Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Сөз құрамы,дара сөздер , түбір мен қосымша морфема



бет82/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

63.Сөз құрамы,дара сөздер , түбір мен қосымша морфема
Сөздер құрамына қарай дара, күрделі болып жіктеледі.
Негізгі түбір немесе туынды түбір болатын бір ғана сөзден тұратын сөз дара сөз деп аталады. Мысалы: кеме, тінтуір, ұшақ, оқушы, қала, құрлық, т.с.с.
Лексикалық мағынасы бар, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін сөз бөлшегі негізгі түбір немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы: су, ауа, бала, ана, ет, бас, т.с.с.
Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөз туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Мысалы: балалық, бөлшек, білімді, оқулық, көрермен, т.с.с.
Дыбыс пен мағынадан құралған, ең кіші тілдік бірлік морфема деп аталады. Морфема – сөздің ең кіші мағыналы бөлшегі. Морфема өз ішінен түбір морфема және қосымша морфема болып жіктеледі. Мысалы: егінші сөзіндегі түбір морфема – ек, -ін, -ші – қосымша морфема.


Морфема (гр. morphe – түр, тұлға) – сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі, грамматикалық ұғым. Ұғымға алғаш И.А. Бодуэн де Куртене (1881) енгізген. Морфема негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі морфемаға дербес лексикалық мағынасы бар, сөздерге ұйтқы болатын түбірлер (ақ, ек, ұқ, ас, ұр, үр, ер, т.б.) жатады. Қосымша морфемаға жеке лексикалық мағынасы болмайтын, тек грамматикалық мағынаға ие қосымшалар мен қосалқы Морфемалар (-ның, -нің, -ға, -ге, -ын, -ін, -ар, -ер, т.б.) жатады. Қосымша морфема сөз түрлендіруші, сөзжасамдық тұлғаларға және жалғауларға бөлінсе, қосалқы сөздер құранды атауларда жұмсалады. Қосымша морфемалар кез келген түбір морфемаға жалғана бермейді, синтагматикалық және парадигматикалық заңдылықтарға бағынады, араларында мағыналық және тұлғалық мәндестік болады. Қосымша Морфеманың түбірге жалғануында ішкі иерархиялық заңдылық бар. Айталық, зат есім тұлғаларының жалғануы түбір морфема + көптік + тәуелдік + септік жалғаулары болып келеді, мысалы: бала+лар+ымыз+дың. Бір мағына беретін морфема бірінің үстіне бірі жалғанбайды, етістік тұлғаларында да осындай заңдылық сақталады. Есімше тұлғасының үстіне көсемшенің жұрнағы жалғанбайды, жіктік жалғауы соңынан жалғанады: кел+іп+ті, бар+ған+быз. Түбір морфемаға бірнеше қосымша морфема жалғана алады:
  • алдымен, сөз тудырушы морфема, сосын мағыналық, қызметтік, тұлғалық сипатына қарай өзге морфемалар жалғанады. Түбір морфеманың мағынасы нақты, дербес;


  • қосымша морфеманың мағынасы жалпы, абстрактылы


Морфема іштей екіге бөлінеді: негізгі морфема және қосымша морфемаНегізгі морфемалар — лексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі), туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді. Қосымша морфемалар — дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар іштей қосымшалар мен қосалқылар болып екіге бөлінеді. Қосымшалар: сөзжасам, сөзтүрлем, сөзбайлам тұлғалар. Бұлардың сөзжасамы мен сөзтүрлемі - жұрнақтар да, сөзбайламы - жалғаулар деп танылады. Қосымшалар қатарына дәйек және аяқ қосалқылар жатады. Дәйек қосалқылар түбір сөздің алдына қосылып, сөзге грамматикалық күшейтпе мағына үстейді (күшейтпе буынды: сап-сары, қап-қара және күшейтпе сөзді өте жақсы, тым жаман). Аяқ қосалқылар негізгі сөздің соңында қолданылады да, оларға шектеме және көмекші грамматикалық мағына үстейді. Шектемелер сөзге ұқсама буын қосып айтылатын (шай-пай, нан-пан) және демеуші шылаулар арқылы жұмсалатын (осы ғана, осы-ақ) сөздер құрамында қолданылады. Көмекшілер: көмекші есімдер (үсті, асты т. б.), көмекші етістіктер ( еді, екен т. б.), септеулік шылаулар (дейін, шейін т. б.), жалғаулық шылаулар (мен, және, тағы т. б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет