Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет38/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

Деректі, дерексіз зат есімдер

[А.Байтұрсынұлы, 199-200-б.]
А.Байтұрсынұлы еңбектерінде адамның сезім мүшелері түгел қамтылған: «Зат тегінде екі түрлі: біреулері – көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері – көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар. Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді «зат есім» дейміз»

[Н.Оралбай.«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»]
Зат есім сөздердің бәрі заттық ұғымды білдіргенімен, олардың іштей айырмашылықтары бар. Мысалы.Ескі, бозарған үйді көрсе, оның көңіліне аяныш, мұң кіретін еді (С.С.). Осы сөйлемде үй, көңіл, аяныш, мұң деген зат есім сөздер қолданылған. Осындағы үй деген сөзді оқығанда, айтқанда оның сыртқы тұлғасы, адам тұратын жай, орын екенін бірден көзге елестетуге болады, оны басқа еш нәрсемен ешкім шатастырмайды. Ал, көңіл, аяныш, мұң деген зат есім сөздердің мағынасында ондай нақтылық жоқ. Жалпы алғанда, қазақша сөйлейтін адам олардың мәнін түсінеді, бірақ біреуге аяныш, мұң болып көрінген жай екінші адамға дәл солай көрінбеуі де мүмкін. Өйткені олар адамның көңіл-күйіне, сезімталдығына т.б. ой- санасына байланысты, олардың нақтылы түр-нұсқасы жоқ, ақыл- оймен танылады. Осымен байланысты, зат есім сөздер деректі, дерексіз болып, екі үлкен топқа бөлінеді.


Деректі зат есім сөздер деп көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын, түрі, түсі, тұлғасын көзбен елестетуге болатын адамды қоршаған нақтылы заттардың атаулары саналады.Мысалы, тау, тас, ағаш, гүл, қала, ауыл, озен, көл, адам, хайуан, қоян, түлкі, көше, су, нан, орындық, аспан, жер т.б. Адам бұл сөздердің мағынасын олардың түрі, түсі, дәмі т.б. белгілері арқылы таниды.

Дерексіз зат есімдер деп мағынасы оймен танылатын заттық ұғымды білдіретін зат есім сөздер аталады. Мысалы, ақыл, ҳуаныш, қайғы, үміт, талап, жақсылық, білім, сана, ықпал,т.б. Бұл дерексіз мәнді зат есім сөздердің мағынасын ойлау, топшылау әрекеттері арқылы ғана түсінуге болады, өйткені олардың нақтылы тұлғасы, сыртқы белгісі жоқ. Сондықтан оларды әркім әр түрлі түсінуі мүмкін. Мәселен, біреудің білімін әркім әр түрлі бағалайды, өйткені оның нақтылы көлемі, салмағы, аумағы жоқ.
Құрамы жағынан алғанда, тілде деректі зат атаулары өте көп, дерексіз мағыналы зат есім сөздер дәл олардай емес.
Грамматикалық түрленуі жағынан оларда үлкен айырмашылық жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет