Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Сын-қимыл үстеулерінің жасалу жолдары мен құрамы



бет87/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

68. Сын-қимыл үстеулерінің жасалу жолдары мен құрамы
А.Байтұрсынұлы сын-қимыл үстеуін сынаулық үстеу деп көрсеткен. «Сынаулық үстеу дейміз – істің сынын көрсететін сөздерді. Сынаулық үстеу болатын – зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу екен-еместігін сұраудан айырамыз. Сынаулық үстеу сұрауы: қалай? қалайша? Осы сұрауға жауап болмаған сөз үстеу болмайды.
Жақсы оқиды, жаман жазады, сыбай қонады, жаяу жүреді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (оқиды қалай? – жақсы, жазады қалай? – жаман, қонады қалай? – сыбай, жүреді қалай? – жаяу). Бұлар үстеу орнына жүретін сын есімдер.
Шалқасынан түсті, етбетінен құлады, орысша айтуы, адамша сөйледі дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (түсті қалай? – шалқасынан, құлады қалай?– етбетінен, сөйледі қалай – адамша). Бұлар үстеу орнына жүретін зат есімдер.
Екі-екіден бөлді, үш-үштен алды, төрт-төрттен қойды, он-оннан санады, жиырмадан үлестірді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (бөлді қалай? – екі-екіден, алды қалай? – үш-үштен, қойды қалай? – төрт-төрттен, санады қалай? – он–оннан, үлестірді қалай? – жиырмадан). Бұлар үстеу орнына жүретін сан есімдер.
Олай айтпады, солай сөйледі, бұлайша етпелік, сеніңше болсын, біздерше ойламапты дегенде ірі жазылған сөздер қалай? қалайша? деп сұрағанға жауап болып тұр (Айтпады қалай? – солай, сөйледі қалай? – солай, етпелік – қалайша? – олайша, болсын қалайша? – сеніңше ойламапты қалайша? – біздерше). Бұлар үстеу орнына жүретін есімдіктер.
Саулап жанды, жантайып жатты, еңкейіп қарады, еңіреп жылады дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (жанды қалай? – саулап, жатты қалай? – жантайып, қарады қалай? – еңкейіп, жылады қалай? – еңіреп). Бұлар үстеу орнына жүретін етістіктің көсемше түрлері».
«Қимылдың, іс-əрекеттің жүзеге асу амалын, тəсілін, жасалу жолын, сынын білдіретін үстеулер сын-бейне үстеулері деп аталады. Мысалы: бірден, дереу, өзінше, қапыда, қолма-қол, ретімен,тікелей, құр босқа, үнемі, өздігінен, т.б. Үстеулердің мағыналық топтарының ішінде сан жағынан көп, морфологиялық құрамы алуан түрлі болуына қарамастан, сын-бейне үстеулері грамматикалық өзгеріске түспейді, түрленбейді. Сын-бейне үстеулерінің құрамында негізгі үстеулермен бірге, септік жалғауларының көнеленуі, бірігу,қосарлану, тіркесу арқылы жасалған туынды үстеулер де молынан кездеседі». (Сыздықова Г. О.)
1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасында» бейне үстеулері дегеніміз іс-әрекеттің амал, қимылдың қалай жасалу тәсілін, оның бейнесін білдіреді. Сол себепті олар үнемі етістік сөздермен келеді және қимылдың қалай істелу жолын, әрекет көрінісін бейнелеп отырады. Бейне үстеулері – үстеулердің басқа топтарына қарағанда сөз саны жағынан өте бай топ. Сол себептен де бейне үстеулері морфологиялық құрамы жағынан негізгі, туынды болып бөлінумен бірге жасалу жүйесі жағынан алуан түрлі болып келеді.
Негіз түбір бейне үстеулері қатарына аман, әрең, әзер, бекер, дереу, жай, жедел, жылдам, кенет, құр, қатар, оқыс, оңаша, түгел, тез, шұғыл т.б. сияқты сөздер жатады.
Туынды бейне үстеулері құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді де, жасалу жолы тұрғысынан морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Морфологиялық тәсілмен жасалған бейне үстеулеріне әр алуан түбір (негізгі, туынды түбір) сөздерге түрлі қосымшалар қосылып жасалған түрлі-түрлі грамматикалық формадағы сөздер жатады. Атап айтқанда:
а) бейне үстеулерінің көпшілігі зат есім, сын есім, есімдік, әр түрлі үстеу (негізгі, туынды) сөздерге –ша,-ше қосымшасын қосу арқылы жасалады: адамша, бізше, жаңаша, тиісінше, т.б.
ә) кейбір бейне үстеулері зат есімдерге –шаң,-шең жұрнағын қосу арқылы туады: жейдешең, көйлекшең, майкішең, т.б.
б) біраз бейне үстеулері зат есім, сын есім, есімдіктерге –лай,-лей,-дай,-дей жұрнақтарын қосу арқылы жасалады: жартылай, жағалай, осылай, шикілей, т.б.
в) көптеген бейне үстеулері көне және қазіргі барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының консервациялануы арқылы пайда болған. Мысалы,
  • барыс септік жалғауы арқылы бірге, зорға


  • жатыс септік жалғауы арқылы аңдаусызда, қапылыста


  • шығыс септігі арқылы етпетінен, шалқасынан


  • көне және қазіргі көмектес жалғаулары арқылы астыртын, жасырын, тегін және жайымен, кезекпен.


г) бір алуан бейне үстеулері көсемшенің –п, -а,-й жұрнақтарын қосып алу арқылы аздап, біртіндеп, айқара, қайта, жаппай, т.б. формада пайда болған.


Синтаксистік тәсілмен жасалған бейне үстеулері құрамы жағынан біріккен сөздер жіне қос сөздер формалы болып келеді де, олардың сөз жасау жүйесіндегі қалыптасу амалдары әр түрлі болады:
а) біріккен және кіріккен сөздер арқылы жасалған туынды бейне үстеулері қатарына ауызекі, біржола, жазатайым, т.б.
ә) бейне үстеулері қатарында сөздерді қосарлап айту арқылы жасалған жаңа сөздер көптеп кездеседі:
  • жеке түбір сөздердің екі рет қайталануы арқылы: әрең-әрең, бірте-бірте, т.б.


  • мағынасы жуық сөздердің (синонимдес) өз ара қосарлануы: аман-есен, тату-тәтті; мағынасы қарама-қарсы сөздер (антонимдер): астын-үстін, ілгері-кейін, т.б.


  • қосарлана айтылатын компоненеттердің не алдыңғы, не соңғы сыңары, не мағыналы, не мағынасыз сөздердің қосарлануы арқылы жасалады: апыл-тапыл, үйме-жүйме, зым-зия, шала-пұла, жым-жырт


  • қосарлана айтылған сөздердің алғы сыңарына –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнағы қосылып айтылу арқылы жасалады: ауызба-ауыз, қолма-қол, дәлме-дәл, нақпа-нақ


  • қосарланған сөздердің екі компонентіне де, кейде бір ғана компонентіне көсемшенің –п,-а,-е,-й жұрнақтарының қосылып айтылуы арқылы жасалады:айлап-жылдап, шашпай-төкпей, бөле-жара, ішпей-жемей, т.б.


  • қосарланған сөздердің алдыңғы не соңғы компоненттеріне, кейде екі компонентіне де белгілі бір септік жалғауының өосылып айтылуы арқылы: ашықтан-ашық, жұп-жұбымен, бостан-босқа, лек-легімен, т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет