Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Түбір мен туынды морфеманың ерекшелігі



бет94/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

74. Түбір мен туынды морфеманың ерекшелігі
Негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түрлері түбір морфема (немесе негіз морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді. (Аханов, 1978,271-6.).
Морфема атауы екі түрге бөлініп қаралып жүр: түбір морфема және қосымша морфема.
Оқы, оқы және оқы. Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. Оқушылардың көбі жақсы оқиды деген сөйлемдердегі оқумен байланысты сөздер мынадай морфемаларға бөлінеді: оқы, бұйрық райдың жекеше 2-жақ анайы нөлдік тұлғасы, лық, ған, ды, у, шу, лар, дың, й, ды. Осындағы оқы - түбір морфема. Бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы тұлғасы - сен оқы - бұдан бөлек, лар түбір мен нөлдік тұлғадан тұратын сөз формалары. Сөйлемде оқы және кел деген етістіктер түбір күйінде емес бұйрық рай тұлғасында қолданылған, ал түбірі - бұйрық мағынасыз қимылды ғана білдіретін етістік. Бұл сөйлемдердегі кел, бала, көңіл, ықылас, тоқы, көп, жақсы дегендер де осы сияқты түбір морфемалар, өйткені оларды бүгінгі тіл даму тұрғысынан әрі қарай бұдан кіші морфологиялық бөлшектерге бөлуге болмайды және осы бөлшектер негізінде құралатын сөздердің негізгі мағынасын білдіріп тұрады. Демек, түбір морфема құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі, негізі. Түбір морфема жаңа сөз жасаудың ұйтқысы болып табылады. Түбір сырлас дегенге сыр деген сөздер негіз болған. Сондықтан да бұлардың әрқайсысында да негіз болған сөздермен мағыналық байланыс, жақындық көрініп тұр. Негіз сөздің мағынасынан туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады, өйткені негіз сөздің мағынасына жұрнақтың мағынасы қосылады. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема -туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да жаңа сөз болсын оның мағынасы түбір морфема білдіретін мағынамен байланысты, соған қатысты болып отырады. Түбір морфема қазақ тілінде әдетте сөздің бас позициясында болады. Қазақ тілінде префис деген тұлға жоқ, бірақ беймаза, бетбақ, бейқам. бейкүнә, наразы, нақұрыс т.б. сияқты иран тілдерінен енген сөздердегі бей (би), на қазақ тілінде сол күйінде қолданылады.
Міне осындай ерекшеліктердің негізінде кейде түбір морфема мен сөз сәйкес келе береді. Ал осы түбір морфемаларсыз қосымша морфемалар өз алдына біреуі болсын, бірнешеуі болсын я жеке тұрып ешбір мағына бере алмайды, немесе өз бетімен қолданылмайды: ойла, ойлы, тасты, тастардың, үйшік сияқты сөздердің ла, лы, ты, тардың, шік дегенде ешбір мән жоқ. Осы жағынан карағанда түбір морфемалар ең негізгі морфемалар болып саналады. Олар жеке тұрып-ақ белгілі бір мағына бере алатындықтан, ешбір қосымша морфемаларсыз-ақ кейде сөйлеу процесінде (сөйлем ішінде) қолданыла береді, белгілі синтаксистік қызмет те атқара алады. Бірақ бұл жерде мына мәселені ескерген жөн. Грамматикалық тұлғалары мол, әсіресе байланыстырушы тұлғаларға бай сөз таптары – зат есім мен етістік. Ал сөз байланыстырушы, сөз түрлендіруші парадигмалық жүйелері жоқ немесе дамымаған сөз таптары сөйлеу процесінде (түбір тұлғаларында) қолданыла береді. Мысалы, сын есім, сан есім, үстеулер көбіне түбір тұлғасында жұмсалады. (Тіпті туынды түбір тұлғасында болса да). Мысалы: Арқаның Көкшетауы (С.С.). Ерте туып, кеш қалып сияқты сөйлемдерден кербез, сұлу сын есім, ерте, кеш үстеуі өздері қатысты (анықтап, пысықтап тұрған) сөздермен (Көкшетау, ерте, тұрып, қалған) түбір тұлғада тікелей орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан. Ал зат есім мен етістік түбірлердің жайы басқаша. Зат есім сөйлемде таза заттық мағынада (заттың аты мәнінде) түбір тұлғада қолданылмайды, өзі тіркескен екінші бір зат есіммен (тас жол, ағаш үй) тіркесіп, оның сындық сипатын, көмекші етістікпен, септеулік шылаулармен тіркесіп, заттың қимылға ауысу процесін (мысалы, дос болу, сөз етті, әңгіме қылды т.б.) сондай-ақ мақсаттық, себептік, мекен-мезгілдік т.б. мәндерді (мысалы ауыл сайын, бала үшін, радио арқылы т.б.) білдіреді. Зат есім сөйлемде басқа сөздермен септік, тәуелдік белгілі жағдайда ғана жіктік жалғау тұлғаларында тұрып грамматикалық байланысқа түсе алады. Ал етістік түбір, жоғарыда көрсетілгендей, тікелей жіктелмейді, таза грамматикалық (рай, шақ) тұлғалары үстеліп барып жіктеледі, сондықтан түбір тұлғасында басқа сөздермен тікелей грамматикалық байланысқа түсе алмай, сол түбір күйінде сөйлемде қолданыла алмайды. Түбір морфеманың осындай ерекшелігі сөз табына қатысты болуы олардың грамматикалық сипатының бір көрінісі болып табылады. (Исаев, 1998, 210-6.).

Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы жалғап та жұмсала береді. Осымен бірге түбір морфемалар қайталанып (қора-қора қой, мая-мая шөп), қосарланып (аяқ-табақ, жол-жоба), бірігіп те (желбау, ашудас бір-бірімен тіркесу арқылы күрделеніп те он жеті, қара торы, тас бақа, темір жол) жеке сөз ретінде қолданыла береді және оларға тілдің құрылымдық заңы шеңберінде қажетінше қосымша морфема үстемелей алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет