Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР, МАҒЫНАЛАРЫ



бет11/102
Дата06.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#99280
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102
Байланысты:
Æûëäàð àðàëû?ûíäà?û çåðòòåóëåðäåã³ åñ³ìä³êòåðä³ æ³êòåóãå ?àòûñòû

АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАР, МАҒЫНАЛАРЫ

Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші етістіктің бірлігінен
Тұратын, категория мағынасын білдіретін күрделі морфологиялық
көрсеткішаталады. Мысалы: Апам болса, ауданда сырқаттанып жатыр. Ақбөпе екеуміз таңертеңнен айтып жүрміз (Жүнісов). Осы екі
сөйлемдегі сырқаттанып жатыр, айтып жүрміз деген аналитикалық формалы етістіктер -ып жа-тыр, -ып жүр деген аналитикалық форманттар
арқылы нақ осы шақ мағы насын білдіреді. Нақ осы шақтың жүйесі
бойынша бұл форманттарға жіктік жалғауы тікелей жалғанады. Ол заңдылық сақталған : сырқаттанып жатыр дегенде3жақ болғандықтан, онда жіктік жалғау жоқ, ал айтып жүрміз дегенде жіктік жалғау аналитикалық формантқа тікелей жалғанған.
Қазақ тілі етістіктің аналитикалық формантына өте бай. Етістікте жетпістен аса аналитикалвқ формант бар. Олар:-а ал, =п бақ, -п ал, -п
Аналитикалық форманттардың құрамының түрлі болуына байланысты оларжалаң және күрделенген аналитикалық форманттар болып
бөлінеді.Жалаң аналитикалық форманттарға бір морфемалы
(0емес), екі морфемалы (п ал), үш морфемалы (ғысы кел) аналитикалық форманттар жатады. Бүл сөз одан әрі өрбіген жоқ. Көштің алды адырдан бері шығып қалыпты
(Әуезов). Мұнда 0 жоқ, -ып қал форманттары қолданылған. Олар - 0 жоқ форманты бір морфемадан тұрады,
оның алдындағы бұрынғы өткен шақ көрсеткіші (-ген)
өз мағынасында қолданылған,0 жоқ оған болымсыздық мағына қосып
тұр, ып қал екі морфемалы аналитикалық формантқа жатады. Тілдегі аналитикалық формант негізінен екі морфемалы форманттардан тұрады. Үш
морфемалы форманттар да өте аз: -ғысы кел,
Аналитикалық форманттар құрамы жағынан әр түрлі болады. Олар күрамында қанша көмекші етістіктің болуына байланысты бір көмекшілі, екі-үш көмекшілі болып келе береді. Мысалы, батып барады, күйіп барсі-ды десек, мүндағы аналитикалык. формантта (-ып бар) тек бір ғана бар толымды көмекші етістігі катысып түр. Ал, осы аналитикалық етістікті батып бара жатыр, ку-йіп бара жатыр деп айтатын болсақ, мүндағы аналити-калық формантта (-ып бара жатыр) бар, жат деген екі толымды көмекші етістік қатысып түр. Міне, осылайша құрамындағы көмекші етістіктердің бір немесе бірнеше болуына байланысты аналитикалык форманттар жалаң және күрделі аналитикалық форманттар болып, екі топ-қа бөлінеді.
Мысалы, егер аналитикалық формант -п ал, -п бер, -п қой, -п еді т. б. сияқты бір көмекші етістікті болса, аналитикалық форманттын дара түріне жатады, егер аналитикалық формант -п қоя берді, -п кеп қалды, -п кеп жібер сияқты болса, аналитикалық форманттың күрделі түріне жатады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет