21. Күрделі сөздердің ерекшеліктері Сөздер грамматикалық тұрғыдан құрамына қарай дара және күрделі сөздерге бөлінеді . Бұл турасында С. Исаев: « Сөздер құ рамы жағынан дара және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді . Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейміз . Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді . Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер ( бүгін , жаздыгүні , алғысөз ) , қос сөздер ( үлкен - кіші , аяқ - табақ ) , қысқарған сөздер ( АҚШ , БҰҰ ) , тіркесті сөздер ( қара торғай , қара көк ) болып бөлінеді . Сөйтіп , күрделі сөздер , бір жағынан , сөз тудырудың белгілі бір жолдары ( біріктіру , қосарлау , тіркестіру ) арқылы жасалған жаңа сөздер болса , екінші жағынан , күрделі түбір , сөйтіп , түбірдің бір түрі болып табылады » ( Исаев С. Қазақ тілі . - Алматы , 1998 ) .
Басқа ғалымдарда кездеспейтін тіркесті сөздер терминін ұсынған С. Исаев , мұндай сөздердің екі я одан да көп сөздердің тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөзге жататынын , мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болса да , бөлек жазылатынын ескертеді . Мысалы , боз торғай , сөз таптары , қара торы , т.б. Соңғы жылдары күрделі атаулардың құрылымдық жүйесі уәждеме , сөзжасамдық уәжділік теориясы тұрғысынан қарасты рылады .
Б. Қасым күрделі сөз тұтастылыққа құрылған бір атау ретінде қызмет етеді , ал әрбір атау пайда болған кезде бір құбылысқа уәжделіп барып жасалады деп санайды . Оларды біріккен , кіріккен атаулар , қосарлы атаулар , қысқарған зат атаулары ( қысқарымдар ) , тіркесті зат атаулары деген түрге бөледі . Оларға құрылымдық , мағыналық тұтастық тән деп санайды . Жаңа заттар мен құбылыстардың мазмұнын бұрын нан белгілі дара сөздер жеткізе алмайтын жағдайда күрделі сөздердің мүмкіндігі мол екенін ескертеді және олардың тұрақты тіркестерден ерекше екенін , табиғаты жағынан тіркестерден сөзге жақындығын ай тады ( Қасым Б. Қазақ тiлiндегi заттын күрделі атауларының теориялык негізі . - Алматы , 2002 ) .
ХХ ғасырдың басында қазақ ғалымдары күрделі сөздер ту ралы ішінара өз пікірлерін білдіре бастады . А. Байтұрсынов сөз тұлғаларын түбір сөз , туынды сөз , қос сөз , қосалқы сөз , қосымшалар деп бөлді ( Тіл тағылымы . – Алматы , 1991 ) . -
Қ . Жұбанов түбір сөз , қосымшалы сөз , кіріккен сөз , қиюлы сөз , қосар сөз , қосалқылы сөздердің ішінде күрделі деп арнайы атамағанмен , кіріккен сөздер мен қиюлы сөздерді , қос сөздер ді күрделі сөздерге жатқызады ( Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . - Алматы , 1999 ) . Қорыта айтқанда , күрделі сөздерді бірбүтін тілдік бірлік ре тінде танудың үш түрлі критерийі бар , олар : семантикалық , морфологиялық және синтаксистік тұтастық . Күрделі сөздердің дара сөздерден синонимі болмайды . Мысалы , бозторғай - торғайдың аты , оны дара сөзбен басқаша атау мүмкін емес . Ал қас пен көздің арасында фразеологиялық тіркесінің дара сөзден синонимі бар , ол – тез , жылдам . Қас пен көздің арасында фразеологиялық сөз тіркесі тез , жылдам сөздерінің эквивалент болып тұр . Фразеологиялық сөз тіркестері түрленгенде әр сыңары же ке - жеке , әрқалай түрленсе , күрделі сөздер тұтастығын сақтап өзгереді : салы суға кету - салың суға кетіп , салысы суға кетті , са лым суға кетті ; тасбақа - тасбақаға , тасбақамен , тасбақаның ( тастың бақаның емес ) , т.б.
Күрделі сөздер әрқилы жолмен жасалады . Көптеген күрделі сөздер о бастағы тұлғаларын өзгертіп , әрі дыбыстық , әрі мағы налық жақтан қатты өзгеріске ұшырауы мүмкін . Осындай өзге рістердің нәтижесінде мұндай сөздер бір - біріне кірігіп , ықшам далады : биыл — бұл йыл ( жыл ) , сексен – он , ашудас — ашу тас , т.б. Байқалып тұрғандай , бұлар бір ғана екпінмен айтылып , қатты өзгерген , бұлардың бір кездерде же ке - дара сөздер болғанын тек этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болатын дәрежеге жеткен . Мұндай сөздерді А. Ысқақов кіріккен сөздер , түркологтар біріккен сөздер дейді . Ал К. Аханов кіріккен сөздердің қазіргі кезде кәдімгі жалаң сөз дерден еш айырмасы жоқ деп біледі ( Аханов , 1980 , 86 - б . ) . Бұлай ша түрлі атаулармен айту фонетикалық өзгерістерге ұшырамай айтылатын сөздерді біріккен ( « слитные слова » ) сөздер қатарына жатқызады . Құрамындағы компоненттері мағыналық және ды быстық өзгерістерге катты ұшырамай тұтасқан сөздер біріккен сөздер , ал мағыналык жактан бейлексикаланған , дыбыстық жақ тан да катты өзгерген сөздер кіріккен сөздер деп саналады . Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы бойынша бөлек жазылып жүрген тоқ ішек , ащы ішек , су жылан , оқ жылан , бес атар , бет ашар , боз қырау , ит аяқ , көк жөтел , қонақ асы , тоқпан жілік , кәрі жілік , ортан жілік , құлақ бау , тау ешкі сөздерін К. Аханов күрделі сөздер қатарына жаткызады , оларға синтаксистік тіркес деп қарамайды. Бұдан шығатын қорытынды біреу : ол – сөздердің графикалық белгісіне , яғни жазылуына қарап күрделі сөздерге жатқызуға болмайды . Күрделі сөздер әртүрлі сөз табына тән . Мысалы , күрделі сын есімдер қызыл ала , көк ала , қара көк , қара сұр немесе шоқша сақалды , кең маңдайлы ( сын + сын ) ; қасқыр ішікті , түлкі тымақ ты ( зат есім + сын есім ) ; күрделі сан есімдер он бес , жиырма бес , бір мың тоғыз жүз , т.б. және күрделі зат есімдер қайын ене , асық жілік , уық бау , жел бау , т.б. , сондай - ақ күрделі етістіктер кіріп шық , сатып ал , айтып кел , ала кел , қызмет қыл , жәрдем ет , са быр ет , ән сал , көз сал , т.б.