Әртістік, сөйлеу шеберлігі үшін ең жоғары балл саны
|
10
|
Шешендік өнер көрсеткені үшін ең жоғары балл саны
|
25
|
№ 4 қосымша
«Жыл оқушысы» конкурсына қатысушының
портфолиосын дайындауға әдістемелік ұсынымдар
"Жыл оқушысы" конкурсына қатысушының портфолиосы екі бөлімнен тұрады.
Портфолионың бірінші бөлігі мыналарды қамтиды:
Конкурсқа қатысушының сауалнамасы (флеш-жинақтауышта WORD бағдарламасында терілген электрондық нұсқа міндетті).
Конкурсқа қатысушының көркем фотопортреті (цифрлық, түрлі-түсті, көлемі 10-нан 15-ке дейін). Электрондық нұсқа – флеш-жинақтауышта міндетті!
3. Білім беру мекемесі әкімшілігінің ұсыныс-сипаттамасы.
4. Барлық оқу жылындағы табельдердің көшірмелері, биылғы оқу жылының бірінші, екінші және үшінші тоқсанындағы мақтау қағаздары;
5. Өмірбаяндық фактілерге негізделген қатысушының эссесі (өзі теңескісі келетін адам туралы, арманы туралы, өміріңіздегі ең жарқын оқиға туралы әңгіме). Эссе көлемі 3 беттен артық емес, Arial қарпі, 12 кегль, жоларалық интервал бір, жиектері-сол жақта – 3 см, оң жақта – 1 см, жоғарғы және төменгі жағы 1,5 см. (флеш-жинақтауышта WORD бағдарламасында терілген электрондық нұсқа міндетті).
6. Оқушының білім, шығармашылық және спорттық жетістіктерін растайтын конкурсқа қатысушының дипломдары, грамоталары, сертификаттары және алғыс хаттары (жақсы сапалы көшірмелері) – Портфолионың бірінші бөлімінің негізгі мазмұндық компоненті болып табылады.
Портфолионың бірінші бөлімі оқушының ең маңызды шығармашылық, жобалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сонымен қатар оның оқу және шығармашылық қызметінің негізгі нысандары мен бағыттарын сипаттауды қамтуы мүмкін: ғылыми конференцияларға, байқауларға, оқу лагерлеріне қатысу, элективті курстардан өту.
Оқушының шығармашылық белсенділігін білдірудің бұл формалары оның сипаттамасында көрініс табуы мүмкін.
Осы Портфолио бөліміндегі жазбалардың болжамды нұсқалары:
(зерттелген материалдар, атауы, беттер саны, иллюстрациялар және т. б. көрсетіледі);
(жобаның тақырыбы көрсетіледі, жұмыстың сипаттамасы беріледі, қосымша фотосуреттер түрінде болуы мүмкін);
(жұмыстардың тізбесі беріледі, көрмелерге қатысу тіркеледі);
Шығармашылық белсенділігінің басқа да нысандары: оқушылар театрына, оркестрге, хорға қатысу. (мұндай сабақтардың ұзақтығы, гастрольдер мен концерттерге қатысуы көрсетіледі);
Әртүрлі практикалар: тілдік, әлеуметтік, еңбек, педагогикалық (практика түрі, оның өткен орны, оның ұзақтығы белгіленеді);
Ғылыми конференцияларға, оқу семинарларына және лагерьлерге қатысу.
(іс-шараның тақырыбы, оны өткізген ұйымның атауы және оған оқушының қатысу нысаны көрсетіледі);
(жарыстарға қатысу, спорттық разрядтың болуы туралы жазба жасалады).
Портфолионың екінші бөліміне пікірлер, оқушының шығармашылық, ғылыми-зерттеу, жобалық жұмыстарына шолулар кіреді, мысалы,
Орындалған жұмыстың сапасы туралы қорытынды (оқушылардың ғылыми қоғамында)
БАҚ-та жарияланған мақалаға рецензия
Қосымша білім беру мекемесінің шығармашылық ұжымындағы жұмысы туралы пікір
Ғылыми жетекшінің, жоба жетекшісінің немесе базасында жұмыс орындалған ұйымның пікірі.
Жаттықтырушының оқушылардың спорттық жетістіктері, оның спорттық дайындығы туралы пікірі.
Портфолионың нысанын рәсімдеу еркін болуы мүмкін және конкурсқа қатысуға ұсынылған оқушының жеке тұлғасы, ішкі әлемі және қабілеттері туралы түсінік қалыптастыруға болатын шығармашылық, авторлық көзқарасты қамтиды.
Автор: Мүсіреп Сәуле
25.04.2022 года
Достарыңызбен бөлісу: |