56. НӨЛДІК ФОРМА Кейбір жағдайларда ешбір грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикальщ мағына беріліп отырады. Ол грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан мүлде бөлек болады. Яғни эңгіме категориялық грамматикалық мағына жайында. Міне, сондай арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей түрып-ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына білдіруді нөлдік түлга (форма) деп атуға болады, өйткені арнайы көрсеткіші, формалық түлғасы болғанмен, сыртқы түрі түбірмен сәйкес келсе де, онда түбір білдіретін мәннен бөлек арнайы грамматикалық мағына болады. (Әр уакытта нөлдік форманы түбір формамен салыстырып отыруының басты себебі, біріншіден, екеуінің сырт тұлғасы, формасы сәйкес ьолуында, екіншіден, түбір — әр түрлі грамматикалык форма жасауға негіз болатын тұлға).
Нөлдік тұлға сырт қараганда түбір тұлғасымен сәйкес келгенмен, сөз түбірінің барлығы жеке-жеке грамматикалық нөлдік форма бола алмайды, ол тек грамматикалық форма жасауға негіз болады. Грамматикалық нөлдік форма болу үшін ол тұлға түбір күйіндегіден өзгеше грамматикалық мағына білдіріп, белгілі бір топтағы түрлену жүйесінің бір түрі болып саналып, сөйлеу процесінде белгілі бір тұрақты өзіне тән қызмет атқаруға тиісті. Сондыктан да кейбір грамматикаларымызда «зат есімнің жекеше түрі», «сын есімнің жай шырай түрі», «негізгі етіс» деген жеке грамматикалық тұлға ретінде беріліп жүрген атаулардың өзі дұрыс емес екендігін көреміз. Өйткені бұлар белгілі бір грамматикалық категорияның өзіне тэн грамматикалық нөлдік формасы бар бір түрі бола алмайды. Грамматикалық формалар — сөйлеу кезінде сөздерді дэнекерлеп, оларға эр түрлі грамматикалық мән-мағына үстеп, бір-бірімен қатынасын көрсетіп тұратын, сөйлемде ғана қолданылатын сөйлеу (речь) элементтері. Сондықтан нөлдік тұлғаның мағыналық қолданылуы, аткаратын қызметі жағынан алғанда белгілі шеңбері болады.
Осы тұрғыдан келсек, атау септіктің табиғаты бұлардан бүтіндей ерекше. Атау септіктің арнайы грамматикалық көрсеткіші болмағанымен, түбір тұлғалы сөзбен екеуі бір емес. Олардың айырмашылығы сөйлемдегі колданылу ерекшеліктерінен, атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Атау септік тұлғасы басқа септік формаларын жасауға негіз болып тұрмайды, атау септік — баска септіктермен терезесі тең септік тұлғасы, бұл тұлғалы сөздің өзіне тән білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі болады: ол — қимылдың грамматикалық субъектісі, бастауышы болу, заттық-атауыштық магына білдіру, баяндауьіш формасымен өзінің магынасы арқылы белгілі жақта қиысьіп тұру. Грамматикалық мағына білдірудің бірден-бір тәсілі тек қосымшалар жалгану арқылы ғана емес екені тағы белгілі.
Нөлдік форма пардигмалық сипаты бар грамматикалық түрлену жүйесінде, тұлғалары бар сөз байланыстырушы сипаттағы таза грамматикалык категория шеңберінде ғана болады. Нөлдік форманың ерекшеліктері де, баска ұқсас тұлғалардан айырым белгісі де сол жүйенің аясында, сол пардигмалык жүйенің басқа түрлерімен, бір жағынан, қарама-кайшылықта, екінші жағынан, бірлікте тұруы арқылы айқындалады. Бұл — бір ерекшелігі. Екіншіден, нөлдік форма қазақ тілінде сөз байланыстырушы тұлғалар (жалғаулар) жүйесінде ғана болып, өмір сүре алады, өйткені нөлдік форманың шын мәнінде грамматикалық форма ретінде тілде өмір сүруі тек бір грамматикалык мағынаны білдіруімен ғана емес, сонымен бірге ол тұлганың синтаксистік қызметі мен сөздерді байланыстыруынан айкындалып көрінеді. Грамматикалык мағынаның формасыз берілуі, оның бар болуы оның байланыс кызметінен көрініп отырады, яғни нөлдік форманы сіктайтын бірден-бір тілдік фактілер — оның сөз байланыстырушы касиеті.