жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1.Массасы 7 г иіс газының (СО); (а) зат мөлшерін (b) құрылымдық бөлшектер санын есептеңіз.
[2]
Массасы 2,2 г көмірқышқыл газының зат мөлшерін есептеңіз.
0,05 моль
0,25 моль
1 моль
2 моль
[1]
3.Табиғи отындар туралы дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.
Табиғи отын жану үшін өте көп энергия қажет және бұл процесс эндотермиялық деп аталады
Табиғи отындар жанған кезде көп энергия бөліп шығарады және бұл процесс экзотермиялық процеске жатады
Табиғи отын жану үшін өте көп энергия қажет және бұл процесс экзотермиялық деп аталады
тек 1
тек 2
тек 3
1 және 2
[1]
4.Суретте зат күйінің бір күйден екінші күйге
ауысуы көрсетілген. Осы кездегі зат күйі мен олардың арасындағы энергия өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.
__________________________________________
__________________________________________
________________________________________[3]
5.Озон қабаты жер шары үшін маңызды рөл атқарады. Озон қабаты жерді күн сәулесінен тікелей түсетін ультра күлгін сәулелерден (күн радиациясынан) қорғап, жер бетіндегі тіршіліктің жалғасуына әсер етіп тұрады.
Озон қабатының бұзылуына әкелетін екі факторды көрсетіңіз:
1) ________________________________________
2) ________________________________________
Озон қабаты бұзылған жағдайда туындайтын кері әсердің біреуін атаңыз:
_____________________________________
[3]
6.(a) Авогадро заңын толықтырып жазыңыз.
Тұрақты қысым мен температурада әр түрлі газдардың бір молі ___________________________________________________________________ алады.
Зат мөлшерлері 1,5 мольге тең оттегі, озон және сутегі газдарының қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеңіз.
7.Зертханада көлемі 5,6 л (қ.ж) көмірқышқыл газын алу үшін қажет:
Тұз қышқылымен әрекеттесетін кальций карбонатының массасын есептеңіз.
Осы кезде түзілген тұздың зат мөлшерін есептеп жазыңыз.
[4]
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |