Жыл Туған табиғатты аялайық



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі158,25 Kb.
#11106

                                                          08.10.2013 жыл 

Туған табиғатты аялайық 

 

Қарағанды   мемлекеттік  техникалық  университетінде  Елбасы  Н.Назарбаев 



үстіміздегі 

жылдың 


мамыр 

айында 


 қол 

қойған 


 Қазақстан 

Республикасының  «Жасыл экономикаға» кӛшу тұжырымдамасының  мақсаттары 

мен міндеттерін түсіндіруге арналған аймақтық семинар болып ӛтті.   

Оны ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, БҰҰ Даму Бағдарламасы, «Астана 

«ЭКСПО – 2017»  Ұлттық компаниясы АҚ  және Қарағанды облысының әкімдігі 

ұйымдастырды.  Семинар  «Қарағанды  облысының  «Жасыл  экономикаға»  ӛтудегі 

әлеуетін бағалау» деген тақырыпты қамтып,  мемлекеттік органдар мен ӛнеркәсіп 

орындарының,  ғалымдар  мен  практик  экологтардың   арасында  қызығушылық 

тудырды. 

Семинарға  қатысушылар   алдымен   университет  фойесінде   «ЭКСПО  –  2017» 

Ұлттық  компаниясының  мұрындық  болуымен  «Жасыл  экономика»  саласында 

облыста қол жеткен жетістіктерді баяндайтын арнайы кӛрмені қызықтады.  Онда 

энергияның қайта қалпына келетін  кӛздерін дамыту, ӛнеркәсіп қалдықтарын іске 

жарату, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта энергияны үнемді пайдалану, ор-

нықты ауыл шаруашылығын дамыту және экожүйелерді басқару  мәселелеріндегі 

жетістіктер паш етілді.  Семинарға қатысушылар қарағандылық ғалымдардың осы 

саладағы ізденістеріне жоғары баға берді. 

–  Біз  шын  мәнінде таңғалдыратын  жобаларды  ӛз  кӛзімізбен  кӛрдік,– деп  ағынан 

жарылды   ҚР  қоршаған  ортаны  қорғау  вице-министрі   Талғат  Ақсамбиев 

семинарды  ашарда  сӛйлеген  сӛзінде.  –  Мемлекет  басшысы  атап  ӛткеніндей, 

«Жасыл экономикаға» кӛшу – Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуға 

мүмкіндік  береді.  Қарағанды  облысы  –  елдің  аса  ірі  индустриалдық 

орталығы.   Кейінгі  жылдары  біз  ӛнеркәсіп  қалдықтарының  қоршаған  ортаға 

тасталуының  азаюы  тұрғысында  жақсы  істерді  байқап  отырмыз.  Бұл  жұмыс 

«Жасыл экономика»  тұжырымдамасына сәйкес жалғасын тауып, халықтың ӛмір 

сапасын  арттыруға  әкеледі.   Әсіресе,  экологиялық  таза  және  аз  қалдықты 

ӛнеркәсіп  технологияларын  ӛндіріске  енгізудің маңызы зор. Қазақстанның 2050 

жылға  дейінгі  Стратегиясына   сәйкес  жасалған  «Жасыл  экономикаға»   кӛшу 

тұжырымдамасының да басты мақсаты осы болып отыр.  

Соның  ішінде   2050  жылға  қарай  электр  энергетикасында   баламалы  кӛздерден 

энергия  ӛндіру   50%,   ауыл  шаруашылығында  2020  жылға  қарай  алқаптардың 

ӛнімділігі  1,5  есе  артуы  тиіс,  халықты  сапалы  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету 

проблемасы шешіліп, ішкі жалпы ӛнімнің энергия сыйымдылығы 2015  жылы 10 

пайыз, ал 2020 жылы 25 пайыз тӛмендемек. 

БҰҰ  Даму  бағдарламасы  тұрақты  ӛкілінің   орынбасары  Екатерина  Паниклова 

«Жасыл  экономикаға»  кӛшу  тұжырымдамасы  Қазақстанның  алдына  зор 

перспективалар ашады,  соның айқын дәлелі осында ұйымдастырылған кӛрме, деп 


атап  ӛтті.  Ал,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Даму  бағдарламасы  бұл  жұмысқа 

белсене қатысатын болады. 

ҚарМТУ  ректоры,  академик  Арыстан  Ғазалиев  Қазақстанның   тұрақты  дамуы 

жолында  «Жасыл  экономиканың»  рӛлі  мен  маңызы  туралы  әңгімеледі.   Ол 

университет  ғалымы,  практик  –  инженер  Николай  Александрович  Дриждтің 

басқаруымен  Қарағанды  бассейнінде  метан  газын  кӛмір  қабаттарынан 

сорып   алып,  қажетке  жарату  жӛніндегі  жұмыспен  таныстырды.  Бұл 

перспективалы  бағыттағы  ізденісті  практикаға  енгізу  үшін  республикалық 

деңгейде қаржы бӛлу мәселесі қаралуда.  

Облыс  әкімінің  орынбасары  Қайрат  Айтуғанов  облыста  «Жасыл  экономикаға» 

кӛшу  тұжырымдамасы  аясында  қандай  істер  атқарылып  жатқандығы  туралы 

егжей-тегжей   баяндады.  Тарихи  мысал  ретінде  ол   шахтерлер  астанасында 

террикондар  деп  аталатын  жасанды  тӛбешіктерді  рекультивациялауды  еске 

салды.  Бүгінде  соның жалғасы сияқты қатты тұрмыстық қалдықтарды  ӛңдейтін 

кешен  құрылысына  инвестициялар  салудың  негіздемесі  жасалды.  Мұның  ӛзі 

Қарағанды  мен  оның  қанаттас  қалаларының  экологиялық  жағдайын  едәуір 

жақсартпақ. 

 Сондай-ақ,  баяндамашы   Шет  ауданындағы   «Азат»   шаруа  қожалығында  күн 

энергиясын  пайдалану  тәжірибесін   және   бұдан  бірнеше  жыл  бұрын  қолға 

алынған  «қуаң жерлерді игеру» жобасын да атап ӛтті.  Қоңыратта «Сары қазына» 

ЖШС   гидрометаллургия  әдісімен  техногендік  қалдықтарды  іске  жаратуда. 

Облыста 


тау-кен 

ӛндірісі 

қалдықтарын 

ұқсату, 


бұзылған 

жерлерді 

рекультивациялаудың басқа да мысалдары жеткілікті екен.  

Теміртауда  металлургия  комбинатының  домна  шлактарын  ӛңдеудің  ӛзі  неге 

тұрады?!  Одан  қиыршық  тас  ӛндіріліп,  байыту  қалдықтары  қайырадан 

технологияға  қайтарылады,   отын  ретінде  пайдаланылады,  т.т.  Ӛндіріске 

агломерат,  кокс  ұнтағы,  жолай  қалдықтар,  колошник  шаңы  қайтарылады.  Тұ-

тасымен  алғанда,  комбинатта  қалдықтардың  40  пайызы  қайырадан  ӛндіріске 

жаратылады.  Осындай   қиыршық  тас  алу  технологиясы  Жәйремде   де  ӛндіріске 

енгізілген.  Қалдықтарды ӛңдеу мен залалсыздандыру жұмысына бірнеше шағын 

және 

орта 


бизнес 

кәсіпорындары 

жұмылдырылған. 

Соған 


қарамастан   бүгінде   қалдықтарды  залалсыздандыру  мен  қайыра  пайдалану  ең 

ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

Баяндамашы мұнан кейін облыс кәсіпорындары мен халқын ӛндірістік және  ауыз 

сумен жабдықтау проблемаларына назар аударды.  Судың жалпы кӛлемінің 90%-

ы ӛндірістік мақсаттарға жұмсалады екен және кейінгі 5 жылда оның кӛлемі 24%-

ға  артқан.   Табиғи  су  ресурстарына  антропогендік  әсерді  азайту  үшін  сумен 

жабдықтаудың  айналмалы  жүйесі  пайдаланылады.   Шағын  қалаларды  кешенді 

дамыту  және  салалық  «Ақ  бұлақ»   бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында 

Жезқазған, 

Шахтинск, 

Балқаш, 

Абай 


қалаларының 

су 


тазарту  қондырғыларын   қайта құрып, жаңаларын салу қажет. Балқашта тазарту 

қондырғысы  құрылысының  жобасы  жасалып,  республикалық  бюджеттен 

қаржыландыруға  ұсынылды.  Жезқазған  және  Приозерск   қалаларының  кешенді 

даму жоспарларында тазарту қондырғыларын қайыра құру кӛзделген.  



Сӛзінің  қорытындысында  әкім  орынбасары  «Жасыл  экономикаға»  кӛшу  парник 

газдарын  шығаруды  азайтып,   энергияның  жел,  күн,  термальды  және 

гидроэнергетика сияқты қайта қалпына келетін   кӛздерін дамытуға, экологиялық 

жағынан  қауіпті  және  тиімділігі  тӛмен  ӛндірістерді  алмастыруға  мүмкіндік 

беретіндігін атап ӛтті.  Ал, коммуналдық шаруашылықты жаңарту  су мен энергия 

пайдалануды едәуір азайтады. 

 Семинар жұмысы   энергияның қайта қалпына келетін кӛздерін дамыту, ТКШ-да, 

құрылыс пен жарықтандыруды  энергия тиімділігін арттыру және   орнықты даму 

мақсатында  табиғи  ресурстарды  басқару  мәселелеріне  арналған     екі  сессияда 

жалғасты.  Қатысушылардың  назарына  қарағандылықтардың  ТКШ-дағы  тәжі-

рибесі 

мен 


сынама 

жобасы 


 ұсынылып, 

таныстырылды. 

Қайталап 

айтайық,   қарағандылықтардың   туған  табиғатты  сақтап  қалу  жӛнінде  атқарып 

жатқан жұмыстары қонақтардың жоғары бағасына ие болды. 

 

Аман ЖАНҒОЖИН. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет