Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Қазақ тіліндегі сан есімнің мағыналық топтарын жіктеуге қатысты пікірталастар



бет58/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

39. Қазақ тіліндегі сан есімнің мағыналық топтарын жіктеуге қатысты пікірталастар
Сан есімдердің сөз табы ретіндегі ерекшелігі олардың сөз таптары жүйесіндегі орны, мағыналық сипаты, қызметі және басқа сөз таптарымен арақатынасы негізінде анықталады. А. Байтұрсынұлы сан есімді нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер ретінде анықтаса, Қ. Жұбанов сан есімді «заттың не істің сан белгісін көрсететін, реттік үстеуін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш күйінде өзі мен анықталушысының аралығына зат есім анықтауышты амалсыз салатын, сын есім анықтауышты еркін салатын түбір» деп сипаттайды.
Ғалым А. Байтұрсынұлы сан есімдерді есептік, реттік және темілдік сан есімдер тәрізді үш топқа бөліп, заттың есебін көрсететін сан есімдерді есептік, ретін көрсететін сан есімдерді реттік, ал нәрсенің бүтіні емес, бөлшегінің санын көрсететін сан есімдерді темілдік деп атайды. Бұл топтастыруда жинақтау сан есімдері есептік сан есімдердің бір түрі ретінде қаралса, темілдік сан есімдер қатарындағы сөздер жарты,жарым,ширек сан есімге жатпағанымен, сан есімнің бұл түріне берілген анықтама бөлшектік сан есімдердің сипатына сәйкес келеді. А. Ысқақов, Н.Оралбай сан есімдердің есептік, реттік,болжалдық,жинақтық,топтық,бөлшектік сан есім тәрізді алты тобын бөліп көрсетеді. Қазақ тілі морфологиясына қатысты ғылыми еңбектерде сан есімдердің мағыналық топтарға бөлінуінде а йтарлықтай өзгешелік болмағанымен, қазақ грамматикаларында олардың аталуы мен саны жағынан бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде сан есімдер мағынасына қарай есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, бөлшектік сан, жинақтық сан болып бес түрге бөлінсе, «Қазақ тілінің грамматикасы» мен «Қазақ грамматикасында» есептік,реттік,жинақтық,болжалдық,бөлшектік,топтық болып алты топқа бөлінеді.
40. Қазақ тіліндегі сан және шама категориялары. Қанша? және неше? сұрақтарының мәні
Тілде сан-мөлшер категориясы адам түйсінген, тілдік құралдар арқылы концептуалданған түрде ғана көрініс табады. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде де сан мен шама категориялары өзара жіктелгенін байқаймыз. Оған ғалымның мына тұжырымдары дәлел бола алады:
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір,екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиыр- ма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз, мың, миллион.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? деп яки қанша? деп сұ- раймыз.
Неше? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге, мәселен: неше кісі келеді?» – үш кісі келеді.
Қанша? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге емес, ша- масын ғана білуге, мәселен: «қанша күн жүресің?» – «үш-төрт күн жүремін».
Тойда неше кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі болды? деп сұрайды, үйткені тойдағы кісілердің анық санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұралады. Жауап беруші тойдағы кісілердің анық санын айта алмай, шамасын ғана айтады, мәселен, «екі жүз кісі болды» демейді, «екі жүздей кісі бол- ды» дейді.
Жоғарғы келтірілген мысалды: «Неше кісі?» дегенге «үш кісі» деген сөз жауап; қанша кісі дегенде «екі жүздей кісі» деген сөз жауап; басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша» дегенге «екі жүздей» деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы сияқты неше? қанша? деп сұрауға жауап болатын һәм нәрсе- нің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.
(А.Байтұрсынұлы. Тіл-құрал. 51 бет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет