Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі11,94 Mb.
#5912
1   2   3   4   5

КЕКІЛІК ҚУҒАН ҚЫРҒИ

Түс  ауған  кез.  Кеше  тағы  да  қар  жауған-ды.  Оны 

күреуге  үйден  сыртқы  есікті  ашып,  алға  қарай  аттай 

бергенім  мұң  екен,  бетіме  қатты  екпінмен  келіп  бір-

деме соғылды да демде көзден ғайып болды. Әп-сәтте 

мен не болғанын түсінбей қалдым. Есік алдында жаңа 

менімен ілесіп келген көрші балалар тұрған.

–Мәссаған,  ананы  қараңдар!–  деп  айғай  салды 

солардың бірі. –Қырғи қуып келіпті кекілікті. Әне, әне, 

ол ары ұшып кетіп барады.

–Ал,  кекілік  қайда?!  –  дейміз  енді  бәріміз. 

Менің  бетім  аздап  дуылдап  тұр.  Не  болғанын  енді 

түсінгендеймін. Мен табалдырықтан төмен түсіп, үйдің 

астын қарадым. Дәліз орналасқан тұс ашық еді. Сіріңке 

жағып еңкейіп едім, бір бұрышта бүрісіп отырған кекі-

лікті көрдім. Әлгіні оп-оңай-ақ ұстап алдым. Қашуға, 

қарсыласуға әлгінде әл жоқ еді. Кішкене жүрегі кеуде-

сінен бері шығып кетердей дүрс-дүрс соғады. Жаз ке-

зінде бір сайдан бір сайға қуып баратын, түк ата алмай 

қойған кекілік бұл. Өте сақ. Жақындай берсең болды 

бір  бұтаның  түбінен  пырр  етіп  ұшады  да  кетеді.  Бірі 

көтерілсе  болды,  қалғандары  қанаттарын  кең  жайып, 

демде  көзден  ғайып  болады.  Қонған  сайына  ақырын 

іздеп барсаң, таба алмайсың. Енді аттай берсең болды 

аяқ астынан, бұта, қалың шөп арасынан тағы да пырр 

етіп ұшып жоқ болады. Сөйтіп соңында жүріп шаршап, 

құр сүлдең қалатын, діңкелейтін кезің аз емес. Кекілік-

ті ептілер ғана ата алатын еді.

Міне, сол құс қолымда, өз көзіме өзім сенбей, мен 

тұрмын.    “Шынында  да  кекілік”.  Өзі  қандай  әдемі. 

Мойнында  сәл  қызыл  жолағы  бар  күлгін  түсті  құс. 

Көлемі ер кісінің қос жұдырығындай ғана.

Байғұс  құсты  басынан  сипап  көзіне  қарадым. 

Қырғидан құтылғанына қуанды ма, жаңағы үсті-үстіне 

дамылсыз соққан жүрегі енді сәл саябырсығандай.

–Қуып ата алмай жүруші едік, өзі келіп қолымызға 

түскенін қарашы,– дейді оны көрмек болып қолымнан 

алған көрші балалардың бірі. – Мұны не істейміз? 

–Не істеуші ек, ой, ақымақ! Картопқа қуырып жей-

міз қазір,– дейді тағы бірі.

Қырғидың  тырнағынан  аман  қалып,  әрең  қашып 

құтылған, қиын сәтте адамды паналап келген әлгі ке-

кілік  несін  айтасыз,  сол  адамның  қолынан  пышаққа 

ілінді. Иә, ойлана келсек, адам дегенің кейде аюаннан 

бетер нағыз жауыз екен ғой!

ҚАСҚЫР КЕРІ ҚАЙТТЫ 

Жұт  әкелген  сол  қыста  бірде  тапа-тал 

түсте  бір  елікті  таудан  аш  қасқыр  тура 

ауылға  қуып  әкелді.  Дұрысы,  елік  байғұс 

адамдардан араша-пана іздеп, тура тұрғын 

ауылға тартқанын қайтерсің. Қасқырдың аузына ілін-

се, аман қалмасы анық! “Не болса да көрейін. Олар екі 

аяқты ақылды пенде ғой.  Аяр мені” деген де шығар-

ау.  Омбы  қарды  кеудесімен  соға-соға  жарып  қашқан 

әлгінің көргендердің айтуынша, омырауы аздап  қанап 

тұр.  Енді-енді  жетіп  елікті  ұстамақ  болған  қасқыр 

еліктің  аяғы  ауылдың  шетіне  іліккенде  барып  кілт 

тоқтап, кері бұрылып, жөнімен ары кете барыпты. Әлгі 

байғұс елік болса ауылдың шетіндегі көше аяғынан кі-

ріп, қой бағатын Нұрғиса атаның сыртта тұрған алпыс 

шақты қойының үстін баса-көктеп, тапырақтап өтіпті 

де, арғы беттегі күнгейлі таулы жотаға қарай көтеріліп 

кетіпті.  Өйткені  теріскейдегідей  емес,  күнгейлі  бетте 

қанша дегенмен қар жұқалау да көп жатпайды. Оның 

үстіне әлгі жота қар жататындай да емес, тік еді.

Адамдардан пана іздеп келген әлгі бейшара еліктің 

көретін  күні  бар  екен.  “Кім  ойлапты  тапа-тал  түсте 

ауылымыздың ішіне елік қашып келеді деп. Әшейінде 

көшеде  қаңғып  жүретін  бірде  бір  иттің  со  сәтте 

болмағанын  қарашы!  Нұрғиса  атаның  үйіндегі  үш-

төрт иті де қаннен қаперсіз қала беріпті!” деп өкінісіп, 

таңғалысқан жұрттың әңгімесі біраз уақыт басылмай, 

гуілдегені әлі есімде.

Адамзат  баласы  сияқты  жан-жануарлар  да,  тіпті 

кеудесінде  соғып  тұрған  жүрегі  бар  тіршілік  иесінің 

бәрі де өмір сүруге құқылы ғой! Иә, құқы бар. Кейде 

соның парқын түсініп, жете ойланбаймыз-ау. “Малды 

адам үшін жаратқан. Азық етсін деп. Аң-құстар да со-

лай. Әлсізді  әлдінің ұстап жеуі – ол өмірдің заңдылығы. 

Алла тағалам бәрін өзі реттеп отырады” дейтініміз де 

бар. Дұрыс-ақ! Ал, жаңағыдай жыртқыштардың ажал 

аузынан қашып, адамдарды  ақыл-есі бар пенде ретінде 

паналап  келгенінде,  қолға  түскен  аң-құсты  бір  уақыт 

аяп, аяласақ қайтеді осы! Жаңағы жұдырықтай  кекілік 

кімнің аузына жұғым болды дерсің.

Аш қасқырдың жағы қарысып қалады. Сол жылғы 

жұтта ауылымыздағы Еркін деген азамат (қазір өмірде 

жоқ) таңертеңгісін тұрса, ауладағы сиырының құйрық 

тұсын иіскелеп бір иттің тұрғанын көреді. Көреді де, 

бұл  неғып  жүрген  ит  өзі  деп,  ақырындап  бажайлап 

қарайды.  Сөйтсе  әлгі  ит  емес,  ашыққан,  аштықтан 

жағы  ашылмай  қарысып  қалған  қасқыр  екен.  Қарап 

тұра ма, Еркін күректі алып, оны қақ маңдайдан періп, 

ұрып  алған  еді.  Ит-құс  та  осылайша  азық  іздеп,  тіп-

ті  қораға,  аулаға  кіріп  кеткен  жай  бар.  Егер  ол  жағы 

қарыспаса  Еркіннің  сауып  отырған  сиырын  жарып 

өлтіретіні сөзсіз еді.

Жыртқыш  аңның  жөні  бөлек.  Мүмкіндігі  бол-

са  малыңды  қастандықпен  аяусыз  түгел  қыратын 

қасқырдың  өзін  мүлдем  жойып  жіберуге  ,  қырып 

тастауға  болмайтынын  мамандардан  естіп,  киноде-

ректерден көріп жүрміз. Сол қасекеңнің де табиғатқа, 

мына өскен ортамызға тигізетін пайдасы бар. Олар ауру 

аңдарды ұстап жейді, дерттің кең тарап кетпеуіне осы-

лайша  өз  “үлестерін”  қосады.  Сондықтан  да  табиғат 

атаулы адамзат арасында тепе-теңдіктің қатар жүруін 

қалайды. Әйтсе де, адам бойында аяушылық сезімнің 

болуы кейде мына қатал өмірде сені қатал жолдардан 

сақтандыратыны да кәміл.

Көрдіңіз  бе,  жаңағы  қырғи  жыртқыш  құс  болса, 

қасқыр – түз тағысы, ол да жыртқыш. Екеуі де адам-

нан сескеніп, қуып келсе де, батылы бармай, ауылдан 

аспай кері қайтты. Жемтігін қуған жыртқыштар адам-

нан қашып жоламады. Ал, кекілік те, елік те, олардың 

алдында  тым  дәрменсіз  еді.  Біздерден  қанша  жерден 

қорықса  да,  жан  сауғалаған  сәтте  адамзат  атаулыдан 

қамқорлық  күтетінін,  жасқанса  да  жақындайтынын 

жаңағыдай жағдай дәлелдеп отыр. Осыны бір сәт ойла-

нып көрдік пе?

Ал,  аң-құсты  аяусыз  көп  атқандардың  ұзақ  өмір 

сүрмейтінін  естіп  те,  көріп  те  жүрген  жоқпыз  ба! 

Ойланыңызшы бір сәт.

 

 



 

Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

 

 

Қазақстан Журналистер одағы 

 

 

 

сыйлығының лауреаты,

 

 

 

ҚР Мәдениет қайраткері

  Ойтолғам

АДАМНАН КЕЛГЕН АЖАЛЫ



...АВТОБУСЌА МІНДІК. ЖОЛДАН АСАНƏЛІ ƏШІМОВ, ОРАЛХАН БҐКЕЕВ МІНДІ. 

...АВТОБУСЌА МІНДІК. ЖОЛДАН АСАНƏЛІ ƏШІМОВ, ОРАЛХАН БҐКЕЕВ МІНДІ. 

9

Алпысыншы 

жылдары 

студент 

болған 

ағаларымыз  бен  апаларымыздың  өнерге  құштар 

болғанын Шәмші әндерін сүйіп, Әуезовтің лекция-

сынан қалмай, театр мен концерт репертуарларын 

түгел білгенін үлгі ретінде түсінеміз. Сол кісілердің 

жалғасындай  біздер  де,  70-80  жылғы  студент-

тер  өнерге  құштар  болдық.  Соның  дәлелі  ретінде 

студент  кездегі  күнделігімнің  бетінен  үзінділер 

ұсынғым келді. 

Бәлкім,  кітап  оқымайтын,  театрға  бармайтын, 

кино  көрмейтін,  тілін  құрметтемейтін,  халқының 

салт-дәстүр,  бай  мәдени  мұрасынан  мақұрұм 

компьютербас  жастарға  нарық  заманы  билеген 

уақытта  барлық  мәселе  ақшаға  тірелмейтінін 

түсінуге жәрдемдесер деген ойдамын.

Мылтықбай Ерімбетов, 

Жазушылар одағының мүшесі.  

Редакциядан:  

Мылтықбай  Ерімбетов  –  танымал  ақын.  Бір-

неше  жыр  кітаптарының  авторы.  Оның  “Сту-

дент  күнделігіндегі”  аты  аталған  кейіпкерлері, 

курстастарының  көбісі  бүгіндері  есімі  елге  жақсы 

танымал  қаламгер,  жазушы,  ақын,  журналист. 

Мылтықбай  Ерімбетовтың  КазГУ-дің  журнали-

стика факультетіне оқуға түскен алғашқы күннен 

бастап  студенттік  өмірден  жазған  күнделіктері 

қызықты оқылады. Оқиға желісі алға жетелеп от-

ырады. “Күнделікке” қарап сол кездегі студенттік 

өмірді  бастан  кешкен,  бүгінде  арада  қырық  жыл 

өткен соң өздері де ата-әже боп отырған қаламгер 

әріптестерімнің ой-тұжырымдары мен пәлсәфалық 

пайымдарына  қарап  бүгінгі  жастарға  қарағанда 

болашағына  деген  ерекше  ынта-ұмтылысын,  ерте 

есейген ерекшеліктерін де аңғару қиын емес. 

15 желтоқсан, 1973 жыл.

...Кітапханада  Б.  Бұлқышевтің  «Заман  бізді-

кі»  шығармасын  оқып  отырып,  кеш  қарайғанын 

байқамаппын.  Кітапты  бітіріп,  өткіздім.  Күшті  кітап. 

Жарық  дүниеде  көп  тұрақтай  алмаған,  жарқылдаған 

жалын жастың жаһанға жар сала айтқан соңғы жыры 

секілді. Сол соңғы жыры – жалын жыры арқылы жер 

бетінде есімін  қалдырып  кеткенін  білер  ме  екен  Бау-

бек?!  Оқып  отырғанда  көз  алдыма  от  ортасында  ар-

палысып  жүрген  Баубек,  сол  сияқты  ағалар  елестеді. 

Арманда кеткен асыл боздақтар-ай! Маған осылай ай-

туды, олардың ерлігін мойындауды Баубек үйретті. 

... Сыртқа шықтым. Күн суық, тұман бөгіп тұр. Кур-

стасым Серік Жанәбілов бар жанымда. Қар ма, қырау 

ма,  әйтеуір  дүние  ағарып,  алабарқынданып  жатыр. 

Асығып келеміз. ҚазГудің №4 оқу корпусында Тахауи 

Ақтановпен кездесу болады. Соған асығып келеміз. 

Серік  Ілияс  Жансүгіровтың  аулынан.  Сол  жай-

лы  деректер  жинап  жүрмін  дейді  ол.  7-8  өлеңі  мен 

«Қолбала»  поэмасын  жазып  алыпты  шалдардан.  Мен 

таңқалдым әрі риза болдым. Қолбала – ақын. Әділдік 

жайлы  жырлаған  оны  ағалары  құмға  басын  тығып 

өлтіріпті. Өз ағайындары жайлы, бейне жамандаған се-

кілді ащы шындықпен жазылған поэманы ағайындары 

жаратпаған, осыған ыза болған Ілияс баспаға бермейді. 

Ел аузынан Серік соны жазып алыпты. Ауыл шалдары 

жатқа біледі дейді. 

«Қазақ  әдебиетіне»  жаңағы  поэма  жайлы  Серік 

мақала беріпті...

...316-  аудиторияға  кісі  толып  отыр.  Бәрінің    көзі 

есікте.  Әлден  соң  Тахауи  Ахтановпен  бірге  бір  топ 

ақын-жазушылар  кіріп  келді.  Ду  қол  шапалақтау. 

Құрмет  деген  осы  ғой!  Тына  қалдық.  Көзім  Тахауи-

де.  Ұзын  бойлы,  толық  ірі  келген,  алаңдау  кісі  екен. 

Шашы  ағара  бастаған.  Сонда  да  қайраттылығы  білі-

неді. Отырғандар: Т. Ахтанов, Ғ. Қайырбеков, Қ. Иса-

баев,  Ш.  Сариев,  Ф.  Оңғарсынова,  А.Бақтыгереева, 

Ә. Нұрпейісов, Ә. Кекілбаев, Е. Домбаев, З.Қабдолов, 

К.  Аханов,  Р.  Нұрғалиев.  Кездесуді  филология 

факультетінің  деканы,  ғылым  докторы,  профессор 

Кәкен Аханов ашты. Тахауи жайлы айтты. Айта келіп, 

ол сөзді Зейнолла Қабдоловқа: (филология ғылымының 

докторы, профессор) берді:

-  Тахауи  Ахтанов  қалың  қауымның  сүйікті  жазу-

шысы. Мен ұнататын қасиеттері:

1.Қатал реализмі. 2. Терең психологизмі.

Өз  шығармаларымен  ол  осының  үлгісін  көрсетіп 

отыр.  «Борандағы»  Қоспан  әскердің  оң  жағында 

тұрса, бойының ұзындығымен емес, шығармаларының 

мәнділігімен  Тахауи  да  қазақ  совет  жазушыларының 

оң  жағын  алып,  «правофланговый»  болып  тұр. 

Құттықтаймын!  –  деп  ол  мінбеден  түсті.  Аз  сөзімен 

көп нәрсе айтып, риза етіп кетті. 

Белгілі,  талантты  сыншы,  жазушы  Асқар 

Сүлейменов:  

–  Өлі  туатын  төл  болса,  өлі  туатын  шығарма 

да  бар.  Қазақ  әдебиетіндегі  бір  кесел,  осындай 

шығармалардың  кіріп  кетуі.  Алайда,  Т.  Ахтановта 

ондай шығармалар жоқ. Және бір кесел, шыға шабар 

өтірік.  Ахтанов  творчествосы  шыға  шабар  өтірікпен 

ат құйрығын кесіскен. Есті оқушыны есінетер қоюсыз 

дүниесі  жоқ.  Бірегей  жазушының  мінезі  оркестр 

сияқты.  Даңғаза  барабандары  аз  кездесетін  Ахтанов 

творчествосында  симфониялық  қасиет  бар.  Ахтанов 

– қазақ әдебиетіндегі ұлы үрдістің белді мүшесі. Ұлы 

үрдіс – социалистік реализм. Ол – өзін дір еткізбеген 

нәрсеге қол қоймаған. Қағиданың бағы жаттанғаннан 

емес, ұстанғаннан жанады. Ахтанов тіліндегі бөлекше 

қоңырлыққа таңқалам – шешен екен. Сөзін толық ала 

алмадым. Риза етер риялы сөздері көп екен. 

Атақты ақын Ғафу Қайырбеков: 

– Осы үйде бізге деген жылы шуақ бар деп келдік. 

Салқындау екен. Қазір пальтомызбен сөйлеп тұрсақ та, 

сіздердің әдебиетімізге деген сезімдеріңізді көріп, жы-

лынып кеттік. 1946 жылы 17-18 жасар кезімде ҚазПИ-

дің аудиториясында жиналғанымыз есіме түсіп отыр.

Бәріміз  Тахаң  туралы  баяндамаға  дайынбыз.  Ең 

алғаш – осыдан дәл 25 жыл бұрын Қасым ақын үйінде 

бес-алты адам бас қосып едік. Ал, қазір, кітапханада, 

мектепте, бүгін университетте тату-тәтті күндерді ба-

стан  кешкен  Тахаңның  50  жылдығын  тойлап  жүрміз. 

Ендеше, бәріміздің де қуанышымыз қайырлы болсын! 

Ол Тахаңа арнап тамаша өлең оқыды. 

Белгілі жазушы Қалмұхан Исабаев:

–  Менің  Тахаңмен  кездесуім  қызық  болды:  1953 

жылы  желтоқсанда  трамвайда  кездескен  едім.  Неміс 

мақалын  айтайын:  «Өсер  елдің  ақыны  көп  болады, 

өшер елдің әкімі көп болады». Бізде ақын-жазушылар 

көп, соған қуанамыз. 

Адамды  өмірінде  екі  рет  мақтайды,  50-де,  100-де. 

Ендеше,  бүгін  Тахауиды  50-де  мақтап  отыр  екенбіз, 

дәл осы тобымызбен, осы қауымымызбен 100 жасында 

тағы мақтайық. 

Жазушы Есенжол Домбаев: 

– Шығарма күткен қауымды риза етсеңіз болды. 

Филология  ғылымының  докторы  Рымғали 

Нұрғалиев сувернир тапсырды. 

Жұмахан  Тілеуханов,  Ләззат  Ережепова,  Жанар 

Әдешова  шығармалары  жайлы  сөйлеп,  құттықтады. 

Өтеген  Оралбаев,  Шөмішбай  Сариев  арнау  өлеңдер 

оқыды. 

Юбиляр  Тахауи  Ахтанов  жиналғандарға  рахмет 



айтты. “Шығарманың көркемін кейін беремін деп елу-

ге келіп қалдым. Айтылатын үлкен сөзім алда сияқты, 

– деді ол. 

Арзан  мақалды  шығарушылар  көбейіп  кетті.  Сон-

дай шығармаларға сіздерде биік талғампаздық болуы 

керек. Жаман мен жақсыны ажырата білесіздер, егжей-

тегжейлі білсеңіздер екен. Тағы да рахмет!”

...Кездесуден  шығып,  №2  жатақханаға  Өтегенмен 

бірге келіп, өлеңдеріміз жайлы әңгімелестік. Өлеңдерді 

Қайратқа көрсету керек деді ол. Онысы да дұрыс. Өз 

өлеңдерін машинкаға бастырып қойыпты. Келісіп, сей-

сенбі күні барамын дедім...

Бөлмеге  келіп  кітап  оқыдым.  Расул  Ғамзатовтың 

«Менің Дағыстанымныың» 2 кітабы. Бітірдім, сондай 

тамаша кітап екен. Жақында кітапханада Қ. Бекхожин-

мен  кездесу  болатыны  есіме  түсті.  Зырлаған  уақыт, 

шіркін, пырақтайын...

19-20 желтоқсан, 1973 жыл.

...Сабақтан  шыққан  соң,  Қ.  Бекхожинмен  кездесу 

болатыны есіме түсіп, Ұлттық кітапханаға келдім. 

Кездесу  басталды.  Қатысқандар:  Қалижан  Бекхо-

жин, 60 жастағы мерейтой иесі, ақын, Ғафу Қайырбеков, 

Қайрат  Жұмағалиев,  Рахметолла  Райымқұлов, 

Әбдіхалық  Нарымбетов,  Аққұштап  Бақтыгереева, 

Фариза  Оңғарсынова,  Қабдікәрім  Ыдырысов,  Есен-

жол  Домбаев,  Әбдікәрім  Ахметов,  Әділбек  Абайділ-

данов  және  ақынның  қызы  Гуля  Бекхожина.  Ғафу 

басқарып отырды. Ақындар арнау өлең оқыды. Тама-

ша да жақсы өтті. Суретке түсіріп алдым. Кітапханадан 

шығып,курстасым  Бекен  Шоланов  екеуміз  КазГУ-дің 

бас корпусындағы сағат 6.30-да болатын «Жалын» ред-

коллегиясымен кездесуге жүгірдік. 

364  аудиторияға  кісі  көп  жиналып,  кездесу  ба-

сталды.  Қатысқандар:  Тұманбай  Молдағалиев,  ре-

дактор,  Төлен  Әбдіков  –проза  бөлімінің  меңгерушісі, 

редактордың  орынбасары,  жазушы,  Дулат  Исабеков, 

жазушы, Нұрқасым Қазыбеков – очерк және публици-

стика, ғылым мен өнер бөлімін басқарушы, Жарасқан 

Әбдірашев  –  поэзия  бөлімін  басқарады,  ақын.  Кеш-

ті  Абдул-Хамид  Мархабаев  ағай  басқарып  отырды. 

«Жалынның»  әр  бөлімі  жайлы  бөлім  меңгерушілері 

әңгімеледі.  Соңыра,  Ж.  Әбдірашев  өлең  оқыды.  Біз-

дер  де  өлең  оқыдық.  Университеттің  журналистика 

факультетінің  студенттік  ғылыми  қоғамы  «Жалын» 

аталатын.  «Жалын»  альманағының  мүшелерін  С  Ғ  Қ 

мүшелері етіп қабылдап, сувенир тапсырдық...

Тұманбай «Жалынды» ай сайын шығатын журналға 

айналдыруды айтты. Ол – болашақтың ісі. 

...Сыртқа «Жалын» жалындай берсін!!» деген тіле-

гімізді айтып шықтық. 

*          *           *

20  желтоқсан  күні  кешкі  сағат  19.30-да  Әуезов 

театрында  Тахауи  Ахтановтың  50  жасқа  толуына 

арналған  салтанатты  кеш  болды.  Тахауиға  әр  кол-

лектив  сыйлық  тапсырды.  Сонсоң,  ара-арасында  ән 

орындалып,  Тахауидің  «Сәуле»,  «Боран»,  «Махаб-

бат мұңы», «Күтпеген кездесу» атты драматургиялық 

шығармаларынан  үзінділер  қойылды.  Үзіліске 

шыққанда  көргендерім:  Қадыр  Мырзалиев,  Әминә 

Өмірзақова,  Есенжол  Домбаев,  Асанәлі  Әшімов,  Фа-

риза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, Сағи Жи-

енбаев,  Мұхтар  Шаханов,  Оралхан  Бөкеев,  Зейнолла 

Қабдолов, т. б.

Есік алдында А. Мархабаевты көріп қасына бардық. 

Серікқали Байменшин екеуміз әңгімелер айтып тұрып 

мен: 

-  Бауыржан  Момышұлын  әлі  көрген  жоқпын, 



мұндай салтанатқа келмейді-ау, - деймін дедім. 

Абдул-Хамид:

- Ауырып жатыр ғой, қатты жатыр, - дегені.

     Жүрегім су ете қалды. Тірі кісі жайлы ауыр сөзді 

жайбарақат  біреу  айтып  тұрса!  Бір  сәт  жетімсіреп 

қалдым. Аман-есен болсашы!

...Автобусқа міндік. Жолдан Асанәлі Әшімов, Орал-

хан Бөкеев, тағы 3-4 адам мінді. Жанымдағы Асанәліге 

қараймын.  Үп-үлкен  сақал-мұрт  қойған.  Қара 

көзілдірігін киген. Оралхан ойға батып тұр. Екеуінің де 

шаштары ұзын. Қызыға қарадым. Автобустағы жастар 

жалт-жалт қарасады... 



(Жалғасы. Басы өткен сандарда.)

  Студент күнделігінен

ҐТКЕН ЄАСЫРДЫЅ 80 ЖЫЛДАРЫНДАЄЫ АЛМАТЫ



– ƏКЕ, ƏКЕ! - ДЕП ЕКІ КҐЗІ ШАРАСЫНАН ШЫЄА ШЫРЫЛДАЄАН БАЛА ДАУСЫНА ЌАРАЄАН ДА ЖОЌ...

– ƏКЕ, ƏКЕ! - ДЕП ЕКІ КҐЗІ ШАРАСЫНАН ШЫЄА ШЫРЫЛДАЄАН БАЛА ДАУСЫНА ЌАРАЄАН ДА ЖОЌ...

1

1

0



0

Түрлі ақпараттардан адам жаны түршігерлік 

небір оқиғалардан, қатыгездік қылмыстардан ха-

бардар болып жатырмыз. “Ой, сұмдық-ай! – дей-

міз жағамызды ұстап. – Осыны жасаған қандай 

жауыз  адам  еді  өзі.  Қандықол  қарақшы  ғой! 

Жүрексіз ғой, жүрексіз! Әйтпесе мұндайды істер 

ме еді!? Тіпті естіген кісі есінен та-

нып қалатын жағдай ғой бұл!”.

Иә,  бүгінгі  әңгімеміз  балаларға 

қатысты.  Біреулер  бала  сүйе  алмай 

зар болады. Ал, енді біреулер болса, құдайдың бер-

ген баласын бақытым деп есептемейді, бақытына 

өзі балта шабады. Төменде өзгелер де опық жеп, 

орға түспесін деген оймен 

болған оқиғалар желісінде 

жазғанымды  ұсынып  от-

ырмын.

...Жанат  пен  Жазираның 

отасқандарына 

(аты-


жөндерін  белгілі  себептер-

мен өзгертіп алдым. М.Ә.) он 

жылдан  асса  да  орталарын-

да бала жоқ еді. Бұл жағдай 

екеуінің де жанын күйзелтіп, 

жатса-тұрса 

естерінен 

шықпайтын,  күндіз-түні  ма-

залайтын  түпсіз  бір  уәйімге 

салғаны  қашан.  Ертелі-кеш 

мал  соңында  жүреді.  Кінә 

өзінен  бе,  әлде  әйелі  Жази-

радан ба, оны Жанат та біл-

мейді. Себебін анықтау үшін 

барса  дәрігерге  екеуі  бірге 

баруы керек. Ал, малға қарайтын кім бар? Оның үстіне 

баратын жер де жақын емес. Орталыққа, қалаға жету 

бір азап. Әне, міне деп жүріп осылайша көп уақыттарын 

да оздырып алған. “Жазираның жатыры бір майланар, 

оған бір бала байланар. Биыл көтермесе, келер жылы 

Алла тағалам бізді жарылқап, құшағымызға бір нәресте 

берер” деген ой-үміт жетегі де Жанатты үнемі тежей 

берген еді. Мал соңында жүрген оның “жынды судан” 

анда-санда ұрттап алатыны да бар еді. Ондайда жаңағы 

жағдай есіне түсіп өзін қоярға жер таппай кететін Жанат 

дүкеннен небір тәтті-мәтті сатып алып, көшеде алды-

нан кездескен бала-шағаға уыстап үлестіретін. Аттың 

ана  жағына  бір  ауып,  мына  жағына  бір  ауып,  тойып 

келген  Жанатты  Жазира  төсегіне  жайғастырып,  мал-

ды өзі реттеп, кейде кешкі асын ішпей жатып қалатын. 

Күн артынан күн осылай зымырап өтіп жатты.

Бүгін  де  кешті  әзер  батырды  екеуі.  Кешкі  аста-

рын  ішісімен  ұзамай  жатып  қалған.  Үйлері  ауылдан 

жырақтағы  малшылар  қыстағында.  Ермек  ететін  не 

теледидар жоқ. Ары-бері аунақшып дөңбекши берген 

Жанаттан ұйқы қашқан. Баяғы ой жанын жеп барады.

–Жазира,  –  деді  бір  кезде  теріс  айналып  жатқан 

әйелін өзіне аударып. – Сен де ұйықтамай жатырсың 

ғой. Білем. Шіркін, дәл қазір ортамызда сәбиіміз жатса 

ғой. 


Отағасының арманына құлақ түріп “айта бер” деп 

баяу үн қатқан Жазира көптен бергі ойын зығырданы 

қайнай  осы сәт айтып салды.

–Ішіп  келген  күні  қорылға  батып,  рахаттанып 

ұйықтайсың.  Ал,  менің  көз  ілмей  таңды  атырып 

жүргеніме  талай  күн  болды...  Сен  соны,  –  дей  бер-

ген  сәтте  тыңдай  берсе  енді  тоқтамай  дамылсыз 

сөйлейтінін  білетін  Жанат  Жазираны  бауырына  қыса 

құшақтады да, былай деді:

–Саған  көптен  бері  айтсам  деген  бір  ойым  бар. 

Соны  айтайын.  Сен  тыңда,  шешімді  екеуміз  бірлесіп 

қабылдаймыз.

“Арада  баламыз  болмаған  соң  Жанат  мені  тастап 

кетемін, ажырасамыз деп айта ма” деп күдіктенген Жа-

зира “О, Алла, Жанат тек олай деп айта көрмесін!” деп 

іштей тәңірге табына берген сәтте:

–Жазира, сен қарындасым Сәндүгүлді білесің ғой, 

–  деген  оның  даусынан  жақсылық  ауанын  аңғарып, 

қобалжыған көңілі орнына түскендей болды.

–Иә, білемін ғой Сәндүгүлді, неге білмейін,– деді 

бұл. – Көрші ауылда емес пе олар?

–Иә,  сонда  ғой,  сонда.  Еш  жаққа  көшкен  жоқ. 

Сәндігүлдердің  бір  жарым  жастағы  Жылқыбай  деген  

кенже ұлдары бар емес пе, соны бала ғып  бауырымызға 

басып  алсақ  қайтеді?  Өзі  жаңа  жүре  бастапты,  –  деп 

жеделдете сөйлейтін әдетімен ойын тез жеткізіп айтып 

салды.

–Сенің  айтқаның  болады  ғой.  Сәндігүл    маған  да 



бөтен емес. Менің туған қайын сіңлім. Өстіп жүре бер-

генімізше, сонымыз расында дұрыс шығар, – деді Жа-

зира. Басқа ештеме демеді.

Әнеукүні  Жанат  ағасы  үйіне  бір  келгенде  оның 

мүшәпір халін көріп аяп кеткен Сәндігүл Жылқыбайы 

туралы ойы мен осы ұсынысты оған өзі айтқан-ды. Со-

дан  ертесіне  бір  дөнен  жылқыны  Сәндігүлдікіне  же-

тектеп апарып, Жылқыбайды алдына отырғызып алып 

қайтқан Жанат пен Жазираның қабағына  күн қонып, 

үйдің іші сәби күлкісіне бөленген әдемі күндер жыл-

жып  өтіп жатқан.

Арада  алты  ай  уақыт  өтті  ме,  өтпеді  ме,  Жази-

ра  жоқ  жерден  бүлінетінді  шығарды.  Әйтеуір  ілік 

іздеп  тұратын  болды.  Оған  себеп  болған  мынадай 

жағдай еді. Бала емес пе, аяғы шығып жүгіріп жүрген 

Жылқыбайлары  жер  ошақ  үстінде  тұрған  төрт-бес 

кесені  төңкеріп  құлатыпты  да,  оның  екеуі  ортасынан 

қақ бөлініп, сыныпты. Мұны көрген Жазира жетіп ке-

ліп, Жылқыбайдың құйрық тұсынан аямай бір-екі рет 

салып-салып  жіберген.  Баж  етіп  жылаған  бала    әкесі 

Жанатқа кемсеңдей жүгірген. Мұны көрген Жазира да  

жыландай жиырыла қалған.

–Қарашы сұмырайдың, тұқымын  танытып тұр бұл 

пәле. Менің құрсағымнан шықса ғой, бүйтпес еді. Ен-

дігі әрі кесе тұрмақ  анау стақанды сындырып көрші! 

Көрсетейін мен саған! 

Кесе деген не, тәйірі. Сынса, басқасын алуға болады 

ғой. Сындырмас үшін баланың қолы жетпес жоғарыға 

қой оны.

Сол  жолы  араға  түскен  Жанат  та  шартпа-шұрт 

қатты  кеткен.  Бала  болса  да  бұл  үйге  бөтен  екенін 

Жылқыбай да сезетін секілді. Кім іш тарта сөйлесе, кім 

жылы қабақ танытса, бала да соған жақындайды емес 

пе, Жанатпен құшақтасып ұйықтап жүргеніне бір ай-

дай уақыт болған. Мұндайда жалғызсырап, бүк түсіп, 

теріс айналып жататын Жазираның іші қара-қазандай 

еді. Бір жағы қызғаныш болса, екіншіден, үнемі зекіп 

сөйлейтін Жазираны Жылқыбай да жанына жуытпай-

ды. Үнемі бұртиып отырып тамақ ішеді. Бер жағымен 

“Келе  ғой,  қалқам!”  деген  Жазираның  бойынан  бала 

да салқындық пен суықтықты бәрібір сезіп, бедірейіп 

қалатыны бар.

Бұл жағдай Жанаттың жанына қатты бататын бол-

ды.  “Баланы бекер-ақ алған екенмін. Обалына қалатын 

болдым” деп өкінген күні аз емес. Тіпті үйіне апарып 

тастауға неше рет оқталып барып, Жылқыбайға әбден 

бауыр  басып  қалғандықтан,  ол  райынан  неше  рет 

қайтқан.


Адамды шайтан, жын түртемін десе оп-оңай екен. 

Әйелімен арадағы осындай келіспеушілік пен кикілжің 

Жанаттың да көңілін күннен күнге жүдете түсті. Тіпті 

еш нәрсеге зауқы жоқ. Үйдегі алданышы, “әке” деп ай-

тып алдымен тілі шыққан кішкентай Жылқыбайы да бұл 

ішіп келгенде көзіне албастыдай көрінетін болды. Тіпті 

“сен  үшін  әйеліммен  айқайласып,  араздасып  жүрмін. 

Кет  әрі!”  деп  қатты  зекіп,  еркелеп  иығына  асылған 

Жылқыбайды  жұлқып  тастап,  ары  итеріп  жіберген 

кездері де болды. Бұдан  кейін бала оған қалай жолай 

қойсын. Ішіп келгенде, даусын анадайдан естісімен бір 

бұрышқа барып тығылатын болды. Оның үстіне күнде 

қыт-қыттап айдақтаған Жазираның құлақ етін жейтін 

сөздері отқа май құйғандай болды. “көрдің бе!– деді ол 

бірде Жанатқа. – “Қасқырды қанша асырасаң да далаға 

қашады” деген. Бұл – бізге бөтен ғой. Бөтендігін істеп 

тұр.  Әне,  түрін  қарашы.  Бізге  жақтырмай  қарайды 

әуелі. Кімнің үйінде тұрып, кімнің үйінен тамақ ішіп 

жүргенін  бұл  бәтшағар  жүгермек  біледі  ме  екен! 

Бұл  өспей  жатыр.  Қазірдің  өзінде  істеп 

отырғаны  мынау.  Өссе,  бұл  бала  бізге 

күн көрсетпес. Әй, Жанат, мынаның көзін 

жоғалт! Алған жеріңе қайтып апарып та-

ста!” деген сөздері құлағында үнемі ызыңдап тұратын 

Жанаттың  көз  алды  тұманданып  кетті.  Тағы  да  ішіп 

келген  сәті  еді.  “Әй,  әкеңнің  аузын...  .  Қайда  кеткен 

өзі?!”

–Оны  не  қылайын  деп 



едің?  –  деп  ыздиа  қалды 

Жазира екі бүйірін таянып.

–Керек маған!

Ақыры 


не 

керек, 


Жылқыбайды 

қораның 


ішінде  тығылып  отырған 

жерінен тауып алған Жанат 

оны  бір  сирағынан  қойша 

сүйреп әкеп, мойнына қыл 

шылбырды  салды  да,  ерт-

теулі аттың үзеңгісіне бай-

лады.

–Әке,  әке!  –  деп  екі 



көзі  шарасынан  шыға 

құлындаған    даусымен 

жалбарына  шырылдаған 

Жылқыбайдың  жалыныш-

ты  үніне  де  қараған  жоқ. 

Ашуға  мінген  сәтте  оны  тоқтату  қиын  екенін,  тіпті 

еліріп  кететінін  білетін  әйелі  бұл  сәтте  ешнәрседен 

бейхабар,  үйде  тығылып  отырған  еді.  Ойпырым-

ай!  –  десеңші.  Баланы  үзеңгіге  байлаған  соң,  Жанат 

жайбарақат  “шу,  жануар”  деп  қарақасқа  айғырының 

жамбас тұсынан қамшымен бір-ақ тартты. Атырылып 

әзер тұрған айғыр не істесін, жөңкіп ала жөнелді. Жам-

бас тұсында сүйретілген бейкүнә Жылқыбайды тағалы 

тұяқ дамылсыз тепкілеп бара жатты. Бейкүнә сәби екі 

жас сегіз айында осылайша аяқ асты кісі қолынан мерт 

болды.


Осынау ауыр қылмыс 2009 жылы жасалынған еді. 

Ат ізін салып жиі-жиі хабарласып тұрмаған соң, бер-

ген  баласының  бұл  қайғылы  қазасынан  Сәндігүлдер 

де мүлдем бейхабар болатын. Қылмыс араға үш жыл 

уақыт салып барып, 2012 жылы ашылды. Тергеу кезін-

де  бәрі  белгілі  болды.  Қылмыскерлер  тиісті  жазасын 

алды, әрине.

Мұндай  аса  ауыр  қылмысты  жүрегі  жоқтар  жа-

сайды. Кеудеде жүрек жоқ емес-ау, бар ғой, бірақ өте 

жауыз адамды жұрт жүрексіз деп дөп басып айтқанын 

қайтерсіз.

...Көңілдесімен  отбасын  құру  үшін  Е...  есімді 

әйел  ажырасқан  күйеуінен  қалған,  өзінің  құрсағынан 

шыққан  екі  баласын  “жүріңдер,  серуендеп  барып 

қайтайық  тоғайға”  деп  алдап  апарып,  екеуін  де  өз 

қолымен шылбыр салып буындырып өлтірген жайтты 

да көп теледидарлардың бірінде көрсетті. Ресей жақта 

болған  оқиға  бұл.  “Балаларыңды  тастасаң  ғана  саған 

үйленемін  деп  шарт  қойды  маған”  деп  сотта  соңғы 

сөзін  айтыпты  өз  балаларын  қатыгездікпен  өлтірген 

әйел. “Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар” деген, 

өз бақытына балта шапқан әйел енді бақытты болар ма 

екен! Күнәсін Құдай да кешірмес. Құрсағынан шыққан 

сәбилерін өзі өлтіргені үшін.

Жұмыссыз  отырған  соң  ішерге  ас,  киерге  киім 

таппаған тағы бір қылмыскер әйел (Есік қаласында) ер 

жетіп, ес кірген екі баласын пышақпен бауыздады осы 

биыл. Оның бірі қанға боялып, әлсіреп жатып “мама, 

өліп барамын, көмектесші!” деп көзі жәудірей жалбары-

на қолын созыпты. Мұны тергеу абақтысында отырған 

қылмыскер әйелдің өзі айтып отыр. Бұл – баласының 

соңғы  сөзі  екен.  Балаларын  бауыздағанымен  олардан 

құтылып, жұмыс та табылған жоқ, әрине. Қылмыскер 

атанды.  Ендігі  оның  өмірі  тор  терезе,  тас  керегеде 

өтетіні  белгілі.  Тұйықталған  өмір  әйтеуір.  Қылмыс 

түбі – құрдым деген осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет