Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Е. Бекмахановтың К.Қасымұлы басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілісті зерттегені үшін негізсіз айыпталу себептері



бет150/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Е. Бекмахановтың К.Қасымұлы басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілісті зерттегені үшін негізсіз айыпталу себептері

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың объективсіз зерттелуіне кеңестік дәуірдегі тоталитаризм кезеңіне «ұлтшылдық» терминіне негативті бояу беруі үлкен әсер етті. Бұдан шығатыны егер халықтың қарсылық қозғалысы ұлт-азаттық болса, онда ол сөзсіз «ұлтшыл», ал оның көшбасшылары — «ұлтшылдар». Осы жағдайда профессор А.А.Айталиевтің талқылауы аса көрнекті: «КСРО-да қуатты ұлттық қозғалыстардың пайда болуы мен дамуы, оның құлауы және жаңа мемлекеттердің пайда болуы ұлтшылдық пен ұлттық қозғалыстардың дәстүрлі амалы мен дәстүрлі интерпретациясын өзгертеді. Көбінесе, «ұлтшылдық» түсінігін кеңестік мағынада, яғни негативті жоспарда ғана емес, мазмұны әр түрлі болатын объективті процесті білдіретін әлемдік ғылыми дәстүр мағынасында белгіленген — бейтарап түсінік ретінде қолдану қажеттілігі туындайды. Марксизм ұлтшылдықты шиеленістермен және соғыстармен бірге жүретін ұлттық дамудың жанама салдары деп қарастырады... Қазіргі түсінік бойынша қазақ ұлтшылдығы «қазақ халқының ұлттық-патриоттық қозғалысы» түсінігінің синонимі болып табылады. Қазақ ұлтшылдығы өз-өзін қорғау түйсігі, империялық басқаруға табиғи реакция, сондықтан қорғанышты сақтайтын сипатқа ие. Уақытша аспектіде батырлық өткен оқиға алдында бас июдің көрінуі, қазіргі заманды сыйлау және болашақта жетістікті армандау».

Кенесары Қасымұлы мен Ермұхан Бекмаханов идеологиялық әлемі уақытындағы халықаралық байланыс туралы сұрақ кінәратты сұрақтардың бірі болып есептелді, себебі, Ресейге жау болып есептелген оқиғалар Қазақстанда да солай қарастырылды. Мысалы, қазақ-ортаазиялық қатынас Ресейден Қазақстанды күшпен алу көзқарасынан қарастырылды. Бұл сұрақта тоталитаризм жақтаушылары өздерінің дәлелдеріне құптауды революцияға дейінгі авторлардан тапты. Көбінесе, Н. Середа еңбектерінің цитаталары мысалға келтірілді: «Кенесары сұлтан Қайсақ бостандығын құтқаруды қырғыз ордалары Хиуа хандығымен қосылғанда ғана көретінін білді. Хиуалық биліктегі қайсақ ханы атағын алғанда, ол Хиуаға зекет төлеп, соғыс кезінде әскеріне көмек беретін оның құлы ғана болытынына сенімді болды. Кенесары басқа жағдайларда өз бетімен билеп төстеуші рөлін ойнаймын деп ойлады. Орда Хиуамен қосылғанда пайда болатынын толық бағалап, Кенесары өзінің өжет шабармандары арқылы Ресей отаршылдығына қарсы шығып Хиуа хандығын мойындауға шақырған үгіт қазағаздар таратты»

1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді. Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты. Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.

Бекмахановтың бастан кешкендері айтылғанда мәскеулік ғалым Анна Панкратованың есімі қатар аталады. 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған ғалымдармен бірге «Қазақ ССР-інің тарихын» жазу үшін Қазақстан КП(б) орталық комитетіне хат жолдаған ол болашақ кітаптың ғылыми және идеялық мазмұнына артылатын жауапкершілікті өз мойнына алды («Вопросы истории», 54-б. №11, 1988 ж. ). Бұл еңбек жарыққа шыққаннан кейін Сталиндік сыйлыққа ұсынылғанымен, бәйгеден келмеді. Кітаптың сыйлықтан қағылуын ол Сталиндік сыйлық бойынша комитет мүшесі, СССР ҒА мүше-корреспонденті Алексей Яковлевтен және өзімен бұрыннан қырбай академик Евгений Тарледен көрді. Совет өкіметінің бас газетінде жарияланған мақала 1951 жылғы ақпанның 21-і СССР ҒА тарих институтының ғылыми кеңесінде талқыланып, бұл жолы Бекмахановтың еңбегіне «саяси-теориялық тұрғыдан, атап айтқанда буржуазиялық-ұлтшылдық тұрғыдан жазылған зиянды, теріс еңбек» деген баға берілді.



1951 жылғы сәуірдің 10-ы Қазақстан коммунистік (большевиктер) партиясы осы мақала жөнінде арнайы қаулы қабылдап, «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде нұсқау берді. Осы жылы сәуірдің 16-ы Бекмаханов партия қатарынан шығарылып, институттағы қызметінен босату мәселесі күн тәртібіне қойылды. Ал сәуірдің 24-і институт ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, Бекмахановты тарихы ғылымдарының кандидаты және тарих ғылымдарының докторы ғылыми атағынан айыру жөнінде жоғары аттестациялық комиссияға ұсыныс жасалды. «1837-1847 жылдары Кенесары Қасымов бастаған қазақ көтірілісі» деген еңбегі үшін Е.Ділмұхамедов пен «Абай және оның орыс достары» деген еңбегі үшін А.Жиреншинге қатаң сөгіс беріліп, қызметтерінен босатылды, ғылыми атақтарынан айырды. Бұл екеуі де жоғарыда аталған Алматыдағы ғылыми талқылауда Бекмахановтың еңбегін ақтап қана қоймай, мақтап та сөйлеген еді. 1951 жылы маусым айында Қазақ ССР ҒА төралқасы «Қазақстан К(б)П ОК бюросының сәуірдің 10-дағы қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулы қабылдады. Ал қазанның 6-ы жоғары аттестациялық комиссия Бекмахановты ғылыми дәрежесі мен атақтарынан айырды. 1951 жылы қазанның 16-17 өткен Қазақстан К(б)П ОК VІІІ пленумында орталық комитеттің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовтың «Республика партия ұйымдарындағы идеологиялық жұмыстардың жағдайы мен оны жақсарту туралы» деп аталатын баяндамасы талқыланды. 1952 жылғы мамырдың 24-і Қазақ ССР ҒА төралқасының отырысы Бекмахановты қызметінен босатты. Партиядан да, жұмысынан да шығарылып, ғылыми атақтарынан жұрдай болған Бекмаханов әуелі Нарынқол, екі айдан соң Жамбыл облысы Шу ауданындағы Новотроицк орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып кете барды. КГБ тарихшыны бұл жерде де тыныш қалдырмай, 1952 жылғы қыркүйектің 5-і тұтқындап, желтоқсанның 2-і совет соты оны 25 жылға соттап жіберді. «Правдада» шыққан жалғыз мақала екі жылдың ішінде осылайша бәрінің астаң-кестеңін шығарды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет