Келер шақ
| |
-ар, барар, келер
| |
Осы шақ
Нақ осы шақ
|
Жазамын
Жүр, жатыр, жүр, отыр
|
Өткен шақ
Баяғылық
Бұрынғылық
|
-ды -ді, -ты, -ті;
-ған екен;
-ушы еді.
|
А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеуші басқа ғалымдардан артықшылығы – тілдің типологиялық ерекшелігін біліп, тілдік тұлғаларды дұрыс ажырата білуі мен қазақ тіл білімі ғылымына қатысты терминдерді ана тілімізде беруі.
Қ. Кемеңгерұлы:
Келер шақ: жазар
|
Прошедшее постоянное: -ушы еді, -атын еді
|
Осы келер шақ: жазамын
|
Прошедшее определенное: -ып
|
Таза осы шақ: жүр, жатыр, отыр, тұр.
Күрделі түрі: -п отыр, тұр, жатыр, жүр.
|
Прежде-прошедшее І: -ған еді
Прежде-прошедшее ІІ: -п еді
|
Несовершенное прошедшее: жазды
|
Давнопршедшее: -ған
|
Преждепрошедшее: -ған + е
|
|
Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбанов етістік мәселесінде оның шақ категориясының тілдік табиғатына мейлінше терең бойлаған. Ғалым шақ түрлерін үшке бөліп қарастырады да, әрі қарай жіктеп, таратып береді.
Өткен шақтың мағынасын сөйлеп тұрған кезден бұрын болған істі білдіру деп, оны 9 топқа бөледі:
Айғақ өңді өткен шақ. Істің болғанына айтушы куә, айғақ бола сөйлейді. Мысалы: жазыпты, оқымапсың, білмеппіз.
Аулақ өңді өткен шақ. Істің болғанын айта тұрып, өзі басы-қасында болмағанын қоса білдіреді. Мысалы: жазған, оқыған соң, көргенбіз.
Мойындау өңді өткен шақ. Істің болған не болмағанын мойындай сөйлейді. Мысалы: жазған, оқыған соң, көргенбіз.
Күмән өңді өткен шақ. Мысалы: жазған шығар.
Айғақ баяғылық. Ертеде істің болғанына не болмағанына айғақ бола сөйлейді. Мысалы: жазып еді, жазған еді.
Аулақ баяғылық. Сондай ертеде өткен істің болғанынан не болмағанынан аулақ болғанын қоса білдіреді. Мысалы: жазған екен.
Әдетше баяғылық. Ертеде өткен істің әлденеше рет болып, әдет болғанын айтады. Мысалы: барушы едім, баратын едім.
Опық баяғылық. Ертеде өткен істі опына хабарлайды. Мысалы: баратын едім.
сы шақ түрлеріне байланысты қазіргі грамматикаларда ауыспалы осы шақ деп аталатын түрін «дағдылы осы шақ» деп атап, нақ осы шақты «дәл осы шақ» деген атаумен береді. Сонымен қатар дәл осы шақ құрамын төрт қалып етістігінің негізгі етістікке тіркесуіне қарай олардың мағыналарын негізге алып, кіші топтарға бөліп жібереді. Яғни автордың пікірінше, жатыр етістігі өзі тіркескен етістікке осы уақытта болып жатқан жалпы іс-әрекетті білдірсе, ал жүр жатырға қарағанда нақтылау, отыр етістігі аталған екі етістіктен де дәл қазіргі болып жатқан іс-әрекетті білдіреді, ал тұр тап қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Ғалымның бұл жіктемесінен қалып етістіктерінің мағыналық реңктерін терең тани алғандығын көреміз. Сондай-ақ Қ.Жұбановтың келер шақ түрлеріне байланысты кесімді және тілекті келер шақ түрлері де басқа грамматикаларда айтылмайды. Және де өткен шақты тоғыз түрге бөліп қарастыруы да – ғалымның тілдік мағыналарды жете меңгергендігінің айғағы. Шақтың ішкі мағыналық топтары көбейген сайын тілдік құралдардың функционалдық, жұмсалымдық ерекшеліктерін аша түсуге болады.
Ы. Маманов шақ формаларының мағыналық ерекшеліктеріне баса назар аударған. Шақ түрлерінің атаулары шартты түрде алынған терминдер деп көрсетеді.
Өткен шақ формаларының түрлі жағдайларда кездесетінін атап, олрадың арасындағы айырмашылық әртүрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес, әрқайсысына тән өзіндік семантикасында екендігін дәлелдейді.
Өткен шақ:
|