– молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
– температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
8.3.2.2 – жылу берілудің түрлерін салыстыру
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
Тапсырма Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ молекулаларын, бағдаршалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын сипаттайды. Ұзын бағдарша жоғары жылдамдықты сипаттайды.
Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен?
[1]
Абсолют нөл температураның мәні қандай? А) 273 °С
В) 100 °С
С) 0 °С
D) -273 °С
[1]
Массасы 5 кг мырыш бөлігін 100 ºС-қа қыздыру үшін 20 кДж энергия берілді. Мырыштың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз.
[2]
1 суретте энергияның суда тасымалдануын зерттейтін екі тәжірибе көрсетілген.