«Жылы жүрек жомарт қол» /қайырымдылық акциясы/ Сыныптан тыс жұмыс



Дата24.11.2022
өлшемі38,07 Kb.
#52371
Байланысты:
Жылы жүрек акция


« Жылы жүрек – жомарт қол » /қайырымдылық акциясы/
Сыныптан тыс жұмыс
« Жылы жүрек – жомарт қол »
/қайырымдылық акциясы/
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Барысы :
Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық қамқорлық акциясына қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Ұйғыр ауданының білім бөлімінің 2015 жылдың 6 қаңтарындағы № 3 – Б бұйрығы негізінде 2015 жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілуде.
Алдымен бәріміз психологиялық тренинг өткізейік.
Тыныштық сәті /назды музыка ойнап тұрады/
Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда. Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз. Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа – дей келе Санат Іңкәрдің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар!
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық. Ортаға Мектебіміздің тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Н.Усабаеваны шақырамыз.

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.


Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші мектеп ұжымының және сынып жетекшілердің демеушілігімен алынған оқу құрал жабдықтарын балаларға тапсырайық
/тізіммен оқушылар шақырылады./

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

Акциямыздың екінші бөлімі

1-5 сыныптар арасында «Бақытты балалық шағым » тақырыбында сурет жарысы

>
6-7 сыныптар арасында «Дені саудың – жаны сау» эстафеталық жарысы

жеңімпаздар марапатталады 


Источник: https://www.tarbie.kz/31967

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет