Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


МАҚСАТ ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



бет70/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

50. МАҚСАТ ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ.
Үстеулер — қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, максатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Кеше гана шуак өріп жамырап, Тірлік біткен калып еді жадырап (М.Макатаев). Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесе дүние бекер екен (Ш.Сариев). Берілген мысалдардағы кеше, осылай сөздері үстеу болып табылады. Осы сөйлемдердегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, кашан? деген сұраққа жауап берсе, осылай сөзі қимылдың сын бейнесін білдіріп, калайша? деген сұракка жауап беріп тұр. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері, кейін, соң, бұрын т.б. бұл сөздер амал- әрекеттің мезгілін, мекенін т.б. белгілерін білдірсе ғана үстеу болады.
ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі — оның лексика-семантикалык ‘сипаты. Үстеу амал-әрекеттің эр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындык, себептік, мақсаттык сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты ,олар мынадай магыналық топтарга бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері. 2. Мексн үстеулері. 3. Молшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.
Мақсат үстеулері кимылдың максатын білдіреді. Максат үстеулерге жататын сөздер сан жагынан көп емес. Олар: эдейі, жорта, қасакана. Мысалы, — Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саган көрсетермін провалды!- деп айқай салды (Ш.Жиенқұлова).
Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т. б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі, келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді т. б.


51. МЕЗГІЛ ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
А. Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» еңбегінде: «Мезгілдік үстеу дейміз – істің мезгілін көрсететін сөздерді. Мезгілдік үстеу болатын зат есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу екен-емесін сұраудан айырамыз. Мезгілдік үстеу сұраулары қашан? қашаннан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөз мезгілдік үстеу болмайды.
Атам заманнан солай, күн сайын толады дейміз. «Атам заманнан», «күн сайын» деген сөздер қашаннан? қашан? деп сұрағанға жауап болады (қашаннан солай? – атам заманнан, қашан толады – күн сайын). Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Мұнан басқа туынды һәм түпкі үстеулер бар. Мәселен:
бүгін, кеше, ертең, биыл, бүрсі күн (бұрнағы күн), бұрнағы жыл, алдыңғы күн, алдыңғы жыл, соңыра, қашаннан, ілезде (бұлар туынды үстеу), бұрын, мана, әлі, тағы, дәйім, дереу (бұлар түпкі мезгілдік үстеулер)»
А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді де, қашан? қашаннан? сияқты сұрауларға жауап береді.
Мезгіл үстеулері аса көп. Оларға, мысалы, мынадай сөздер жатады: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, қазір, енді, кешке, әлі, ендігәрі, екіншәрі, бұрын, әуел-баста, ерте, кеш, күндіз, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, күні бүгін, күні кешке, бүгін таңда, күн ара, күн бойы, қыстыгүні, қыстай, жаздай, ала жаздай, күні-түні, анда-санда, кей-кейде, енді-енді, оқтын-оқтын, оқта-текте, кейде, әлгінде, әрқашан, әлдеқашан, осындайда, апақ-сапақта, таң сәріде, ежелден, баяғыдан, әуелден, қазірде, ұдайы (әр уақытта), т.б.
Үстеудің жасалуы:
1.Синтетикалық (морфологиялык) тәсіл: -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.
2.Лексика-семантикалық тәсіл:
а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.
ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.
3.Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден әрі), т.б. ә) сөздердің тіркесі мен идиомаланған тіркестер: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет