Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет80/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.
Сапалық сын есім сын есімнің негізгі түп қазығы, негізгі ұйытқысы. Өйткені сапалық сын есімдерге кішірейту, ұлғайту, жұрнақтары және үстеме буындар жалғанып түрленеді.


Қатыстық сын есімдер деп бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білідіретін сын есімдерді айтамыз. Мысалы, Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар дегендегі балалы, баласыз деген сөздер үйдің баласы бары-жоғын білдіріп тұр.
Қатыстық сын есімдер қай сөзден жасалса, сол сөздің мағынасымен байланысып кейде сол сөзге синоним сияқты болып тұрады. Мысалы, Аталық борыш, синонимі атаның борышы.


Сапалық сын есімдердің арнаулы формалары арқылы шырай категориясы жасалады. Қазіргі қазақ тілінде негізінен сапалық сын есімдерге ғана қосылатын шырай жұрнақтары бар. Мыс: -ғылт, -ғылтым, -шыл тек түсті білдіретін сапалық сын есімдерге жалғанып, сол түстің бәсеңдеу реңін білдіреді. Қалыңдау, жұқалау, қызғылт, т.б. Одан басқа сапалық сын есімдер күшейтпелі мағынада жап-жасыл, боп-боз тәрізді үстеме форманы қабылдайды.

Сапалық сын есімдер түстерден басқа да көптеген сынды білдіреді: көлем, заттық қасиет, шек т.б: алыс, жақын, жас, кәрі, жаңа т.б.

Сапалық сын есім негізінен заттық мағынада болмай , ол тек логикалық, абстракты мағынада қолданылады. Қатыстық сын есімдер затпен тікелей байланысты. Мысалы «таулы» деген сөз сын есімнің мағынасы тау сөзімен тікелей байланысыьы. Өйткені тауы жоқ жерді таулы деп атамас еді.

Қатыстық сын есімдер – бір заттың, я құбылыстың екінші бір затқа қатысын көрсететін, толық абстрактанып кетпей, бастапұы заттық төркінімен мағыналас, негізгі ұғымымен сыбайлас, шартты категория. Қатыстық сын есім негізгі сөз таптарынынң қай-қайсынан болса да белгілі қосымшалар арқылы жасала алады. Қатыстық сын есмідердің ерекшелігі болу, келу, е көмекші етістіктерінен басқа етістік баяндауыштармен тіркеспейді. Көптеген сапалық сын есімдер қимылды анықтай берсе, қатыстық сын есімдер негізінен үстеу қызметінде жұмсалмайды. Осы сияқты кейбір сапалық сын есімдер де тікелей етістікпен тіркесе бермейді. Кейбір қатысық сын есімдер морфологиялық тәсіл арқылы да, синтаксистік амал арқылы да шырай формасын жасай алмайды. Мсыалы, арбалы кісі деген тіркесті өте арбалы кісі, аса арбалы кісі, немесе тым арбалы кісі деп айтуға тіпті де болмайды. Ал, сапалық сын есімдер шырай тудыруда барлық күйшейтпелі үстеме формаларын қабылдай береді. САпалық сындар сол қалпында күйшейтпелі, я салыстырмалы формасыз-ақ қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет