Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада да болады. Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі.
Су барлық тірі ағзаның құрамында бар. Адамның, өсімдіктер мен жануарлар денесінің белгілі бір бөлігі судан тұрады.
Су – негізгі тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ . «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек.
Тірексөздер:
Cұрақтарға жауап бер.
Су атмосферада не түрінде кездеседі?
«Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесің?
тапсырма
Суды неліктен «тіршілік көзі» деп санайды?Судың тіршілік үшін маңызы туралыәңгімеле.
3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау