Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет97/102
Дата06.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#99280
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Æûëäàð àðàëû?ûíäà?û çåðòòåóëåðäåã³ åñ³ìä³êòåðä³ æ³êòåóãå ?àòûñòû

Ғ.Бегалиев пен Н.Сауранбаев күрделі етістіктерді құрылысына қарай:
1) екі бөлімді (екі етістіктен құралады, мысалы бере бер, бара жатыр) күрделі етістік;
2) үш бөлімді (үш дара етістіктен, оның екеуі негізгі күрделі етістік және бір көмекші етістік, мысалы, айта бастап еді, кетіп бара жатыр) күрделі етістік;
3) төрт бөлімді (екі дара етістік негізгі, ал екі етістік көмекші болып есептеледі, мысал, шыдай алмай отыр еді, айтып бере алмай қалды) күрделі етістік;
4) бес бөлімді күрделі етістік деп топтастырады. Бірақ күрделі етістіктер тек етістіктерден құралмайды, кейде есім сөз бен етістіктердің тіркесінен тұрады. Бұларды авторлар аралас күрделі етістіктер деп атайды.
Проф. А.Ысқақов күрделі етістіктердің мынадай түрлерін жіктеп береді:
1.Құранды күрделі етістік. 1-компонент есім негізді сөз (негізгі) – көмекші етістік (көмекші қызмет атқарады). Бұлар сыртқы тұрпаты жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да құранды, мысалы: дем ал, жақсы көр, үлгі қыл, ғалым бол. Бұл келтірілген мысалдардың бірінші сыңары зат есім болса, екінші сыңары етістік түрінде құрастырылып, құрандалы тәсілмен жасалған.
Ескерту: Бұл күрделі етістіктер тек семантика жағынан емес, күрделі грамматикалануына қарай, етістіктің барлық парадигмасын жасауға негіз болады. Бұл үлгі бойынша жасалған күрделі етістіктің лексикалық мағынасына бірінші компонент, яғни есім сөз негіз болса, екінші компонент көмекші етістік сол есімді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет атқарады (А. Ысқақов).
2.Құрама күрделі етістік. Бұлардың әр компонентінің лексикалық мағынасы әртүрлі, бірақ әрбір тіркестің лексикалық мағынасы құрамындағы компоненттерінің мағынасынан құралып, бір күрделі мүше ретінде жұмсалатын болып қалыптасқан. Мысалы: алып кел – ал да кел (ал мен келдің жеке тұрғандағы мағынасы бір-біріне ұқсамайды, әрбасқа); алып бар – ал да бар; алып кет – ал да кет, т.б.
3.Сараламалы күрделі етістік. Бұл етістіктерді аналитикалық етістіктер деп атайды, етістік пен етістіктің тіркесінен тұрады. Алғашқы етістік негіз болады да, оған көсемше тұлғасы жалғанады, оған тіркесетін көмекші етістік негізгі етістіктің мағынасын саралайды, жіктейді, бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейді. Айта сал – не болса да айтып жібер мағынасында, айтып қал – қандай жағдай болмасын сөйлеп қал, айтып жібер – деп жібер, үндемей қалуға болмайды, айтып бер –сөйлеп бер, жауап бер мағынасында, т.б. Яғни, әртүрлі мағыналарды саралауға көмекші етістік әсер етіп тұрғаны анық көрінеді.
4.Тұрақты күрделі етістік – идиомаланған тіркестер. Бұлар грамматикалық жағынан бөлшектенбейді, лексика-семантикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіреді, бірбүтін тұл-ғаға айналған күрделі етістік түрі. Мысалы: опық жеді – өкінді мағынасында; жан алқымға алды – қысты, көз салды – қарады, көңіл аударды, т.б. Сонымен, қорыта келгенде, күрделі етістіктер құрамындағы сөздердің мағыналарының жай ғана қосындысы емес, күрделі тұлға, сондықтан олардың семантикасы жаңа болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет