Абылай хан – қазақ жүздері мен жерін біріктіруші және жинаушы
Абылай хан — қазақ ханы , ұлы мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы болған тұлға. Шын есімі Әбілмансұр. 1711-1781 өмір сүрген жылдары. Абылай ханның әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 1730 ж - 1740 жылдардағы шайқастарда ерекше байқалған. 1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ әскерлері жоңғар басқыншыларына бірнеше рет соққы берді. Абылай хан жақсы саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан шаршаған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да дұрыс пайдаланған.
1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болды. Қалыптасқан дәстүрлер бойынша Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің інілерінің бірі немесе үлкен ұлы Әбілпейыз сайлану тиіс болатын. Бірақ басты старшындардың, сұлтандардың және Әбілпейіздің қалауымен үш жүздің басшылары Түркістанда Абылайды хан сайлауға келісті. Абылай хан жалғыз орта жүздің ғана емес жәнеде бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы . Аңыз-жырлар, Тарихи деректерде Абылайдың үш жүздің басшысы ретінде ардақталғанын көрсетеді.
Абылай хан Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің саяси жағдайына саясат жүргізген. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға біріге бастағанда мұсылман елдерінің басын біріктіруге ұмтылдырған.
Абылай ханның саяси көз қарастарының негізгі идеясы – тәуелсіз, күшті, бір орталықтан басқаратын қазақ мемлекетін қалыптастыру болған.
XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мәселелері қарастырылып отырды. Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді. Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау үшін, басқыншылардан елін қорғай алатын жауынгерлік қабілеті бар әскери күш жинап, оларды басқаратын тапқыр әскер басшыларын өзінің қасына жинай білген және де өзінің жоғары дәрежедегі қолбасшылық қасиеті бар екенін көрсете алған. Орыс казактары салып жатқан бекініс, қамал–қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден айырылып қалмау үшін, орыс мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге әрекет етті. Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. 1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, әйтпесе, оған әлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куәлік алудың қажеті жоқ», - деп жауап берген. Шын мәнінде де Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады. Сондықтан, Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойып, шауып тастағаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты. Қытай империясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген Абылай хан онымен бейбіт келісімге келіп, сауда–саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт қарым–қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси және экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал–қалалар салып, оларды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда және де Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тиім салу жөніндегі жарлықтарын шығарғанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып алу саясатының құрбаны болу қаупі тұрғанын сезді. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап әкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай әскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым–салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «… өзі әулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді Ш. Уәлиханов. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |