Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет46/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

26 сұрақ (دانىيار)

Қазақ тіліндегі есімдіктерді мағыналық топтарға жіктеуге қатысты пікірталастар
Қазақ тіл білімінің қалыптаса бастағанға дейінгі кезеңдерде түрколог ғалымдардың есімдікке берген анықтамалары бар.А.Н.Кононов “Есімдіктер— щатқа,оның белгілеріне нұсқағанмен,оларды атамайтын және олардың мазмұнын анықтамайтын сөз табы”,-десе,А.М.Щербак:”Есімдіктер белгілі бір контексте зат есімді және сын есімді,сан есімді ауыстырғанмен,басқа есім сөздерден арнайы сөз тудырушы формаларының жоқтығы сияқты жағымсыз белгісімен ерекшеленеді”,- деп бір ерекше сипатын ашып көрсетеді.Түркологиядағы А.Ибатов,М.Томанов сынды ғалымдар есімдіктердің шығуы мен қалыптасуына байланысты мынадай тұжырымдар жасады:
1. Тегінде есімдіктер әуелгі номинацияға ие
2. Олар барлық сөз таптарының қалыптасуына негіз болған.Себебі адам баласының дүниені тануы жалпы заттарды,оның жалпы қасиетін таңбалау арқылы анықталады
3.Еаімдіктің жалпы мағына беруі оның алғашқылық қызметін анықтайды.
Ал қазақ тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде Ақымет Байтұрсынұлы есімдіктерге қатысты бірқатар тұжырымдарды көрсетті.” Есімдік дегеніміз есімдердің яғни зат есімнің, сын есімнің орнына жүретін сөздер. Мәселен, мұғалім дегеннің орны- на «мен» деймін, саған сөйлегенде атыңды атаудың орнына «мен», «сен», «ол» деген сөздер зат есімнің орнына жүретін себептен есімдік болады.
Есімдік қазақ тілінде 5 тарау болады: 1. Жіктеу есімдігі; 2. Сілтеу есімдігі; 3. Сұрау есімдігі; 4. Жалпылау есімдігі; 5. Танықтық есімдігі”,-деп тұжырымдайды қазақ тіл білімінің негізін салушы.Есімдіктерді беске бөле келіп,әр түріне деке анықтама береді. Жіктеу есімдігі дегеніміз сөйлеген кезде сөйлеушінің, тындаушының һәм бөгдедегілердің жігін ашатын сөздер. Сондықтан жіктеу есімдігі үш жақты болады: 1. Сөйлеуші үшін «мен» дейді, бұл бірінші жақ. 2) Тыңдаушыға сөйлеуші «сен» дейді, бұл екінші жақ. 3) Сөйлеуші өзі мен тыңдаушыдан басқаны «ол» дейді, бұл үшінші жақ.
Сыпайылап сөйлегенде сөйлеуші өзін «мен» деудің ор- нына «біз»22 дейді, тыңдаушыға «сен» деудің орнына «сіз» дейді, бөгде кісіні «ол» деудің орнына «о кісі» (ол кісі) дейді. Сондықтан «біз» бірінші жақ болады, «сіз» екінші жақ болады, «о кісі» үшінші жақ болады. Сілтеу есімдігі дегеніміз – ол нәрсені көрсеткенде айты- латын сөздер. Мәселен, жақын нәрсені көрсеткенде: осы, бұл, мынау дейміз, алыс нәрсені көрсеткенде: сол, анау дейміз. Осы, бұл, мынау, сол, анау деген сөздер сілтеу есімдігі болады.
Сілтеу есімдігінің де жалғыз жалғаулары ғана өзгеріліп қоймайды, өздері де өзгеріңкірейді. Сұрау есімдігі дегеніміз – біреуден бір нәрсе туралы сұрағанда айтылатын сөздер. Адам туралы сұрасақ «кім?» дейміз, басқа заттар туралы сұрасақ «не?» дейміз. Қай нәрсе екендігін сұрасақ «қайсы» дейміз. Нәрсенің сыны тақырыпты сұрасақ «қандай?» дейміз. Нәрсенің дәл санын сұрасақ «не- шеу?», «неше?» дейміз. Нәрсенің саны емес, шамасын сұрағанда «қанша?» дейміз. Нәрсенің қатарда қайсы екендігін сұрасақ «нешінші?» дейміз. Мезгіл туралы сұрасақ «қашан?»дейміз. Кім?, не?, қайсы?, қандай?, нешеу?, неше?, қанша?, нешінші?, қашан? деген сөздер сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктерінің бірсыпырасы есімдерше, бірсыпыралары есімдікше өзгереді, бірсыпыралары бұлардың бәрінде де басқаша өзгереді. Шектеу есімдігі дегеніміз – нәрсенің шегін айта сөйлегенде айтылатын сөздер. Мәселен: бәрі, барша.
«һәр» деген сөз өзі шектеу һәм басқа сөздерге де қосылып, шектеу есімдігінің орнына жүреді. Мәселен, һәр кім, һәр бір, һәр қайсысы уа ғайри сондай сөздер.
Танықтық есімдігі дегеніміз – нәрсенің жоқтығын яки анық белгілі еместігін яки түгел еместігін көрсеткенде айтыла- тын сөздер. Мәселен: һешкім, һештеме, дәнеме, Һешбір. Бұлар жоқтықты көрсетеді. Кей, Қайсыбір – бұлар түгел еместігін көрсетеді. Біреу, әлдекім, әлдене – анық, белгілі еместігін көрсетеді.
Ешкім, һештеме, дәнеме, біреу, әлдекім, әлдене деген сөздердің есімдерше жалғаулары ғана өзгереді. Яғни тәуелдік ғана жалғаулары қосылады
Яғни бұл жердегі басты мәселе тагықтық/шектеу есімдіктері.Қазірде қолданыстағы өздік есімдігі жеке есімдік ретінде емес шектеу есімдігіне қосқан.Ақыметтегі нәрсенің жоқ екенін немес толық еместігін көрсететін есімдіктерді танықтық есімдігі деп береді.Кейінгі Қ.Жұбанов,С.Аманжолов,Ғ.Бегалиев,Н.Сауранбаев сынды ғалымдарда нәрсенің жоқтығын білдіретін сөздер”болымсыздық есімдіктері” ал толық,түгел еместігін көрсететін сөздер “белгісіздік есімдіктері” деп қолданылып жүр.Сонымен қазақ тіл білімі қалыптаса бастағаннан кейінгі кезеңдерден бастап,еуропоцентризмнің салдарынан есімдіктерге қатысты бірқатар өзгерістер еніп,тек есімдіктерге емес жалпы қазақ тіл біліміне өзгерістер еніп,қазақ тілінің грамматикасы бұзыла бастады.Оған кінәлі деп ғалымдарымызды кінәләй алмаймыз,себебі оларды солай істетуге мәжбүр болды.
Сонымен өз пікірім,қазіргі грамматикада қолданыста жүрген есімдіктің жеті түрі бар.Атап айтсақ,өздік есімдігін жеке есімдік ретінде қосқан.”Өз” деген түбірден шықса болды өздік есімдігі.Бір ғана түбірден,бір ғана сөзден ешуақытта категория жасалмайды.Қате тұжырым.Белгісіздік/болымсыздық есімдіктері ретінде ешкім,ешбір,кейбір,қайсыбір,әлдекім,әлдене сияқты сөздер жүр.Ал бұлардың барлығын жеке жеке бөліп қажеті жоқ.Нәрсенің жоқтығын,түгел еместігін,анық белгілі еместігін көрсетсе болды “танықтық есімдігі” деп берген абзал.Енді жалпылау есімдігіне қатысты айтсам.Жалпылау есімдігіндегі жалпы адамдарға қарата айтылатын бәрі,барша секілді сөздер жалпылықты білдіріп,жалпыны көрсетіп тұр.Дәл осындай өздік есімдігінде де жеке адамға қатысты,жекелікті көрсетіп тұр.Екеуінде де шектеу мән тұр.Яғни жалпылау мен өздік есімдігі де жалпы мен жекені көрсетеді.Сол себепті бұл есімдіктерді шектеу есімдіктері деп қарастырған абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет