Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ хандығының құрылуы туралы мәселені көтерудің тарихи маңызы



бет25/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ хандығының құрылуы туралы мәселені көтерудің тарихи маңызы

Жалпы, Н.Ә.Назарбаевтың кез-келген кітабынан, ел тарихына қатысты маңызды, шынайы дерек көздерін кездестіруге болады.

Біздің пайымдауымызша, соңғы мәлімдемесімен Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте қазақтың тарихына қатысты ұзаққа созылған пікірталасқа ресми түрде нүкте қойған тәрізді. Әдетте, қазақтың мемлекеттілік дәстүрі тым тереңге кететіндігін тарихшылар жақсы біледі. Алайда, ХV ғасырдың

екінші жартысында тарих сахнасына шыққан Қазақ хандығының құрылған нақты жылдарына қатысты зерттеушілер бір пікірге келе алмай, үнемі дауласатын. Ғылыми ортадағы бұл пікірталастар бұқараның тарихи санасына да өз ықпалын, дәлірек айтқанда, кері әсерін тигізбей қалған жоқ. Айналадағы халықтар өздерінің мемлекеттілік тарихын мыңдаған жылдарға апарып тіреп жатқан тұста және тарихты ғылым үшін емес тек қана саясат үшін сөз ететіндердің қарасы көбейген қазіргі кезде Қазақ хандығының құрылған кезін нақты анықтай алмау халықтың көңіліне кірбің ұялататын жайт еді. Енді, міне, бұл пікірталастарға тоқтау салынды. Және де Елбасының бұл шешімін тек саяси қажеттіліктен туындаған шешім деп қабылдау дұрыс болмас, себебі, ұлттық тарихтың бірден бір зерттеушісі мен жанашыры кім десек біріншіден, Елбасының өзін атасақ әділ болар еді. Еліміздің қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай дамуының түрлі кезеңдерінде, Президент саяси және экономикалық мәселелермен шұғылдана отырып, әрдайым тарих, руханият мәселелеріне де бірдей көңіл бөлетін. Президент көптеген зерттеу- лерге бастамашы болып қоймай, сол зерттеулердің қорытындыларын ғалымдармен ұзақ уақыт бірге отырып жиі талдайтын да. Елбасының бастамасымен, сол себепті, Қазақ хандығының құрылуы, ұлттың арғы-бергі тарихы, рухани және материалдық мәдениетін түбегейлі зерттеу мәселесіне басымдық берілді.

Н. Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен.

Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғашқы он төрт ханының жетеуі жорық жолында қаза тапты. Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық ұрпақ айрықша құрметпен бас иіп, ризашылығын білдіреді. Олардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақталады. Қазақтардың талай буыны қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заман орнатқан хан ретінде қадірлейтін Әз Тәуке биліктен кеткен соң халқымыздың береке-бірлігі әлсіреп, жүзге және руға бөлінушілік белең алды.

Орталық Азиядағы аса қуатты әскери мемлекет саналатын Қазақ хандығының осы осалдығын оңтайлы пайдаланған жоңғарлар тұтқиылдан соғыс ашып, ел тарихына «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен енген трагедияға ұшыратты. Дәл осы тұста тарих сахнасына қол бастаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары сияқты батырлар, сөз бастаған Төле, Қазыбек, Әйтекедей дуалы ауыз билер, ел бастаған Абылай, Әбілқайырдай хандар шықты. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, береке-бірлігі асқан қазақ қолы 1730 жылы Аңырақай түбінде жоңғарларға күйрете соққы беріп, ата қонысын жаудан біржолата азат етті.

Н. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының маңызды жазба дерек көздеріне айналдырып отыр. Сонымен қатар, Н. Назарбаев еңбектерін пайда болған уақытына, мазмұны мен мақсатына, жаныры мен формасына қарай сыныптау, әр еңбектің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сол ерекшеліктерге сай деректанулық талдау тәсілдерін қолдану қажеттігін көрсетеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет