
173
Манипуляторлардың 7 приемы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |