Жылдың 10 «Ә» сынып оқушыларының мектепішілік іс- шараларға қатысулары жайында есеп



Дата16.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#43519
Байланысты:
Есеп 10 Ә сынып


2021-2022 жылдың 10 «Ә» сынып оқушыларының мектепішілік
іс- шараларға қатысулары жайында есеп

10«Ә» сыныбында барлығы 9 оқушы.


Оқушылар мектепішілік іс- шараларға белсене қатысады. Айта кетсек, 1 қыркүйек, мұғалімдер күні, қарттар күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, 8 наурыз, 7- 9 мамыр мерекелеріне, соңғы қоңырау мерекесіне қатысты. Сондай- ақ апталық, онкүндіктерге де белсене қатысты. Аталған мерекелерде ән айтып, би билеп,сурет салып көрініс көрсетіп көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Сонымен қатар ұлтжандылық, адамгершілік, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жанұялық қарым – қатынастар туралы іс – шараларға толығымен тоқталып өттік. Барлығы 100 % қатысты.
Алғашқы тәрбие сағатымыз «Білім күнімен» басталды. Тақырып «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім». Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Қазақстан халқы қандай жетістіктерге жеткеніне көз жүгірту, еліміздің тарихына тоқталу, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды бойына дарыту. «Тәуелсіз ел-бақытты ел. Тәуелсіздікті қадірлей, сақтай біліңдер. Онда ата-бабаларыңның қаны бар, асыл арманы бар. Қазақ деген атқа лайық болыңдар!» деген сөздермен сабағымызды аяқтадық.
Сыныптың ішіндегі жұмыстарға арналған тәрбие сағаттары да өткізілді. Сынып белсенділері сайланды. Сынып старостасы – Жаманқұлова Қарақат, көмекшісі – Ілесбек Маржан. Құқық және тәрбие секторы - Абдуалы Дидар. Экология және еңбек секторы - Оңаев Нұрдәулет. Денсаулық және спорт секторы - Болатжанұлы Бекболат. Ақпарат секторы – Абдиев Ерасыл. Өзін-өзі тану- Мадияров Ербол. Білім және мәдениет секторы – Шалқар Арайлым. Патриотизм секторы – Тағайбек Айбек. Тазалық секторы - Ілесбек Маржан.
Мектебімізде ұйымдастырылған «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне қатысып, «Өнерлі жұп» номинациясымен Мадияров Ербол және Шалқар Арайлым марапатталды.

Мектебіміздің ұйымдастыруымен өткізілген мектепішілік «Жігіт сұлтаны – 2022» байқауына қатысып, Мадияров Ербол «Шебер жігіт» номинациясымен марапатталды.



Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлы дала – Тәуелсіз Ел» атты іс-шарада белсенділігін шыңдап, қоғамдық қайырымды істерге жұмылдыру жұмыстарын жоғары деңгейде атқарғаны үшін Жаманқұлова Қарақат алғыс хатпен марапатталды.



2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңінде «Құқық негіздері» пәнінен Жаманқұлова Қарақат қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулуға, күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамытуға спорт үйірмелері көмектесетіні сөзсіз. Сыныбымызда спортсмен оқушылар бар, олар спортмектебіне қазақ куресі, дзюдо, футбол, бокс үірмелеріне қатысып, аудан, облыс және республикалық көлемдерінде өткен жарыстарға қатысып, чемпион атанып жатыр.


Атап айтсақ, Қазақ күресінен 2001-2003ж.т. жастар 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер және 2006-2007 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында «ЖАС БАРЫС» аудандық турнирінінің жарысында Болатжанұлы Бекболат I орынмен марапатталды.
Қазақ күресінен 2001-2003ж.т. жастар 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер және 2006-2007 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында «ЖАС БАРЫС» облыстық турнирінінің жарысында Болатжанұлы Бекболат II орынмен марапатталды.


Ата – аналар жиналысы 5 рет өткізіліп, онда ата – аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау, тақырыптық баяндама, тоқсандық қорытынды және алдағы міндеттер туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ ата-аналармен топпен жұмыс түрлері жүргізіліп, ұрпақ тәрбиесіндегі ата – ананың ролі туралы өз ойларын ортаға салды. Ата – аналар мектеп пен отбасының тығыз байланыста болуына өз үлестерін қосып отырды. Ата-аналарға демалыс уақытында балаларын үйде қадағалау, қауіпсіздік ережесі жөнінде ескертілді.
Сонымен қатар сыныбымызда апта соңында сынып белсенділерімен есеп жүргізіледі. Сынып белсенділері өздерінің жасаған жұмыстарын сынып алдында айтады, яғни оқушылардың тәртіптері, оқулықтарының, бой бастарының тазалығы жайында айтылды.
Жыл қорытындысы бойынша барлығы 9 оқушы, 5 екпінді оқушы, 4 оқушы қанағаттанарлық бағамен аяқтады. Білім сапасы 56% болды.
Сынып оқушыларының бойына өз еңбегімен қатар өзгенің еңбегін қадірлеуге, тұрақтылықтың тиімділігін білу, әділдікті сүю, өз ойын еркін айту сияқты қасиеттердің қалыптасуына үлес қостым, олардың жеке тұлға ретінде қоғамның бір мүшесі екенін ұғындыра білдім деп айта аламын.


Сынып жетекшісі: Құрапбергенова А. Ә.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет