Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата03.03.2017
өлшемі11,94 Mb.
#5912
1   2   3   4   5

Марат НАРИБАЕВ, 

заведующий кафедрой УШОС МИПО 

«Excellence PolyТech», д.э.н., член-корр. РАЕ

  Развитие УШОС в КазНТУ

Новые достижения и возможности Университета ШОС для «Политеха»!

ҚазҰТУ-да «Бүкіләлемдік жаһандану жағдайындағы 

жастардың дүниетанымдық құндылық бағдарлары» атты 

конференция өтті.

Қазақстан Республикасының Президен-

ті–Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Қазақстан-

2050»  стратегиялық  бағдарламасында 

«Мен жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіз-

дер жаңа буын бағыттың қозғаушы күшіне айналуға ти-

іссіздер» деп жастарға үлкен сенім артқан болатын.

Жастар  қашанда  Елбасы  назарында  болып  келеді. 

Оларға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалуда. «Бала 

- біздің болашағымыз. Өмірдің ең бір қызығы оларға – 

тәлім-тәрбие беру керек» деген екен ғұлама  әл-Фараби 

бабамыз. ҚазҰТУ-да болып өткен жиын да ұлт тағдыры 

- жастар тәрбиесіне бағытталды.

Конференцияны  Тәрбие  жұмысы  департаменті  мен 

Ақжан Машани атындағы  Базалық білім беру институ-

ты ұйымдастырды.    

Конференцияға ғылым және білім қайраткерлері, та-

нымал ғалымдар, ҚазҰТУ ректоры, академик Ж.Әділов, 

Ш.Уалиханов  атындағы  Этнология  және  тарих 

институтының директоры,  профессор Х.Абжанов, Абай 

атындағы  ҚазҰПУ-нің  профессоры  К.Құсайынов,  ҚР 

Қорғаныс  министрлігінің радиоэлектроника және бай-

ланыс  институтының  подполковнигі  А.Ж.  Жанұзақов, 

Базалық білім беру институтының директоры Р.Ш. Бер-

дібаев тағы басқалар  қатысты. Қоғамның қозғаушы күші 

жастардың тәрбиесі, олардың қоғамдағы алар орны жай-

ында ҚазҰТУ-дың   тәрбие  жұмысы   жөніндегі   про-

ректоры Г.Ә. Сәрсенбекова баяндама жасады.

Конференцияда  әлемдік  кеңістіктегі  заманауи 

жастардың  әлеуметтенуі,  қазақстандықтардың    қазіргі 

ұрпағын  тәрбиелеудегі    дәстүрлі  және  инновациялық  

құндылықтардың рөлі мен  орны, жоғары оқу орнында 

патриоттық  тәрбие беру жұмыстарын 

ұйымдастырудың  заманауи  әдістері, 

жаһандану  дәуіріндегі  діни  тәрбие 

және  оның  ерекшеліктері  кеңінен 

талқыланды.  Өскелең  ұрпақтың  салауатты  өмір  сүру 

салтын    қалыптастыру,  білім  мекемелерінде  тәрбие 

қызметін  ұйымдастырудың  теориясы  және  әдістемесі 

мәселелері  талқыланды.  ҚазҰТУ–еліміздегі    алдыңғы 

қатарлы  университеттің  бірі  ретінде  бәсекеге  қабілетті  

мамандар  тәрбиелеу  мақсатында  жоғары  оқу  орнында 

кредиттік жүйе бойынша жаңа талапқа сай мамандар да-

ярлау, тәрбие мен тәртіпті күшейту бүгінгі күнде өткір 

мәселелердің бірі екені айтылды.                                  

Жұлдыз БАҒАШАРОВА

  Конференция

ҐСКЕЛЕЅ ЎРПАЌ ТƏРБИЕСІ ҐЗЕКТІ



ЇЛГІЛІ ЎСТАЗ ОЙ БҐЛІСЕДІ

ЇЛГІЛІ ЎСТАЗ ОЙ БҐЛІСЕДІ

4

Ұстаз  –  кең  ұғымды,  ұлағатты  сөз.  Ұстаздарға 



әркезде  де  ыждағатпен  қарап,  құрмет  көрсетілген. 

Өмірге алып келген ата-аналарымыздан кейінгі жаны 

жайсаң,  мейірімді  ұлағатты  ұстаздардың  еңбегін 

ұмытпай,  жадымызда  сақтап, 

оларға  қайда  жүрсек  те,  қандай 

қызметте болсақ та аса құрметпен 

қарау біздің міндетіміз.

Адам  баласы  өзінің  отбасынан  кейінгі  өмірге 

керекті  рухани  азықты  ұстаздардан  алады.  Әрбір 

шәкірттің  жанына  нұр  құятын,  өзінің  адамгершілігі-

мен, парасаттылығымен, білімділігімен ерекшеленетін 

және шәкірті өзі таңдаған, жүрегі қалаған, пір тұтатын 

ұстазы болады.

Дәл  сондай  менің  де  өмір  ағымынан  таңдаған 

ұлағатты  ұстазым  бар.  Ол    танымал  ғалым,  меха-

ник  Ө.А.  Жолдасбековтың  шәкірті  Қазақстан  мен 

Ресейдің  құрметті  ғалымдарының  санатына  жататын 

белгілі ғалым ағамыз – ҚазҰТУ-нің «Қолданбалы ме-

ханика  және  машиналарды  құрылымдау  негіздері» 

кафедрасының  меңгерушісі,  техника  ғылымдарының 

докторы, профессор Серікбай Бәйтікұлы Қосболов.

Өз  мамандығының  майталманы,  өте  қарапайым, 

адамгершілігі  мол  жан  болғандықтан  қиындығы  көп, 

қажырлы  еңбекті  қажет  ететін  ғылым  жолындағы 

ұстазым ғана емес, сол сияқты бұрылысы мен қалтарысы, 

қызығы  мен  шыжығы  көп,  мәнді  де  мағыналы  бұл 

өмірдегі  өзінің  ақылымен,  парасаттылығымен  ақыл-

кеңес беріп отыратын ақылшы аға, бағыт-бағдар бере-

тін жетекшім деп білемін ол кісіні.

Серікбай Бәйтікұлы университетте РhD докторант-

тары  мен  магистранттарға  мамандықтары  бойынша 

арнайы  пәннен  дәріс  оқиды.  2-3  курс  студенттеріне 

“Машиналар мен механизмдер теориясы”, қолданбалы 

механика,  механизмдерді  тиімді  жобалау,  меха-

низмдерді  аппроксимациялық  синтездеу  пәндерінен 

дәріс  береді.  Дәрісті  өте  тартымды,  тыңдаушылары 

түсінетіндей ұғымды өткізеді. Ал сабақтан тыс уақытта 

студенттермен жеке дара отырып жұмыс жасайды.

“Өмірдегі қадірлі орын – ұстаздікі” – деп Мағжан 

атамыз айтқандай, құрметті де, қадірлі ұстазым Серік-

бай Бәйтікұлы Қосболов ағамызды 60 жастың белесіне 

шыққан торқалы тойымен құттықтап, шәкірттік шын 

жүрек, ыстық ықыласымнан шыққан құттықтау сөзімді 

айтқым келім отыр.

Сізге  жарқын  да  мағыналы  өмірде  ғылыми  та-

быс,  көтеріңкі  көңіл-күй,  деніңіздің  саулығын, 

отбасыңыздың  амандығын,  көпшіліктің  ыстық 

ықыласы  мен  құрметіне,  ризашылығына  бөленіп, 

абыройыңыздың  асқақтай  беруіне  тілектес  бола  от-

ырып, төмендегі өлең жолдарын арнаймын.



Мереке күн-нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,

Бала-шаға қызығына кенеліп,

Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Ізгілікті нұрын шашар маңайға,

Ұстазсыз үлгі болар талайға.

Жақсылықты өзіңізден көп көрген,

Шәкірттеріңіз ұмытпайды қалайда!

Үлгі болған үлкенге де жасқа да,

Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да.

Еңбегіңіз жана берсін әлі де,

Қуатыңыз таусылмасын 100 жаста да!

Ізгі тілекпен, шәкіртіңіз

Тимур АҚЫЛБАЕВ

Ұстаз  болу  –  ұстамдылық  пен  қайсарлықты 

қажет  етеді.  Иә,  шыдамдылық  пен  төзімділікті  ту 

етіп, шәкірт тәрбиелеу кез-келгеннің қолынан келе 

де бермейді. Ол үшін өз салаңа деген сүйіспеншілік, 

мейірімділік, талмай ізденіс сияқты алуан қасиеттер 

бір бойыңнан табылуы тиіс. Осы ұлы мамандықты 

таңдап, жеміс-ті еңбек етіп келе жатқан универси-

тетіміздегі  қадірлі  ұстаздардың  бірі  Жоғары  тех-

нологиялар  және  тұрақты  даму  институтының 

“Қолданбалы  экология”  кафедрасында  еңбек  ете-

тін  оқытушы,  химия  ғылымдарының  докторы, 

профессор,  академик  Қазова  Райхан  Әшімқызы. 

Ұстазбен  сұхбаттаса  отырып,  мамандығы  туралы 

ой бөліскен едік. 

– Райхан Әшімқызы, еңбек жолыңызды қашан 

бастадыңыз?

–  Мен  1960  жылы  Қазақ  политехникалық 

институтының  металлургия  факультетін  бітіріп, 

Қарағанды облысындағы Балқаш тау-кен металлургия 

комбинатында химия цехында шебер болып, еңбек жо-

лымды осы кезден бастадым. Жаңадан іске қосылған 

цехта  автоматика    шебері,  жас  маман  болсам  да, 

балқыту пештерінің, газ өндіретін станцияның үздіксіз 

апатсыз  істеп  тұруына  жауапты  едім.  1962  жылы  

Мәскеуде  өткен  XIV  Бүкілодақтық  комсомол  съезіне 

Балқаш қаласынан делегат болып, жаңа ғана салынған 

Съездер сарайында ұмытылмас кездесулерге қатыстым. 

Бірінші  ғарышкерлер  Юрий  Гагарин  мен  Герман  Ти-

тов  қарағандылықтарға  жылы  лебізін  көрсетті,  яғни, 

осы ғарышкерлерді Жерде бірінші қарсы алғандар осы 

Қарағанды облысының тұрғындары еді.

Қарағанды  облысы  делегациясының  құрамында 

Теміртаудан  барған  жас  металлург  Н.А.Назарбаев  та 

болды. Съезден кейін делегаттар басқа жерлерде кезде-

сулерге қатысып, облыс жөнінде баяндамалар жасады, 

ақпараттар  берді.  Осының  бәрі  бүгін  ойлап  отырсам 

шыңдалу мектебі болғаны рас. 

Мен  оқып  жүрген  жылдары  аспиранттар  қатары 

толығымен  дерлік    институттың  неғұрлым  қабілетті 

тәрбиеленушілерімен 

толықтырылды. 

Ғылыми 

қызметкерлердің  ҚазКСР  ҒА  нақты  мүшелері,  про-



фессорлар В.Д.Пономарев, А.С.Попов, корреспондент 

мүшелері,  профессорлар  Х.К.Аветисян,  Е.Д.Шлы-

гин,  И.И.Бок,  Ш.Е.Есенов,  И.Онаев,  А.Е.Ержанов, 

Д.Кішібеков  және  басқалар  институт  ұжымының, 

республиканың техника саласының зиялы қауымының 

алғысына лайық.

1972  жылы  “Тринатрийфосфатты  гидрохимиялық 

автоклавтық  тәсілмен  алу”  атты  кандидаттық  ал, 

1990  жылы  “Жылжымалы  қаттамада  табиғи  және 

гранулданған  шикізатты  термохимиялық  өңдеудің 

теориялық  және  технологиялық  негіздері”  атты 

докторлық диссертациямды Ташкентте ғылыми кеңесте 

қорғадым.  1994  жылы  профессор  ғылыми  атағы  бе-

рілді.  1997  жылы  академик  Е.М.Шайхұтдиновтың 

шақыруымен  Қазақ  Ұлттық  техникалық  университе-

тінде  ол  кісінің  өзі  құрған  химиялық-технологиялық 

факультетінде “Өндірістік экология және қауіпсіздік” 

кафедрасында  профессор  болып  сабақ  бере  баста-

дым.  Бірнеше  пәндерден  жұмыс  бағдарламасын, 

оқу-әдістемелерін  жасап,    екі  тілде:  қазақ  және  орыс 

тілдерінде  дәріс  беремін.  Ағылшын  тілінде  қорғаған 

дипломдық  жұмыстарға  жетекші  болдым.  “Эколо-

гия  және  тұрақты  даму”  пәнінен  бағдарлама  жазып, 

ағылшын тілінен сабақ бердім. 



– Сіз “РАС” газетіне ағылшын тілінде де мақала 

жазасыз, ағылшын тілін қалай үйрендіңіз?

–  Менің  елші  болған  ағам  болған.  Сол  кісінің 

ықпалымен  шет  тілін  кішкентай  кезімнен  бастап  өз 

еркіммен үйрене бастадым. Бірінші сыныптан бас-тап 

шет тіліне деген қызығушылығым оянды.

Менің  байқағаным  жас  кезіңде  үйренген  тіл  миға 

тез қонады екен. Алматыдағы № 19 мектепте оқыдым. 

Ағам  ағылшын  тілінің  фонетикасын  ерекше  үйретіп, 

дыбыстарды,  транскрипцияны  қадағалап,  тілім-

ді  жаттықтырды.  5-сыныпта  шет  тілінен  тәжірибелі 

мұғалім Тамара Самуиловна Этингер сабақ берді. 

Институтта бәріміз ағылшын тілін оқыдық. Менің 

ерекшелігім – фонетиканы (тіл дыбыстарын) ағам нақты 

үйреткеннен  транскрипцияны  (дыбыс  таңбаларын) 

қолданып,  сөздерді  жатқа  білуді  қызық  көрдім.  Со-

нымен қатар, осы уақытқа шейін грамматиканы оқып 

келе жатырмын. Қай тілді үйренемін десең де алдымен 

ынта керек дер едім.



–  Ұстаз  болудың  қызығы  мен  қиындығы 

қандай?

–  Ұстаз  болудың  қызығы  –  жас  ұрпаққа  талмай, 

өзіңнің жинаған біліміңді беру, жол көрсету. Ал, ұстаз 

болудың  қиындығы  –  кейбір  студенттердің  оқуға  де-

ген ынтасының төмендігі дер едім. Оларға үйрету үшін 

барыңды  саласың.  Міне,  осы  жағдай  болмаса,  ұстаз 

болу – бір бақыт қой.

–  Ұстаз  болам  деп,  алдына  мақсат  қойған 

адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

– Ұстаз ең алдымен адам жанын түсінетін, кеңпейіл 

де  ізгілік  иесі  болуы  шарт.  Ұлағат,  тағлым,  тәлім-

тәрбие, имандылық, зейін-ынта, руханият, құштарлық, 

мейірімділік,  инабаттылық,  парасаттылық,  ізденгіш-

тік, жаңашылдық, ізгілік тектес терең де көп мағыналы 

ұғымдардың  бәрі  –  ұстаз  деген  бір  ғана  атқа  сыйып 

тұрғандай. Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл-Фараби 

сөзімен  түйіндесек:  “Ұстаздың  мінез-құлқы  мынадай 

болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа 

да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті 

өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру 

ұстаздық  қадірін  кетіреді,  оның  берген  сабағы  мен 

ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз та-

рапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. 

Өйткені  бұлар,  жұрт  айтқандай,  тамшысымен  тас  те-

сетін бейнебір су тәрізді”. Осындай ұстазға тән мінез-

құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын 

алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгерші-

лігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған әрі елін сүйер 

абзал азамат болып өсері сөзсіз.

– Отбасыңыз  туралы айтып өтсеңіз?

–  Мен  Алматы  қаласында  дүниеге  келдім.  1944 

жылы  мектеп  табалдырығын  аттап,  оны  1954  жылы 

медальмен  бітірдім.  Сол  жылы  талапқа  сай  емти-

хансыз  әңгімелесу  негізінде  Қазақ  тау-кен-метал-

лургия  институтының  металлургия  факультетінің 

студенті  атандым.  Металлург  болғаныма  әкем  Әшім 

Бажиковтың  қазақ  жеріндегі  ағылшын  концессионері 

Лесли Уркварттың Спасск мыс зауытында еңбек жолын 

бастағаны себеп болды деп ойлаймын. Анам Мінувәрә 

атақты Машһур Жүсіптің немересі. Жолдасым Мөңке 

Қазов техника ғылымдарының докторы, Ғылым акаде-

миясы  Химия  институты  директорының  орынбасары 

болып  істеген  еді.  Қазір  өмірде  жоқ.  Екі  қызым  бар. 

Әмина – химия саласында, PhD докторы, Алма – бан-

кте  қызмет  істейді.  Немерелерім  Мәдина  –  АҚШ-та 

оқиды. Елбар жоғары оқу орнында оқып жүр.

–  Әңгімеңізге  рахмет!  Шығармашылық  табы-

стар тілейміз. 

Сұхбаттасқан:   Бану ШАЛОВА

ЎСТАЗ ІЗГІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ



  ҚазҰТУ-дың 80 жылдығы қарсаңында

ЎСТАЗЫМДЫ  ЇЛГІ  ТЎТАМЫН

   

Тілек

    


Тілек

Тілек

             



КƏСІПОДАЌ ҐТКІЗГЕН ƏДЕМІ КЕШ

КƏСІПОДАЌ ҐТКІЗГЕН ƏДЕМІ КЕШ

5

Тәрбие  жұмысы  жөніндегі  департаменті,  Ғылыми 



кітапхана  және  А.Машани  атындағы  Базалық  білім 

беру  институтының  тіл  кафедралары 

бірлесіп, “Бір ел – бір кітап” акциясы 

аясында 2013 жылы жалпыхалықтық 

оқуға таңдалған Қазақстанның Халық 

жазушысы,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

иегері, ақын Фариза Оңғарсынованың “Дауа” 

лирикалық  жыр  кітабын  насихаттауға  бай-

ланысты үш күнге созылған шара өткізілді. 

Бұл  кешті  ұйымдастырудың  негізгі  бір 

мақсаты  жастардың  жазушы  шығармасына 

деген қызығушылығын арттыру.

Шараның  алғашқы  күні  университеттің 

Тәрбие  жұмысы  жөніндегі  проректо-

ры  Сәрсенбекова  Гүлнар  Әлібекқызы 

студенттер  мен  оқытушылар  назарына 

Ф.Оңғарсынованың  “Дауа”  атты  жыр  кіта-

бына қысқаша шолу жасады. Студенттерге 

Интернеттің  алдында  көп  отырмай,  кітап 

оқуларына уақыт бөлулерін, білімді болып, 

ұлы  классиктерді  оқуды,  іздену  керекті-

гін  естеріне  салды.  Осы  акцияны  өткізіп 

отырған  Ғылыми  кітапхана  мен  кафедра 

қызметкерлеріне алғысын айтты. 

Ф.Оңғарсынова  1939  жылдың  5 

желтоқсанында қазіргі Атырау облысы, Но-

вобогат  ауданына  қарасты  Манаш  ауылында  дүниеге 

келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық 

институтының  тіл  және  әдебиет  факультетін  біті-

ріп,  Балықшы  ауданының  Еркінқала,  Октябрьдің  40 

жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық ет-

кен.


1966  жылдары  Гурьев  облыстық  “Коммунис-

тік  еңбек”  газетінің  партия  тұрмысы  бөлімінде 

әдеби  қызметкер  болып  істеген.  1968-1970  жылда-

ры республикалық “Лениншіл жас” газетінің Ақтөбе, 

Гурьев,  Орал  облыстары  бойынша  меншікті  тілшісі 

қызметін атқарған. 1970-1978 жылдары республикалық 

“Қазақстан пионері” журналының бас редакторы, одан 

“Пионер” журналының бас редакторы болып істеген.

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жыл-

дан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер 

жинақтары,  очерктері,  таңдамалы  шығармалары, 

“Біздің Камшат” повесі, аудармалары “Жазушы”, “Жа-

лын”, “Молодая гвардия” баспаларынан жарық көрді. 

Орыс,  туысқан  республикалар  ақындарының,  Чили 

ақыны  П.Неруданың  жырларын,  кейбір  драмалық 

шығармаларды  қазақ  тіліне  аударған.  Бүгінде  Фа-

риза  Оңғарсынова  Қазақстандағы  ең  көп  оқылатын 

авторлардың  бірі.  Оның  шығармашылығының  негізгі 

тақырыптары  –  сүйіспеншілік  пен  жан  қылықтарды 

сынау, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. 

Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жер-

лестеріне  және  бүкіл  қазақстандықтарға  арнады.  Фа-

риза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен 

азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оя-

тып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері 

мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Ақын әлі күнге 

қазақстандық  поэзияның  дамуына  өз  үлесін  қосуда. 

Бүгіндері «Тұмар» республикалық-көркем журналдың 

бас редакторы.

Фаризаны  білмейтін  оқырман  кем-

де-кем.  Есімізге  Мұқағали  ақынның  

Фаризаға  арнап    жазған  өлеңіндегі 

мына шумақтар түседі:

Фариза!


Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Осы 

шарада 


Ғылыми 

кітапха-


на  директоры  Қ.Хұсаинова,  А.Маша-

нов  атындағы  Базалық  білім  беру  ин-

ституты 

директорының 

орынбасары 

Қ.Нұрғалым,  Қазақ  тілі  кафедрасының 

меңгерушісі  Г.Тұрсынова,  Шет  тілдер 

кафедрасының  меңгерушісі  Г.Айтжанова, 

Қазақ  тілі  кафедрасының  аға  оқытушысы 

А.Өмірбеков акцияға байланысты өз пікір-

лерін білдірді. 

Ақпараттық  және  телекоммуника-

циялық      технологиялар    институтының 

1-курс студенті Ақтаев Рамзиддин гитара-

да “Ұнатып ем” әнін, Нияз Смаилов домбырада “Көңіл 

толқыны” күйін орындады.

Жастар  ортаға  шығып,  ақын  жырларын  оқыды. 

Оларға  Ғылыми  кітапхана  атынан  ақынның  “Дауа” 

атты кітабі сыйға тартылды.

Кештің соңында Ғылыми кітапхана директорының 

орынбасары Айгүл Исаева шараны қорытындылап сөз 

сөйледі.


Кешті жүргізуші Ғылыми кітапхана қызметкері Ры-

салды  Болысбековаға  студент-жастар  ризашылығын 

білдіріп, алғыстарын айтты.

 

 



 

Бану ШАЛОВА

 “Бір ел – бір кітап” акциясы

АЌЫН ҐЛЕЅДЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Кәсіподақтар азаматтардың еңбек қатынастарында 

жұмыспен 

қамтылуға, 

жұмысқа 


қабылдауға 

және  жұмыстан  босатуға, 

жұмыс уақыты, демалыстың ұзақтығы мен тәртібіне, 

жалақының мөлшеріне қатысты туындаған мәселелерді  

шешуге қатыса алады.

Егемен  елімізде  кәсіподақтардың  құқықтық 

жағдайы  Конституциямен,  Еңбек  туралы  заңдар  ко-

дексімен,  халықтың  жұмыспен  қамтылуы  туралы, 

халықтың  зейнетақымен  қамсыздандырылуы  ту-

ралы  заңдармен,  басқа  да  заңдармен  айқындалған. 

Кәсіподақ  өз  мүшелерінің  мемлекет  және 

шаруашылық  құрылымдармен,  қоғамдық  бірле-

стіктермен,  кәсіпкерлермен  қарым-қатынасындағы 

құқықтары  мен  мүдделерін  білдіріп,  қажет  болған 

жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі.

Қазіргі  уақытта  ҚазҰТУ-дағы  студенттердің 

кәсіподақ ұйымы да   белсенді жұмыс жасап жатыр. 

Ұйымның  мақсаты  –  студенттердің  құқықтарын 

қорғау,  студенттердің  әлеуметтік-экономикалық 

жағынан  қорғалуын  қадағалау,  студенттердің  бос 

уақытын  тиімді  ұйымдастыру.  Жуырда,  10-қазан 

күні    кәсіподақ  ұйымының  құрылған  күніне  орай 

ҚазҰТУ-да  студенттердің  кәсіподақ  ұйымының 

ұйымдастыруымен «Кәсіподақ – қамқоршың» акциясы 

өтті. ҚазҰТУ құрамындағы  институттар аралығында 

боулингтен жарыс ұйымдастырылып, жарысқа универ-

ситетімізден 7 команда қатысқан болатын.  Қызықты 

да тартысты өткен сайыста 7 команданың ішінен оқ 

бойы озған Ақпараттық және телекоммуникациялық 

технологиялар институты жеңімпаз атанды. Сонымен 

қатар  Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ 

ісі институты 2-орынды иеленсе, Жоғарғы технологи-

ялар және тұрақты даму институты 3-орынды қанағат 

тұтты.


Мерекелік 

кешіміздің 

арнайы 

қонақтары 



болған  Алматы  қалалық  «Парасат»  кәсіподақ 

ұйымының төрағасы, профессор Д.Ж.Жаңатаев және 

университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі прорек-

торы  Г.Ә.Сәрсенбекова  сөз  сөйлеп,  студенттерімізді 

1-курсқа қабылдануымен құттықтап, шығармашылық 

табыстар 

тіле-

ді. 


Сондай-ақ,  

университетіміздің  

белсенді студенттеріне «Кәсіподақ билетін» табыста-

ды.  Кешке  қатысқан  белсенді  студенттердің  басым 

көпшілігі  қалалық,  облыстық  және  республикалық 

олимпиадалардың  жүлдегерлері  және  әдебиетпен, 

шығармашылықпен  айналысатын  жастар  еді.    Сту-

денттер кәсіподақ ұйымына 140-тан аса өтініш келіп 

түсіп, кәсіподақ ұйымының дауысқа салуымен 2 өтініш 

иесі кәсіподақ  ұйымының арнайы сертификатына ие 

болды. Жылдағы дәстүр бойынша ақцияда ұтыс ойы-

ны  ойнатылып,  жүлдеге  флешкалар,  ұялы  телефон-

дар  және  ноутбук  тігілді.  Тау-кен  металлургиялық  

институтының 1-курс студенті Иманғали Үшкемпіров 

ең  басты  ұтысымыз  ноутбуктың  иесі  атанды.  Ак-

ция  барысында  университетіміздегі  студенттер 

кәсіподақ  ұйымының  төрайымы  Ж.Қ.Қалиақпарова 

Ақпараттық  және  телекоммуникациялық  техноло-

гиялар институтының 1-курс студенті Бекен Саматқа 

және Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ 

ісі институтының 3-курс студенті Балаби Түменбаевқа 

арнайы  сертификатты  табыстады.  Акция  мерекелік 

концертпен  жалғасты.  Кеште    қазақ  эстрадасының 

жарық жұлдызына айналған «Жігіттер» квартеті әсем 

ән  шырқап,  баршамызға  жақсы  көңіл-күй  сыйлады. 

Сонымен қатар Д.Ж.Жаңатаев  университет өміріндегі 

қоғамдық-мәдени шараларға қатысып, белсенділік та-

нытып  жүрген  бірқатар  студенттерді  Құрмет  грамо-

тасымен марапаттады. Алдағы  уақытта да кәсіподақ 

ұйымының студенттерге жасайтын қамқорлық шара-

лары  жалғасын  таба  беретініне  кәсіподақ  мүшелері 

атынан сенім білдіремін.



Ерболсын ЖАМАНҚҰЛОВ, 

Ә.Бүркітбаев атындығы

Өнеркәсіптік инженерия 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет