Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Адамдар сенің жаныңда өзін (1) маңызды және (2)



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#20391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасы

3-қағида

Адамдар сенің жаныңда өзін (1) маңызды және (2) 

қауіпсіз сезінсін. Сонда олардың жүрегіне жол 

табасың.


Адамдар сенің жаныңда өзін (1) маңызды және (2) қауіпсіз 

сезінсін. Сонда олардың жүрегіне жол табасың.

Әр адамның негізгі 2 эмоционалдық қажеттілігі болады: (1) әр адам

өзгелердің оны бағалағанын, маңызды тұлға санағанын қалайды; (2)

әркім өз ары мен намысын ешкімге таптатқысы, ұятқа қалғысы

келмейді, яғни өзін қауіпсіз сезінгісі келеді. Бір ойшылдың сөзі бар

еді: "Адамгершіліктің шыңы - біреуді ұятқа қалудан құтқару" деген.

Біреу сені сынап-мінейтінін немесе келеке ететінін білсең, ондай

адамның жанында болғың келмейді ғой.

Адамдағы осы негізгі 2 эмоционалдық қажеттілікті өтеу үшін "3 алтын

ережені" сақтасаң, жеткілікті. Олар:

(1) адамның ісін, талпынысын бағалайтыныңды білдіру, орайы



келсе, алғыс айту.

Болмашы істің өзіне "рақмет" айтуды әдетке айналдырсаң, ол

өзгелерге кәдімгідей әсер етеді. Келесі жолы саған одан да үлкен

құлшыныспен көмектескісі кеп тұрады. Нақты қандай ісі үшін алғыс

білдіріп жатқаныңды айтсаң, эффект одан да мықты болады.

(2) сыпайылық таныту.

Сыпайылықтың "өзге адам үшін кішігірім қолайсыздықтарға көну"

деген анықтамасы бар еді. Мәселен, есікті ашу, кезекте сәл ығысып

тұру, тб. Сыпайылық таныта білсең, көп келеңсіздіктің алдын алуға

болады


әрі

адамдарға

жылулық

сезімін


сыйлайсың.

(3) құрметтеу.

Өзгені құрметтеудің бір көрінісі: ол сөйлеп жатқанда, сөзін бөлмей,

телефонды шұқылап кетпей, жүзіне қарап, мұқият тыңдау. Аса қиын іс

емес. Бірақ көп адамның бұған шыдамы жетпей ме, әйтеуір, бұл

ереже көп жағдайда бұзылып жатады. Негізі өзгелер іштей "Мынау

қашан әңгімесін бітіреді екен?" деп ойлай бастағанша, сөзіңді

тәмамдап үлгеру керек.

Адамдарды бағалап, сыпайылық танытып және құрметтесең, олар

өзін маңызды әрі қауіпсіз сезінеді. Сәйкесінше, арада жақсы

байланыс, достық атмосфера орнайды.

7





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет