Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының еліміздің тарихындағы орны мен рөлі



бет216/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   354
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының еліміздің тарихындағы орны мен рөлі

 Қаланың байырғы атаулары –

 Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін),

 Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін,

 Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.

• Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.

 Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.

 2019 жылы 20 наурыз Нур-Султан

 Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

 Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан.

Туындағы күн бейнесі — ежелден белгілі ғарыштық нышан, тіршіліктің негізін, жарық сәулесін білдереді. Қазақтың тарихи тамыры сақ, үйсін, ғұн және т.б. тайпалармен байланысты. Тәңіршілдікті ұстанған ежелгі түріктер Көк аспанға, Күнге, Ауаға, Жерге табынған. Сондықтан тудың көк түсі халықтардың өзара тарихи сабақтастығын, аңғартады. Тудағы бүркіт бейнесі билік пен күштің белгісі ретінде белгілі, сондықтан бұл геральдикалық нышан әлемдегі мемлекеттердің көптеген таңбалары мен мемлекеттік эмблемаларында көрініс тапқан. Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Қәзір қаланың аумағы 200 шаршы км., астам аумақты алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және оның келешегі зор.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. 2003 — Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер көшбасшыларының халықаралық сьезі болды. 2004 — ауқымы мен бұрын-соңды болмаған мерзімнің ішінде ірі әкімшілік мекемелерін сол жағалауға көшіруде орасан зор жобалар жүзеге асырылды. Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталық аумағында ҚР Президенті резиденциясы ғимаратының ресми ашылуы болды. Президент Н. Назарбаев «Ақ Орда» деп аталатының жариялады. 2005 жылы Астана қаласы халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы салтанатты ашылды. Сол жағалауда ҚР Парламенті сенатының, ҚР Үкімет әкімшілік ғимараттарының, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің және мемлекеттік қызметкерлерге арналған үйлердің, цирк ғамаратының құрылысы аяқталды, дипломатиялық қалашықты салу жалғасуда.

Қазақстанның елордасы Астана — қазіргі заманға лайық, нағыз жаңа қала болып өте қысқа мерзім ішінде тарихымызда бұрын соңды болмаған қарқынмен қарыштап дамып, өзіне ғана тән бет — бейнесімен қалыптасып келеді.

Бүгінгі әсем Астанамыз еліміздің тек әкімшілік орталығы болумен шектелмейді, сонымен қатар бабаларымыз аңсаған азаттық пен ұлттық қайта түлеудің де орталығына айналды. Еліміздің шетелдермен жоғары деңгейдегі ресми кездесулері, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, спорт пен туризм саласындағы іс-шаралардың бәрі біздің Астанамызда өтеді. ХХІ ғасырдағы бүкіл жаһандық үдерістердің бел ортасында тіршілік ету – әлемдегі кез келген ұлттың пешенесіне жазылмаған. Астана әртүрлі тарихи тағдыр тауқыметімен елімізге табан тіреген өзге халықтардың да мекені. Астана - біздің ортақ шаңырағымыз. Астана өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отыр және шақыра бермек Еуразия жүрегінде орналасқан Астана қаласының жаңа тарихы – бұл тәуелсіздік тарихы, бұл мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық тарих. Ал Астана қаласының құрылысы - төл тарихымыздың жаңа беттерін құрайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет