44. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҮСТЕУЛЕРДІ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРҒА ЖІКТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРТАЛАС
Үстеулер қимыл, әрекеттің мезгілін, мөлшерін, мақсатын себептерін білдіруіне қарай мынандай сегіз түрге бөлінеді.
1) Мезгіл үстеулер. 2) Мекен үстеулер. 3) Мөлшер үстеулер. 4) Сын-бейне үстеулер. 5) Күшейту үстеулер. 6) Мақсат үстеулер. 7) Себеп салдар үстеулері. 8) Топтау үстеулері.
1) Мезгіл үстеулер етістікпен тіркесе қолданылып, қимыл қозғалыстың уақытын аңғартады. Мысалы:бүгін, кеше, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-санда, т.б. Мезгіл үстеулер: қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап береді.
2) Мекен үстеуі деп қимылдың орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан?сұрауларына жауап беретін үстеулерді айтамыз. Олар: ілгеріде, әрде, кері, жоғары, төмен, жолшыбай т.б.
3) мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қашан? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мыс: онша, сонша, оншалық, соншалық т.б.
4) Сын-бейне үстеуі қимылдың сан түрлі бейнесін, орындалу амалын аңғартып, қалай? қалайша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте т.б.
5) Мақсат үстеулер. Қимылдық мақсатын білдіреді. Мысалы:әдейі, жорта, қасақана т.б.
6) Күшейту (я ұлғайту) үстеулер заттың сынын, қимылын өзін, немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де қалай? қандай? Деген сұрақтарға жауап береді. Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең , әбден, ылғи, тіпті, тым, жоқ, нық, мүлдем т.б.
7) Себеп – салдар үстеуі олардың себебін я салдарын білдіреді. Оларға мынандай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге т.б.
8) Топтау үстеулері амалдық және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, көрсетілгеніне, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, он-ондап, көп-көптен,топ-тобымен, рет-ретімен, үйді-үйіне т.б.
45. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҮСТЕУЛЕРДІ ТОПТАСТЫРУҒА ҚАТЦСТЫ ҰСТАНЫМДАР
Ақымет Байтұрсынов «Тіл – құрал». 193-194 беттер бойынша:
Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді. Мәселен: «тым жақсы», «он есе», «тап өзі», «әрең келдім» уа ғайри сондай.
«Қалай?» – «тым жақсы», «қанша?» – «он есе», «қайсысы?» – «тап өзі», «қайттің?» – «әрең келдім».
Қазақ тілінде түпкі үстеу сөздер тіпті аз. Көбінесе, үстеу мағынасында басқа есімдерден, есімдіктен, етістіктен шыққан сөздер жүреді. Әуелі түпкі үстеу сөздерді алып қарайық:
Сан есім һәм есімді күшейтуші үстеулерді жай үстеу дейміз, олар мынау: әбден, тым, тіпті, хас, сірә, есе, тaп, нақ, нағыз, әрең, дәл, дөп, дейім, әрі, бері, әбден, бұрын, енді, мана, әні, міне, ең, ылғи, таман, сайын, әлі, жария, жорта, дік.
Үстеу бес түрлі: 1) Нықтаулық. 2) Сынаулық. 3) Өлшеулік. 4) Мезгілдік. 5) Мекендік.
Достарыңызбен бөлісу: |