Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Жоспар құрып жүр: уақытты үнемдейсің, өмірің



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата20.07.2023
өлшемі0,78 Mb.
#104577
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасыkazyna rkz

24-қағида
Жоспар құрып жүр: уақытты үнемдейсің, өмірің 
реттеледі.


Жоспар құрып жүр: уақытты үнемдейсің, өмірің реттеледі.
Осыдан екі жыл бұрын магистрлік практиканы өту үшін Германияға
жолым түсті. Ол жақта бірде профессорымызбен немістер мен
қазақтардың айырмашылықтары жайлы әңгімелестік. Немістер бәрін
алдын-ала жоспарлап жүреді екен. Мысалы, сабақ кестесі жарты
жыл-бір жыл бұрын әзірленіп қояды және өзгермейді. Бәрі жоспарға
сай жүзеге асады. Өте тәртіпті ұлт қой. Профессорымызды қатты
таңғалдырған нәрсе қазақтардың "Сол жерде шешеміз", "Барғанда
көреміз" дейтіні екен. Ондайды немістер мүлде түсінбейді. Олар
жоспар құрмаса немесе жоспарсыз іске кіріссе, абдырап қалатын
көрінеді.
Осы
тұрғыдан
алғанда,
мен
немістер
сияқтымын.
Жоспарсыз жүрсем, өзімді жайсыз сезінем.
Жалпы ғылыми дәлелденген мынадай ереже бар: жоспар құруға
жұмсалған әр минут оны жүзеге асыру кезінде 10 минутыңызды
үнемдейді екен, яғни, өнімділігіңіз 1000%-ға артады деген сөз. Жалпы
жоспармен жүру дағдым студенттік шақта қалыптасты. Арнайы
блокнотым болатын. Күн сайын бітіруім керек істерді тізіп жазып
қоятынмын. Орындалғанын сызып тастап отырдым. Ерекше сезім
сыйлайтын еді бұл. Қазір күндік, апталық, жылдық жоспарларымды
интеллект карта (mind map) арқылы құрамын. Өте тиімді құрал.
Жоспар құрудың бір пайдалы жері - уақытыңды алдын ала пайдалы
істермен толтырып тастайсың. Нақты не істейтініңді білесің, уақытты
үнемдейсің. Әйтпесе, немен шұғылданатыныңды білмесең, уақытты
бос нәрселерге жұмсайсың. Біреу "кеттік" десе, ере бересің. Күн
соңында "тағы бір күнім бос өтті" деп бармағыңды шайнайсың. Бұл
нәрсе күнде қайталанады. Сөйтіп өмірің де өтеді де кетеді.
Уақыт - шектеулі ресурс. Оны тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы -
жоспар құрып жүру. Жоспармен жүріңіз: өнімділігіңізді еселеп
арттырасыз, өміріңіз мағыналы болады.
49




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет