Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
Модерацияға дейін:
білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;
жиынтық жұмыс үлгілерін іріктеп алады (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды);
жеке мәліметтерді шифрлайды, білім алушылардың жұмыстарын модерацияға дайындайды.
Модерация кезінде:
білім алушылардың жұмыс қорытындысын әріптестермен талқылайды, барлық балдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне
өзгерістер енгізеді;
отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
модерацияны ескере отырып, өзгеріс енгізу қажет білім алушылардың барлық жұмыстарын қайта қарастырады. Мұндай жағдайда жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдардың өзгеруі де мүмкін;
білім алушының жұмысына соңғы нақты балдар қойылады;
соңғы нақты балдар электрондық журналға қойылады.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар: ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы (конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып табылады.