Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата03.03.2017
өлшемі11,94 Mb.
#5912
1   2   3   4   5

Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

 

 

 

Қазақстан Журналистер

Одағының мүшесі

 Сұмдық-ай!

ЖАУЫЗДЫЌ – ЖЇРЕКСІЗДЕН



(деректі әңгіме)

«Дос сыртыѕнан маќтар, дўшпан кґзіѕе маќтар». 

«Дос сыртыѕнан маќтар, дўшпан кґзіѕе маќтар». 



(Халық мақалы)

(Халық мақалы)

11

Мақтансүйгіштік  –  адам  бойына  жабысқан  кеселдің 



бірі.  Бұл  жайында  қасиетті  Құранда  «Аллаһ  барлық 

дандайсыған 

мақтаншақтарды 

жақсы 


көрмейді» 

деп  пенденің  кеудемсоқтығы  Жаратушы  Иемізге  де 

жақпайтындығы  айтылған.  Өзін  үнемі  басқалардың 

қолпаштағанын, қошамет сөз айтуын, әр ісін мақұлдап, оң 

қабақ танытып жылбырап тұруын тілеп тұратын пендеші-

лік қылықты Пайғамбарымыз да ұнатпаған. Сол себепті 

болар, бірде бір кісіні жер көкке сыйғызбай мақтап жатқан 

көпшілікті көргенде ақиық Елші (с.ғ.с.) «Ана бейшараның 

желкесін  үздіңдер  ғой»  деген  екен.  Сірә,  мақтаған  сай-

ын  ол  адам  бара-бара  ісініп-кебініп  тәкаппарлыққа  са-

лынады,  ал  тәкаппарлық  оны  тозаққа  сүйрейді  ғой  деп 

аяушылық  білдірсе  керек.  Пайғамбарымыз  басқа  да  ха-

дистерінде  бұл  турасында  «Бір-біріңді  мақтаудан  абай 

болыңдар. Ол мақтамен бауыздағанмен тең»; «Бір діндес 

бауырыңыздан бір нәрсе сұрағанда, оны мақтамаңыз. Бұл 

оның  белін  сындыру»,  «Мақтауды  жақсы  көру  –  адам-

ды соқыр әрі керең қылады. Өз кемшіліктерін көрмейді. 

Ақыл  айтсаң  тыңдамайтын  болады»  деген.  Расында  да, 

жұрттан мақтау көп естіген жанның құлағы бітеліп, көзін 

шел басатыны белгілі. Ондай жан мақтау сөзге әбден се-

міргені сонша, алда-жалда біреу оған бір кемшілігін айта 

қалса,  «ел  байқамағанды  сен  байқап  қалдың  ба»  деген-

дей  дереу  шамданып,  ашушаң  мінез  көрсететін  болады. 

Тіпті әлгі адамды өзіне жау көріп қалуы да ғажап емес. 

Пайғамбарымыздың хадистерін өмірлік ұстаным деп біл-

ген сахабаларымыз да мақтау сөз, қолпаштау, қошаметтен 

барынша  бойларын  аулақ  ұстаған.  Хазіреті  Омар  бірде 

өзін  мақтай  жөнелген  біреуге  ашуланып,  «Сен  мені  де, 

өзіңді де құртпақсың ба?!» деп ұрысқан екен. Тағы бір-

де бір ғұлама кісі өзіне мақтау сөзді үйіп-төккен біреуге 

«Сен мені қалай мақтайсың?! Мені жақсы танымайсың да 

ғой. Жоқ, ашулы кезімде мені сынап па ең, жоқ, менімен 

сапарлас болып па едің, әлде маған бір нәрсені аманат-

тап  мен  оған  қиянат  жасамап  па  ем?!  Өзің  іші-сыртын 

жақсы танымайтын адамды қалай мақтайсың?!» деп оны 

сөйлетпей, тыйып тастаған екен. 

«Көзінше  мақтағанша,  көтеріп  алып,  отқа  сал»; 

«Қыранмын деп мақтанба, жаюлы тұрған тор бар, Батыр-

мын деп мақтанба, қазулы тұрған ор бар»; «Мақтаншақтың 

үйі  қысыр  сиырдан  айран  ұйытады»;  «Дос  сыртыңнан 

мақтар, дұшпан көзіңе мақтар»; «Ақымақ кісіні мақтасаң 

– ақылынан айырылады,

Ақылды  кісіні  мақтасаң  –  көп  ойланады»,  «Ақылды 

мақтанса,  істі  тындырар,  ақымақ  мақтанса  аяғын  сын-

дырар»  деп  халық  даналығында  тілге  тиек  етілген  осы 

мақтанудың  кесірін  жақсы  білгені  болар,  ертеде  Қытай 

басшысы  өздерін  маңайындағы  елдердің  біреуі  мақтай 

қалса,  дереу  жақсы-жайсаңдарын  жиып  алып  «Ежелден 

жау көршілес ел бізді мақтап жатқан көрінеді, қане, қай 

жерде  қателік  жібердік,  жақсылап  ойланайықшы»  дейді 

екен. 

Осы  тұста  мына  бір  ғибратты  мысал  да  кісіге  ой 



саларлық.   

Бірде  Харұн  Рашит  пен  данышпан  Шақиқи  Бәлхи 

әңгімелесіп  отырса  керек.  Бір  мезет  патшаға  даныш-

пан  оқыстан  былай  деп  сұрақ  қойыпты:-Патшам,  ұшы-

қиырсыз  шөл  далаға  тап  болдыңыз.  Неше  күн  жүріп 

шөл қысып өліп бара жатқан жайыңыз бар. Алда-жалда 

алдыңыздан  біреу  шығып:  «Бір  жұтым  су  берем,  ажал-

дан аман қаласың. Бірақ маған байлығыңның жартысын 

бер» десе берер ме едіңіз? Патша ойланбастан: «Қу жа-

нымнан қымбат па, берер едім», – депті. Шақиқи Бәлхи: 

«Дұрыс айттыңыз», – деп, артынша, – «Уа, патшам, – деп-

ті,-  сіз  ол  суды  ішкенмен  әлден  уақытта  дәрет  қысып 

өлер болдыңыз. Өздігіңізден шамаңыз келер емес. Әлден 

уақытта  біреу  келіп  «Маған  қалған  жарты  байлығыңды 

бер, ішкен суыңды қайта сыртқа шығарасың» десе берер 

ме едіңіз? Патша «Иә, бермеске амал бар ма?», – депті. 

Сонда данышпан «Әй, Харұн! Ендеше, басыңа іс түскенде 

ішіп  қайта  сыртқа  шығарған  бір  жұтым  су  құрлы  құны 

жоқ байлығыңа есіріп, ешқашан мастанушы болма!»,- деп 

үлкен ой салған екен.

Расында  да  қолдың  кірі  байлыққа  бола  адамның 

мақтана  қоятын  жөні  жоқ.  Өйткені  байлық  та,  кедейлік 

те адам баласы үшін – бар болғаны сынақ. Мұң-мұқтажға 

қарассын, сауап алсын деп берген байлық адамды қайта 

тәкаппарлыққа,  кедейлерді  адам  құрлы  көрмейтін 

өркөкіректікке  ұрындыратын  болса,  онда  ол  байлық 

иесінің соры ғана. 

Иә, байлық – сынақ, сол себепті адам өзімен әкелмеген, 

кетерде өзімен бірге ала кетпейтін байлығына мақтанбауы 

керек. Күн сайын астаң-кестеңі шыққан мына дүниеде көп 

жыл тірнектеп жиған дүние-мүліктің бір-ақ күнде көзден 

бұл-бұл ұшатыны көз көріп, көңіл түйіп жүрген жайт, тіп-

ті бір зілзаламен-ақ көзіңізге ыстық көрінген дүниеңіздің 

бетін топырақ жасыруы таңғаларлық емес. Басынан бағы 

тайған шақта, бақ-дәулеттің іске аспай қалатынын жақсы 

білген данышпандар осы себепті артқа «Адам ештеңенің 

де  мәңгілік  егесі  емес,  уақытша  күзетшісі  ғана»  деген 

мәні терең сөз қалдырған екен.

Кеше  бір  тамшы  судан  жаралып,  ертең  өзін  кәрілік, 

ауру-сырқау,  өлім,  қабірде  құрт-құмырсқа  күтіп  тұрған 

пенденің  бүгінгі  қысқа  уақытында  өз  бойындағы  артық 

қасиеттерін  айтып  мақтануы  да  ақылға  қонымсыз.  Бұл 

жайында Ыбырай Алтынсары /1841-1889/ бабамыз былай 

дейді: 


Мақтанба сұлумын деп ажарыңа, 

Ажарсыз адамдарды ал назарыңа! 

Зылиха, Жүсіппенен сұлу өткен, 

Тұрмаған ажар ара ажалына.

Иә, ең көрікті етіп жаратқан пендесі Жүсіп пайғамбар 

да, Зылиха сұлулар да қанша сұлулықтарына қарамастан 

түбі ажал құшқан. Сұлулықтары оларды ажалдан араша-

лап қала алмаған. Ендеше, адамға Аллаһ көрік берсе, оған 

мақтанып,  өзгелерге  мұрын  шүйіргеннен  гөрі  дұрысы 

ажарсыз  адамдарға  қарап,  Аллаһқа  шүкіршілік  еткен 

дұрыс.

Асыра  мақтау  ешқашан  да  адамды  жақсылыққа 



апармаған,  керісінше  күнәға  батырған.    Осыдан  болар 

пайғамбарымыз бірде сахабаларына «Мәриямұлы Исаны 

мақтағандай мені мақтауда тым шектен шықпаңдар. Мен 

бар  болғаны  Аллаһтың  құлы  әрі  Елшісі  ғанамын»  деп 

ескерткен. Расында да, Иса пайғамбарды асыра мақтаған 

христиандар  оны  Құдайдың  ұлы  деуге  дейін  барып, 

адасушылыққа ұрынған. Алайда, бұл дегеніңіз өмірі ешкім-

ге жақсы сөз қимау дегенді білдірмейді. Пайғамбарымыз 

бір  кісінің  жақсылығын  көргенде,  оны  оған  айту  керек-

тігін, өйткені сіз айтқан жағдайда ол адамның жақсылық 

жасауға деген құлшынысы артатындығын білдірген. Бұл 

өз кезегінде халқымыздың «Жақсының жақсылығын айт, 

нұры тасысын» дегенімен мәндес.

Кей адамның өзін-өзі мақтауы сырттай оғаш көрінетіні 

де  белгілі.  «Өзін  мақтау  –  ауамен  қарын  тойдыруға 

ұқсайды»  деп  Имам  Бұхари  мысал  еткен  бұл  жағымсыз 

қылықты халқымыз да жаратпаған.   

«Мақтау – жел сөз жанға қас, қошаметшіл шығарған», 

«Сыпыра  жақын,  сұм  құрбат,  мақтанмен  алды  ма-

замды»  деп  кейіген  Абай  атамыздың  да  мақтау  есту-

ге  еш  құмартпағаны  байқалуда.  Өзін-өзі  мақтауды  ол 

ақымақтыққа балап, өлеңінде былай дейді:  

Мақтанады өзгелер мақтасын деп, 

Шаужайымнан еш адам қақпасын деп. 

Ол кеткен соң артынан күліп қалар

Антұрғаннан Құдайым сақтасын деп. 

Ақымақ өзін мақтап былжырайды

Шамаңа өлшеп сөйлесең нең құрайды. 

Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?! 

Расында да жарықты - жарық деп жұртқа жар салудың 

не керегі бар? Ел оны өзі-ақ көрмей ме? «Іс бітті, қу кет-

ті» деп аяқталатын «Қарға мен қу түлкі» мысалында түлкі 

қарғаны аузындағы ірімшігін алу үшін мақтайтындығын 

еске алсақ, демек, мақтаудың да тегін болмайтынын сезу 

қиын емес секілді. 

Иә,  біреуді  мақтау  не  өзі  мақтанудан  адам  барынша 

сақ  жүргені  дұрыс.  Өмірде  «Бүгінгі  -  дос,  ертең  -  жау, 

Мен  не  қылдым,  япырым-ау?!»  деген  жағдайлар  да  жиі 

кездесіп жатады. Ел бүгін жер-көкке сыйғызбай мақтаған 

жанның  ертең  халықтың  қазынасынан  қарын  тойғызып 

жүрген  алаяқ  екенін,  ұсталып  түрмеге  түскенін,  шын-

туайтында  халыққа  жаны  ашымайтын  қарақан  басының 

қамын күйттеуден аса алмай жүрген бейбақ екенін есті-

генде,  жаға  ұстап  жүрген  жайттар  аз  ба?!.  Осындайда 

көпті  көрген,  аузы  дуалы  данышпан  бабаларымыздан 

Шал ақынның айтқанымен еріксіз келісесіз: 

Біреуді жақсы деме сен,

Біреуді жаман деме сен. 

Бұл дүниеден өткен соң, 

Шын дүниеге жеткен соң, 

Көтеріп көрге салған соң

Көр қараңғы болған соң, 

Кімнің жақсы- жаманын, 

Бір жаратқан Хақ білер!

Рас,  шын  мәнісінде  кімнің  жақсы-жаманы  Есеп  күні 

о дүниеде білінер. Ендеше, «Барлық мақтау бір Құдайға 

ғана  жарасады»  деген  мұсылмандық  танымды  бәрінен 

биік қойғанымыз дұрыс-ау. 

Құдайберді БАҒАШАР, 

дінтанушы

  Ойтүрткі

«КҐЗІНШЕ МАЌТАЄАНША, КҐТЕРІП ОТЌА САЛ!» 

It is known that in any area of sciences are allocated the 

general and special direction (the general mineralogy – gene-

tic mineralogy; the general chemistry – inorganic chemistry, 

etc.) . The paradigm of the general ecology is characterized 

by that it originates in a biology subsoil, great scientists of the 

past put naturally - the scientific base of ecology. The term 

"ecology"  was  entered  by  the  German  biologist 

E.Gekkel who called ecology "the general science about 

the relation of organisms to environment". The theoret-

ical basis of the general ecology is made by concepts of biotic 

community, food chains, circulation of substances and energy 

in  ecosystems,  the  population  ecology,  developed  F.Kleme-

ntsom, V. Shelford, R. Lindeman, A.Libikh, etc. Ecology is 

put down to naturaliy-scientific area of knowledge where  are  

present both funametalny and applied parts.  

In the capital work: “General Morphology of Organisms”  

E.Gekkel wrote: “We understand the sum of the knowledge 

relating to economy of the nature as ecology: studying of all 

set of relationship of an animal with surrounding his environ-

ment, both organic, and inorganic, and first of all – his friend-

ly or hostile relations with those animals and plants to which 

it directly or indirectly comes into contact.. Apparently from 

definition the formulation is limited to a framework of interac-

tion of a biota and abioty [1]. The modern view contains broad 

understanding: the ecology any more a component of sciences 

of a biological cycle, and became a basis of a cycle of ecologi-

cal sciences. In this cycle besides the general ecology. 

As can be seen from the definition of the language is li-

mited to interactions of  biota and abioty [1]. Modern view 

contains an expansive understanding of ecology is no longer 

part of the science of biological cycle, and became the basis of 

the cycle of environmental sciences. In this cycle, in addition 

to General ecology (autoèkologiâ, sinècology,the population 

ecology, in society – demographic ecology, a noosferoekol-

giya,  etc.)  enters  geoecology  (ecology  of  the  hydrosphere, 

the  atmosphere,  a  lithosphere,  etc.),  ecology  of  branches  of 

technological  activity  of  mankind.  Now  actual  problems  of 

engineering ecology is the new directions of development of 

GIS-technologies, forecasting of development of branch and a 

diversified complex, i.e. the geotechnical system (GTS) inclu-

ding the enterprise and environment, environment protection, 

development of systems of planning (support) of adoption of 

operating decisions (SPR), and metaknowledge of system of 

sciences of Earth which contents make geoecological, geogra-

phical and geoinformation knowledge has to become the main 

constructive element of their architecture. 

Within the walls of KAZNTU of a name K.I.Satpayev on 

chair Applied ecology sections of special engineering ecolo-

gy since it includes such technical specialties as geoecology, 

environment protection, geotechnology, etc. which specifics 

was made by engineering disciplines have development: sys-

tem ecology, environmental management, industrial ecology, 

engineering environment protection, management of ekologo-

economic systems, ecology of a subsoil, environmental mon-

itoring and forecasting, etc. The engineering ecology belongs 

to area of technical science at which also is present both fund-

amental, and applied parts.

Now one of the main directions of development of engi-

neering ecology (area of technical science) - development of 

algorithm of metaknowledge to which geoinformation techno-

logies (GIS-technologies) and modern systems of knowledge 

of the categories space -  time and the general phase (informa-

tion) space of geoecology and the environmental management 

sphere belong. In this scheme – in a counterbalance to E.Ge-

kkel’s formulation – the ecology is considered as megaecolo-

gy (N.F.Reymers, V.I.Bulatov, etc.), studying interaction of a 

biota and а bioty where are revealed difficult negative impact 

of geotechnical systems (GTS) on environment. It was worked 

out new methodology of giving geo- and ecoloecal   basis of  

the progressive  technologies. In particular, was investigated  

new technologies of production of materials from natural and 

technogenic raw materials.

It  is  known  that  the  industrial  enterprises  turn  into  the 

geo-technical  systems  incompatible  with  surrounding  at  the 

expense of formation of significant amounts of technogenic 

harmful waste. The problem of decrease in technogenic load 

of environment by development of environmentally friendly 

complex technologies when the main regularities underlying 

processes come to light is actual, then their optimization is ca-

rried out and on the basis of physical and chemical researches 

theoretical  and  technological  bases  of  new  technologies  are 

developed. Geoecological justification of development inclu-

des the analysis of influence of technologies on the atmosph-

ere, the hydrosphere, a lithosphere, in that Chile and on soils, 

i.e. on all components of environment. As a whole it is already 

basic data for adoption of operating decisions in the environ-

mental management sphere subsurface use).  Below the short 

description of technologies and the ecologist their economic 

justification is given. For example as: autoclave way of recei-

ving trinatriumphosphate . The ekologo-economic analysis of 

impact on the atmosphere is made, cleaning of emissions allo-

wed to receive size prevented of damage more than 5 million 

tg / year. It was worked out another technologies of utilization 

of waste with high the ekologo-economic profits.

Summarizing it is possible to tell that the solution of global 

problems of industrial ecology are investments into industrial 

ecology for the purpose of development and ecological justifi-

cation of technologies compatible to environment.



Raissa KAZOVA

Dr. chem.sci., professor of Chair of

                                                       Applied ecology

THE PARADIGM OF THE GENERAL ECOLOGY AND SPECIFICS OF ENGINEERING ECOLOGY

THE PARADIGM OF THE GENERAL ECOLOGY AND SPECIFICS OF ENGINEERING ECOLOGY


Адамныѕ миы 20 миллиард нерв талшыќтарынан тўрады

БАС РЕДАКТОР:  

  

Марат ӘБДІХАЛЫҚ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бақдәулет ҚҰМАР       -     

кафедра меңгерушісі, т.ғ.д.

Аспандияр ӨМІРБЕКОВ -  

Қазақ тілі кафедрасының

                                         аға оқытушысы

Тілшілер:                 

Бану ШАЛОВА, 

                                      Эльмира ОРАЛБАЕВА

Газет беттеуші:       

Дидар СӘРСЕНБЕКОВ

Қоғамдық негіздегі 

фототілшілер:        

Дамир ТАИРОВ, Елена ПАПЭ

Газет  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет    және  ақпарат 

министрлігінде 1359-Г куәлігімен тіркелген.

*Жарияланған мақаладағы автор пікірі  редакцияның көзқарасын 

білдірмейді.

*Редакцияға түскен қолжазба  қайтарылмайды, 3 компьютерлік  

беттен асатын  материалдар қабылданбайды. Суреттер JPEG

TIFF  форматтарында  ғана қабылданады.

* “РАС” газетіне  жарияланған  мақала көшіріліп басылса, сілтеме  

жасалуы міндетті.

Қ ұ р ы л т а й ш ы с ы :   Қ . И . С ә т б а е в   а т ы н д а ғ ы   Қ а з а қ   Ұ л т т ы қ   т е х н и к а л ы қ   у н и в е р с и т е т і

Газет :“ЭКОЖАН”  өндірістік кооперативінің баспаханасында басылды. Мекен-жайы: Қарағанды қ., Садоводов көшесі, 14. Тел.:+77212-44-23-60. Таралымы: 2000 дана Көлемі: 3 б.т. Тапсырыс:№    

МЕКЕН-ЖАЙЫ: 480013, Алматы қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 22 үй

     Мұнай ғимараты, 904 бөлме. Тел./факс: 292-67-03. 

Тел.: 257-71-19. Ішкі тел.: 73-23, 71-19.

Электронды мекен-жайы: http://ras.ntu.kz;   e-mail: ras@ntu.kz

12

ТЕЛЕФОНМЕН СҐЙЛЕСУ 



ЌАН ЌЫСЫМЫН КҐТЕРЕДІ

Бразилияның Сан-Паулу университетінің дәрігерлері 

қан  қысымы  бар  53  жас  шамасындағы  адамдарға 

сынақ  жүргізген.  Алдымен  сынақтан  бұрын  және 

одан  кейін  қатысушылардың  қан  қысымдарын  тек-

серген.  Нәтижесінде,  телефонмен  сөйлескен  адамның 

артериялық қан қысымы көтерілетінін байқаған. Өйткені, 

тұтқаны  құлаққа  апарып,  сөйлесе  бастағаннан-ақ  жүрек 

тамырларға қан айдайды екен. Міне, осыдан қан қысымы 

жоғарылайтын  көрінеді.  Ендеше,  телефонмен  сағаттап 

сөйлесетін  қыз-келіншектерге  «сақтаныңыздар»  дегіміз 

келеді. 


БІЗДІЅ МИ

Ми  ең  күшті  деген  компьютердің  өзінен  кем  жұмыс 

істемейді  екен.  Ол  20  миллиард  нерв  талшықтарынан 

тұрады.  Оның  күніне  86  миллион  бит  (5  мың  беттен 

астам мәтін) ақпаратты есте сақтай алатын қабілеті бар. 

Өмірінің соңына дейін біздің жадымыз 100 триллион бит 

ақпаратты сақтайды екен.

*  *  *   

Адам күніне шамамен 20 мың, жылына 7 миллион, ал 

70 жыл өмірінде 500 миллионға жуық қадам жүріс жасай-

ды екен. Бұл өз өмірінде Жер шарын экватор бойымен 9 

рет айналып шыққанмен бірдей. 

*  *  *

Адамның бойындағы бактериялардың жалпы салмағы 



2 кг. болады.  

 Басқа басылымдардан

ИММУНИТЕТТІ 

ЖАЌСАРТАЙЫЌ

Күз  айында  көпшілігіміз  суық  тигізіп,  жылы 

күндері  ауырып  қаламыз.  Бұның  бәрі  жазғы  жұқа 

киім,  суық  сусындар  мен  салқын  кештердің  әсері 

болуы мүмкін. Алайда иммунитеті жақсы адамның 

ағзасы бұған шыдай алады. Сондықтан иммунитет-

ті  күшейте  бастайық.  Қазірден  бастасаңыз,  суық 

түскенге дейін иммунитетіңізді біраз жаттықтырып, 

суық  тигізіп  алудан  сақтана  аласыз.  Мына  күзгі 

азық-түліктер сізге көмекші болады.

ШЫРАЄАНАЌ

Шырғанақтағы 

(облепиха) 

дәрумендер 

жиынтығы  жалпы  иммунитеттің  жағдайын 

жақсартуға көмегі көп. Оны шикі түрінде де, тосап 

ретінде қайнатып та, емдік тұнбалар да жасап ішуге 

болады.


ЌАНТ

Қантты  көптеп  жемей,  керісінше  рационыңыз-

дағы  қанттың  мөлшерін  азайтуға  тырысыңыз. 

Қанттың иммунитетті әлсірететін қасиеті бар. Егер 

Қанттың иммунитетті әлсірететін қасиеті бар. Егер 

тәтті бір нәрсе жегіңіз келіп тұрса, кептірілген же-

тәтті бір нәрсе жегіңіз келіп тұрса, кептірілген же-

містер мен жидектер, лимон, жаңғақтарды майда-

лап, бал қосыңыз. Өте пайдалы әрі өте тәтті тағамды 

шайға да қосып, қабылдауға болады.

ШҐП ТЇРЛЕРІ

Әсіресе бұл кезеңде итмұрын (шиповник) шөбі 

пайдалы  болады.  Оған  қайнап  тұрған  су  не  шай 

қосып,  балмен  ішіңіз.  Осындай  емдік  шөптерінің 

шайлары  күз  кезінде  сіздің  күнделікті  рационың-

ызда болсын.

ТЕЅІЗ ҐНІМДЕРІ

Аптасына кем дегенде екі рет ағзаға қажетті ша-

мада ақуыз, йод және пайдалы майлы қышқылдар 

беретін теңіз өнімдерін қабылдаған дұрыс. Әсіресе 

балық түрлерінен жасалынған сорпа пайдалы бола-

ды.


ЖЕМІСТЕР

Күзде  пісетін  жемістер  әлбетте  иммунитетке 

қажет  болады.  Киви,  банан,  апельсин,  алмалардан 

жасалған  салат,  түрлі  жеміс  бәліштер  мен  балғын 

жемістердің өзі өте пайдалы.

Басқа басылымдардан

  

Пайдалы кеңестер

Бір бай еркек үйіне келеді.

–Тамақ ішесің бе? – деп сұрайды әйелі.

–Не бар?

–Қара уылдырық, шетел шарабы, қазы-қарта, жал-

жая...

–Шіркін, баяғыдай қара нан мен шай болса ғой...

–Ол үшін елдің еркегі сияқты адал жұмыс істеу ке-

рек!

 

 

 

 

☺☺☺


Мейрамханадағы жағдай:

–“Сорпа сүйегімен” деген тамағыңызды алып едім, 

еті жоқ қой.

–Енді  сүйегімен  деп  еріккеннен  жазған  жоқ 

шығармыз...

☺☺☺


Полиция бөлімшесінде:

–Итім  өз-өзінен  шынжырын  үзіп,  қашып  кетті. 

Көмектесіңізші...

–Сіз оған дұрыс қараушы ма едіңіз?

–Иә, ай сайын тамағын беріп тұратынмын.

 

 

 

 

☺☺☺


Профессор емтихан үстінде студентке былай деп 

сұрақ қояды:

–Мысалы, сен айдалада ат басындай алтын, не бір 

дорба ақыл тапсаң, қайсысын алар едің?

–Алтынды, – деп жауап береді студент.

–Мен болсам ақылды алар едім.

–Енді ағай, әркім өзіне қажетін алады ғой...

☺☺☺


Арыстан барлық аңдарды жинап алып:

–Бүгін ең қорқақты жейміз, – деп барша аң атаулыға 

жар салады.

Сонда қоян жүгіріп шығып:

–Қабанға тиіскізбеймін, – депті бақырып

 Нұрсұлтан  ШАКЕНОВ,

Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс 

институтының  3-курс студенті

  Білгеннің артығы жоқ

  

Студент шығармашылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет