Жылдардағы отандық тіл білімінің зерттелуі



бет2/2
Дата17.10.2022
өлшемі83,83 Kb.
#43701
түріОқулық
1   2
Байланысты:
20-30 жылдардағы отандық тіл білімінің зерттелуі

Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған Тіл — құрал атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.

  • Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған Тіл — құрал атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.
  • Қазақ жазуының тарихы көне түркi, араб, латын графикасымен, қазiргi қазақ жазуы орыс әлiпбиi графикасымен тығыз байланысы.

20-30 жылдарда тіл білімін зерттеушілер

  • 1907 жылы Қазан қаласында А. Жандыбаевтың Жас ғұмырым, А. Мәметұлының Әбрият, К.Ғ. Сырғалинның Өнеге атты шығармалары қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралдарының үлгісі саналады. Зерттеушілердің пікірінше, осындай еңбектердің ішінде қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралы ретіндегі Әбрияттың ролі мен маңызы ерекше. 30 беттен тұратын шағын еңбекте сабақ оқытудың жолдары көрсетіледі. К. Сырғалиннің Өнегесінде ата-анаға көзқарас, ауыл-аймақ, көрші-қолаңмен қарым-қатынас жасаудың реті туралы айтылып, тәрбиенің педагогикалық, дидактикалық қырлары қамтылады. Мұғалімнің ролі, әліппені оқудың, оқытудың жайы туралы, төте оқудың мазмұны сияқты әлеуметтік-педагогикалық пікірлер келтіріледі. Қ. Сырғалинның Қазақ балаларына жәрдем деген оқулығы 1913 жылы Қазан қаласынан басылып шығады. Бұл оқулықтың маңызы балаларға әріптерді талдап көрсетіп, әріптердің жазылуы мен мағынасына толық түсінік береді. Әріптерді бір-бірлеп оқығанда, сөздің басында, аяғында жазылғанда қандай мағына беретіндігін анықтайды.
  • Ресми мәліметтерге қарағанда 1916 жылы қазақ училищелерінің саны 600-ге жетті, онда барлығы 19 мың бала оқыды. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер қатарында Спандияр Көбеев, ағартушы Ахмет және Әбуғали Балғынбаевтар, С. Меңдешов, Е. Бабин, А. Құдайбергенов т.б. халық ағарту ісіне өз үлестерін қосты. Орыс-қазақ мектептерінің саны аз болса да, қазақ халқының мәдениеті мен оқу-ағарту ісінің дамуында айтарлықтай үлкен үлесі болғанын айту парыз. Мұндай мектептерде болашақ дәрігерлер мен оқытушылар, жазушылар мен ақындар, жалпы қазақ қоғамының алғашқы зиялы азаматтары білім алып, тәрбиеленіп жетілді. 1914-1915 оқу жылында жалпы білім беретін 2006 мектеп болды, онда барлығы 105,1 мың оқушы оқып, білім алды. Қазақстанда оқу-ағарту ісінің шындап дамуы, алға басуы кеңес өкіметі кезеңінде басталғаны анық.
  • Қазақ тіл білімінің негізін салушылар төңірегінде ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Бір топ ғалымдар — П.М. Мелиоранский десе, біреулері — Н.И. Ильминскийді, көпшілік ғалымдар — А. Байтұрсыновты атаса, енді бір ғалымдар — негізін салған бір адам болмауы да мүмкін екендігін алға тартады. Бұл күрделі де қиын сұраққа жауап беру үшін қазақ тіл білімінің қалыптасуындағы бастау алар көзіне, арналарына баруымыз қажет. Дереккөздерге сүйенсек, қазақ тіл білімі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолға алына бастайды. Осы ғасыр түркі тілін зерттеудің алтын ғасыры деген атауға ие болып тарихта қалғанын қазақ тіл білімін зерттеуші-ғалымдар: А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, І. Кеңесбаев С. Аманжолов, Р.Ғ. Сыздықова т.б. еңбектерінде айтылады.
  • Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары — Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. ғалымдары зор үлес қосады. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің лексикалық, грамматикалық жəне фонетикалық құрылымын зерттеумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет