Кіші жүз үш жүз ішіндегі ең көп жерді иеленген аймақтардың бірі.Ол Жайық пен Тобылдан бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр.Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен , Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Астрахань, Саратов және Орынбор губернияларымен,батысында Каспий теңізімен, шығысында Ұлы және Орта жүз жерлерімен шектеседі.
ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясы құрамына өткен Жайық пен Еділ өзендері төменгі ағысы аралығында болды. Олар кейін Бөкей ордасының негізін салған хандықты немесе Ішкі Орданы (географиялық орналасуы бойынша) құрды.
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерді хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді.Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындықтарын түсінді. Екіншіден, Ресей императоры Ордадағы ішкі мәселелерді шешуде Бөкей мен оның мирасқорларын орыс үкіметі сойылын соғатын қолшоқпарлар ретінде ғана таныды.
Басқару жүйесін өзгерту, хандық билеп-төстеу саясатының күшеюі, сондай ақ алым-салықтар көлемінің жылдан-жылға ұлғаюы қазақтар өмірінде дәстүрлі хұқылардың әлсіреуіне, шондар-феодал топтардың билеп-төстеуінің күшеюіне, халықты езіп-жаншудың тереңдей түсуіне алып келді.
Бөкей ордасындағы ауылдық-қауымдық жерлерді ірі орыс помещикьері Юсупов пен Безбородконың, хан туыстары мен басқа да ақсүйек топтардың иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы, патшаның және Астрахань губернаторының қолдануына арқа сүйеген Жәңгір билігінің бұқара мүддесіне қайшы келуі-жалпы хандық басқару жүйесін шайқалтты.
Жыл сайын хан сарайына өткізілуге тиісті алым салық қазақ шаруаларына ауыр болды.
Ата-бабаларының жерінде көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін де арнайы салық төлеген қазақтардың жағдайы тіпті қиындады.
Көтеріліске 1883 жылы Жәңгір ханның өз қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлы Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болды.Әрине, Жәңгір ханның әділетсіздігі мен қазақ шаруаларына рақымсыздығы да халықтың наразылығына әсер етпей қоймады.
Көтерілістің негізі қозғаушы күші-қазақ шаруалары.Сонымен қатар оған старшын,билердің де бірқатар өкілдері қатысты.
Көтеріліске старшындар Исатай Тайманұлы,Махамбет Өтемісұлы басшалық етті.Қозғалыстың белгілі басшыларының арасында Исатайдың серіктері Сарт Еділұлы, Иманбай Қандыбайұлы тағы да басқа бұқара арасынан шыққан көтерелістің аяғына дейін жан аямай алысқын ерлер еді.
1812 жылы Бөкей хан Беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындаған.1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекіткен.Исатай халық арасында ептілігімен,тайынбайтын қажырлығымен көзге түсті.
Алғашында Жәңгірдің сарайына,хан отбасына жақын жүрген Махамбет шаруалардың қапас өмірін көріп,шешен, суырып салма ақындық өнерін шонжарларды түйреп, сынауда шебер пайдаланды.
Қозғалыстың басты мақсаты-хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер мәселелеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
1836 жылдың Жәңгір мен оның құйыршықтарына қарсы көтерілісі қозғалысқа айналды.
Орынбор губернаторы В.А. Перовскийдің талабымен Исатайды қамауға алу үшін атаман Покотилов 1837 жылдың қазан айының 2-інде 200 казактан тұрған отрядпен Исатайды қолға түсіруге талпынуы іске аспады
Исатайдың күшейіп бара жатқанынан шошыған Жәңгірді қолдаушы старшындар 1836 жылдың Махамбет ауылына тұтқыилдан шабуыл жасап, малдарын айдап,дүниелерін талады.
1837 жылдың Махамбет басшылығымен Жәңгірдің сыбайласы би Балқы Құдай бергенұлы аулын ойрандады.
700 казак әскерінен,400-дег астам хансұлтан жасақтарынан тұрған жазалаушылардың негізгі бөлігі қылыш,садақ,найзамен ғана қаруланған Исатай күшіне қарсы тұрды
Исатайдың жақын серіктері:Махамбеттің інісі Смайыл Өтемісұлы, Достықан Жәнібекұлы, Алдаяр Шонайұлы, Мұстафа Темірбекұлы, В. А. Перовскийдің нұсқауымен әскери сотқа берілді.
Бөкей ордасының қашқан қазақтар,отаршылдық тепкісіне шыдай алмаған шаруалар Исатай төңірегіне тағы да топтасты:1838 жылдың қаңтар айының басында қатары жүзге жеткен Исатайдың жасағы Шошқакөл маңайына,Горск бекісіне жақындап,Орал әскери шебіне қауіп төндірді
Көтерілістің осы кезеңінде Исатайдың мақсаты Кіші ордаға қайта оралып,Жәңгір мен оны қолдаушыларға соққыны күтпеген жерден беру,көтерілісті бүкіл Ішкі ордаға тарату,Нарын құмында бекініп,Жәңгірден өшін алуды,орыс помещиктері басып алған жерлерді оның иелері-қазақ шаруаларына қайтару еді
1838 жылдың шілде айының 12-сі күн екі жақтың қарулы күштері Ақбұлақ деген жерде ақырғы шайқаста кездесті.Зеңбіректерден жауған снарядтар көтерілісшілер қатарын бірден сиретіп,үрей туғызды.Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып,атып өлтірді.
Генерал-губернатордың тікелей араласуымен көтерілістің белсенді басшылары-Қожахмет Өтемісұлы, Бекен Сарұлы,Танрық Нұржанұлы және Балабек Нұржанұлы 500 адамдық қатардан дүре соғылып өткізіліп,8 жылға Ригаға қара жұмысқа айдалды,кейіннен денсаулықтары жарамаса Иркутск губерниясына жер айдау ұйғарылды
Исатай көтерілісін басуда ерекше көзге түскен сұлтан,би,старшындарға офицерлік шен,ақшалай,заттай қымбат бұйымдар берілді.
Көтеріліс жеңілгеннен кейінгі жылдарда да қазақ руларының ауыр жағдайы негізінен өзгермеді.Әсіресе шұрайлы жерлерді казак әскерінің жаппай басып ала бастауы мал шаруашылығының көшу кеңестігін тарылты.
Феодалдық езгіге қарсы бас көтерген қазақтардың басты талаптары:хан мен сұлтандарға Жәңгірден аластау үшін, Жайықтан Кіші жүзге өтуге рұқсат алу.
Орынбор шекара коммисиясы Жәңгірдің талабы бойынша екеуін де абақтыға жапты.Лаубай Мантайұлының Исатай Тайманұлы көтерілісіне қатысқандығы анықталды.Махамбет Өтемісұлы мен Исатайдың серіктерінің бірі Қалдыбай Иманбайұлымен кездескендігі мәлім болды.
1847 жылы Лаубай Мантайұлы түрмеде өлді.Аббас Қошайұлы,Мұса Айболатұлы,Пірәлі Жәнібекұлы,т.б. қозғалыстың басшылары сот үкімімен Лифляндия инженер корпусының қарамағына қара жұмысқа айдалды
Исатай мен Махамбет Кіші жүздегі ,Ішкі ордадағы барлық көтерілісшілер отрядтарының бастарын қоса алмады алмады,Сұлтандық топ пен Жәңгір сарайының, хан туыстарының алым-салықты жылдан-жылға көтеруіне белгілі дәрежеде шек қойылды.Көтерілістің тарихи маңызы жоғарыда көрсетілген салдарымен түсіндіріліп қоймайды.Бұл қозғалыс Ресеймен іргелес әкімшілік-территориялық өлкеде ХІХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлттық ауданды қамтыған ірі әлеуметтік қозғалыс болды
Достарыңызбен бөлісу: |