Абылай хан – мемлекет қайраткері, дипломат
Абылай хан — қазақ ханы , ұлы мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы болған тұлға. Шын есімі Әбілмансұр. 1711-1781 өмір сүрген жылдары. Абылай ханның әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 1730 ж - 1740 жылдардағы шайқастарда ерекше байқалған. 1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ әскерлері жоңғар басқыншыларына бірнеше рет соққы берді. Абылай хан жақсы саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан шаршаған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да дұрыс пайдаланған.
1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болды. Қалыптасқан дәстүрлер бойынша Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің інілерінің бірі немесе үлкен ұлы Әбілпейыз сайлану тиіс болатын. Бірақ басты старшындардың, сұлтандардың және Әбілпейіздің қалауымен үш жүздің басшылары Түркістанда Абылайды хан сайлауға келісті. Абылай хан жалғыз орта жүздің ғана емес жәнеде бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы . Аңыз-жырлар, Тарихи деректерде Абылайдың үш жүздің басшысы ретінде ардақталғанын көрсетеді.
Абылай хан Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің саяси жағдайына саясат жүргізген. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға біріге бастағанда мұсылман елдерінің басын біріктіруге ұмтылдырған.
Абылай ханның саяси көз қарастарының негізгі идеясы – тәуелсіз, күшті, бір орталықтан басқаратын қазақ мемлекетін қалыптастыру болған.
Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Серен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның əлсіресеуіне жəне бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне əкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Əбілмəмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін. Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уəли султанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Əбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, Уəли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Əбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Əбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс жəне бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға жəне қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Ұлы жүздің қазақтары əділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол əулеттік қыз алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мəжбүр болды. Əбден қартайған Əбілмəмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзіндеақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Əбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тутас тəуелсіз қазақ хандығын сақтауға жасалған соңғы əрекет еді.
Достарыңызбен бөлісу: |