● Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды;
● Элементтер қасиеттерінің топтар мен периодтарда заңдылықпен өзгеретінін түсіндіреді;
● Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттайды;
● Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атайды және олардың таңбасын жазады;
● Периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиетін болжайды.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма 1. Элементтердің келесі қатары берілген. Берілген тұжырымдар мен химиялық элементтер арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
Тұжырымдар
Химиялық элементтер
1) элементтің 6 электроны бар
A) Ag
2) элементтің 7 нейтроны бар
B) Al
3) элементтің 5 энергетикалық деңгейі бар
C) N
4) элементтің протон санының мәні 3-ке тең
D) Li
5) элементтің соңғы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар
E) C
1) ___ 2)___ 3)___ 4)____ 5)___
[2]
2. a) Берілген кесте бойынша дұрыс жауаптарды анықтаңыз.