Жиынтық бағалау: бөлім, ортақ тақырыптар бойынша бағалау үдерісі



бет1/9
Дата04.09.2022
өлшемі1,08 Mb.
#38411
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жиынтық бағалау: бөлім, ортақ тақырыптар бойынша бағалау үдерісі
Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі және Kundelik.kz жүйесінің ерекшеліктері («Өрмекші» әдісі және «Венн диаграммасы», салыстырмалы кесте арқылы талдау)

« Критериалды бағалау » терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.


Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.




  • Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Смайликтер», «Бес саусақ», «Бағалау ағашы», «Мадақтау сэндвичі», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет