«Биосфера, экожүйе және популяция».«Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Байланысты:
4-osh bzhb biologija 8-syn az
Бөлімше
Экожүйелердің жалпы құрылымы. Су және құрлық экожүйесі.
Популяцияның негізгі қасиеттері және құрылымдық ерекшеліктері. Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдері.
Жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері.
Тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдері.
Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызы.
Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын.
Оқу мақсаттары
экожүйелердің жалпы құрылымының сызбасын жасау ;
су және құрлық экожүйелерін салыстыру
популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау ;
ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттеу
жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтау
тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау
Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Экожүйедегі заттар ағынының айналымына қатысатын компонентті анықтайды
Су және құрлық экожүйелерін салыстырады
Популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайды
Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттейді
Жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтайды
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды
Тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіреді
Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалайды
Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіреді
Достарыңызбен бөлісу: