«Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Алғашқы адамдардың өмірі
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері
Тапсырма 1. Төменде берілген ұғымдарды тиісті қатардың біріне орналастырыңыз.
1. Бірнеше ондаған туыс адамдар топтасты.
2. Ұжым тұрақсыз болды.
3. Бірлесіп шаруашылық және қоғамдық істерді шешті.
4. Еңбек құралдары ортақ болды.
5. Жыртқыш аңдардан қорғану үшін топтасты.
6. Ортақ қалыптасқан тіл болмады.
7. Ортақ тіл мен дәстүр қалыптасты.
8. Кездейсоқ құрылым түрі.
Тобыр
Ру
2. Төмендегі кестені толтырыңыз.
Археологтар
Зерттеу аймақтары
К. Ақышев
Ә. Марғұлан
Х. Алпысбаев
3. Андронов мәдениетінің ең басты белгілерін берілген бөлімдер бойынша анықтаңыз. (Тірек-сызбаны толықтырыңыздар)
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ежелгі көшпелілер өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Қазақстан территориясында темірдің игерілуі
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы
Оқу мақсаты
5.4.2.2 Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
5.2.2.6 Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
5.2.1.2 Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Металл өндірудің шаруашылыққа ықпалын сипаттайды
Көшпелілер өркениетінің жаңалықтарын анықтайды
Ежелгі адамдардың дүниетанымын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
Картаға көшпелі мал шаруашылғы, жартылай көшпелі және отырықшы шаруашылықпен айналысқан аймақтарды белгілеңдер
2. Берілген тұжырымдардың ақиқат, жалғандығын анықтаңыз.
Тұжырымдар
Ақиқат
Жалған
Жылқыны алғаш қолға үйреткен – ботайлықтар
Киіз үйдің алғашқы түпнұсқасы андрондықтарда қолданылған
Көшпелілер өркениеті тек Қазақстанда қалыптасты
3. Сұрақтарды мұқият оқып, оларға жауап беріңіз.
Киіз үйдің құрылысын жазыңдар?
Ежелгі адамдардың дүниетанымын анықтауда қателіктер жібереді
Ежелгі адамдардың дүниетанымын анықтайды
«Сақтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
«Алтын адам» археологиялық олжасы
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету
5.3.1.2 Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сақ тайпаларының қоныстану аумақтарын картадан көрсетеді
Сақ тайпалық одағының Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бірлестік екенін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
Кескін картаға сақ-массагеттерді, сақ-исседондарды, аргиппей, аримаспылардың, тиграхаудалардың мекендеген аумағын әр түрлі түсті пайдаланып, белгілеңіз.
Сақ тайпалық бірлестіктердің құрылу алғышарттарын таңдап, шаршы ішіне жинақтаңыз. Артық анықтамаларды сыртында қалдырыңыз.
1. Сақ тайпаларында әскери демократия түріндегі қоғамдық құрылыс қалыптасты.
2. Сақтар ерте темір дәуірінде Қазақстанда қалыптасқан тайпалық одақ.
3 . Сақ тайпасында билік мұрагерлік жолмен берілді.
4. Сақтар өз ішінде бірнеше тайпаға бөлінді
5. Сақтардың негізгі тілі түркі тілі болды.
6. Сақтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
7. Сақтар мәдениетінде «аңдық стиль» қалыптасты.
8. Сақтарды абыздар басқарды.
9. Сақтардың ең көне қаласы-Есік қаласы.
10. Сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген.