Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» 333-340 беттер бойынша



бет63/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» 333-340 беттер бойынша:
Үстеу сөздер заттың әр қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік, күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары арқылы да беріледі.
Мағына жағынан әуелгі төркіндерінен бөлініп, лексикалық мазмұны жағынан қимылдың алуан түрлі күй-жайларын білдіретін сөздер үстеуге жатады. Тіліміздегі бірге, бірде (кейде деген мағынадағы), бірден, кенеттен, лажсыздан, кейде, шалқасынан, жүресінен, зорға, жатқа, босқа, текке, қапыда, абайсызда, ертемен, мұнда, алда, артта, осында сияқтанған үстеулердің барлығы да көнелену жолымен қалыптасқан үстеулер.
Қазақ тілінде осындай көнелену тәсілі арқылы біржолата үстеуге айналған, немесе, мағына жағынан екі жарылып, сараланып, дмек, бір жағынан, үстеуге айналса, екінші жағынан, өздерінің әуелгі лексикалық топтарының да (мысалы: есімдердің де) қатарында қалып жүрген сөздер көп. Мұндай сөздер, әсіресе, жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктердің формаларында жиі ұшырайды.
Сонымен, үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін, (некен-саяқтап қана түрленетін), лексика-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.
Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөдуге болады: 1) негізгі үстеулер 2) туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаарға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеуге мынадай сөздер жатады: әрең (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері,төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеш, нағыз, сәл, дәл, тек, мейлінше, әншейін, тым, тіпті, аса, өте, әбден, мүлде, төтенше, ерекше, орасан, т.б.
Туынды үстеулер деп басқа сөзтаптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз. Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:
a) жалаң туынды үстеулер
b) күрделі туынды үстеулер.
Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды
үстеулер дейміз.
Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я одан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз.
Үстеу сөздер мағынасына қарай топтастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет