Жылдары кокп ок-нің бірінші хатшысы жəне Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. С



Дата28.11.2023
өлшемі15,14 Kb.
#130871
Байланысты:
Мурхамбетов Тайлан 030


1953—1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы жəне Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тəуелсіздігімен ұштастыруға бағыты байқалған болатын. Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумының шешімі болып табылған. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдаларына бөліне бастады, салық саясаты өзгеріп кетті, ауылшаруашылық өндірісі сатып алу жəне дайындау бағасы көтеріліп кетті Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз нəтижесін берген болатын. .Бірақ та бұл кезеңдегі аграрлық саясаты тұрақты болған жоқ. 1954 жылдан бастап тездетіп ауыл шаруашылығының тарихта болмаған


дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезеңі басталып кетті. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2- хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко жəне Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хат- шылары ауыстырылды.Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954—1955 жж. 2) 1956—1958 жж. 3) 1959—1965 жж. Тың игеру жылдарын- да негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Əміршіл-əкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа со- вхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла баста- ды. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге респу- бликалардан 640 мың адам көшіріліп əкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның əр аза- матына өндірілетін астық 2 мың кг жетті. Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастадыОрталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет — астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60- жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың жəне тыңайған жеркөлемі 25 млн. гектарға жетті. Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан əрі ұштасып кете алмады. Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60- жылдардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осының салдарынан əрбір гектардан жоспарланған 14—15 ц. астық орнына 1954-1958 жылдары
7,4 ц. жиналса, 1961—1964 жылдары — 6,1 ц., ал 1964 жылы — 3,1 ц.
ғана астық алынды. Осы кезден бастап еліміз АҚШ, Канада, Арген-
тина, Франциядан астық сатып алуға кіріседі.
Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектеп- тер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын əдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елдімекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды.
мас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдары- нан 18 млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2—3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы — 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 есе кемі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет