Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет21/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

ХV ғасырда Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағында рулар, тайпалар бірлестігі мен қалыптасқан халықтардың белгілі бір тайпалар тобының бөліну үрдісі болғандығына мысалдар келтіріңіз.

Қазақстан аумағында қыпшақтардың этникалық қауымының қалыптасуының ұзақ процесі үш кезеңнен тұрады. · Бірінші кезең қимақ тайпалық одағының негізінің құрылуымен байланысты. Бұл кезеңде, VII ғасыр екінші жартысынан VIII ғасыр соңына дейін, қыпшақтар маңызды рөл атқарады. Осы уақытта қыпшақтар мен түркі тайпалары арасында тығыз мәдени байланыс орнықты.

· Екінші кезең - VIII ғасыр соңынан XI ғасыр басына дейін. Атаулы кезеңде қыпшақтар шығыста Алтай мен Ертіске дейінгі, батыста Оңтүстік Орал таулары мен Еділге дейінгі кең аумақты жайлай бастады. Осы кезеңде "Дешті-Қыпшақ" ("Қыпшақ даласы") ұғымы қалыптасты. Алғаш рет бұл ұғымды парсылық Насыр ибн Хусрау өзінің "Диуан" деген еңбегінде қолданды. Ертіс пен Днестрге дейінгі кең аймақты алып жатқан Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумагын шартты түрде Еділ бойымен екі үлкен бірлестікке бөлуге болады: династиялық ру билейтін Батыс Қыпшақ және хан тұқымы басқаратын Шығыс Қыпшақ.

· Үшінші кезең - XI ғасыр басынан XIII ғасыр басына дейін - хан династиясымен заңды деп танылған қыпшақ хандарының қуатының

өсуімен байланысты.

Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шинэ Усу ескерткішінде алғаш кездеседі. Махмуд Қашқари еңбегі бойынша ІХ ғасырдағы қыпшақтардың құрамына имек, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі т.б. тайпалар мен рулар енген. Қыпшақтар түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Кимек қағандығының құрамында болып, ІХ ғасырда бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақтар Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. ХІІІ -ХIV ғасырларда қыпшақ сөзі «түркі» ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — «Кодекс куманикус» жазылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қыпшақтар көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н. А. Аристов қазақ халқының құрылу кезеңінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық т.б. қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В. В. Радловтың айтуы бойынша ол кезде қыпшақ тайпаларының құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде тоқсан екі баулы қыпшақ деп аталады. Шежіре бойынша қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: қыпшақтан, ақтамсопы, одан құланқытай, одан сүлімалып, одан кебеқалып, одан мүйізді сарыабыз, одан қытайқыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген қыпшақтар шежіре бойынша қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді. Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәліметтер жоқтың қасы. Әйтсе-де, қыпшақтарды Орхон жазбаларында «сір», ІХ ғасырда кимектер ығыстырған кезде «шары» деп атаған. Бірқатар ғалымдар қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда қыпшақтар мекендеген жерлерде моңғолдық және еуропалық нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде көрсетілген қытайқыпшақ атауы да ежелгі замандарда қытаймен көршілес отырған қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр ХV ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілқайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, қыпшақтар белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақтар қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашайғ әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасуы барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген қыпшақтар, негізінен, Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола, Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны-Ойбас, таңбасы-екі тік сызық (ІІ, яғни қос әліп).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет