Абылай ханның сыртқы саяси қызметі
Абылай хан — қазақ ханы , ұлы мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы болған тұлға. Шын есімі Әбілмансұр. 1711-1781 өмір сүрген жылдары. Абылай ханның әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 1730 ж - 1740 жылдардағы шайқастарда ерекше байқалған. 1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ әскерлері жоңғар басқыншыларына бірнеше рет соққы берді. Абылай хан жақсы саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан шаршаған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да дұрыс пайдаланған.
1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болды. Қалыптасқан дәстүрлер бойынша Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің інілерінің бірі немесе үлкен ұлы Әбілпейыз сайлану тиіс болатын. Бірақ басты старшындардың, сұлтандардың және Әбілпейіздің қалауымен үш жүздің басшылары Түркістанда Абылайды хан сайлауға келісті. Абылай хан жалғыз орта жүздің ғана емес жәнеде бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы . Аңыз-жырлар, Тарихи деректерде Абылайдың үш жүздің басшысы ретінде ардақталғанын көрсетеді.
Абылай хан Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің саяси жағдайына саясат жүргізген. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға біріге бастағанда мұсылман елдерінің басын біріктіруге ұмтылдырған.
Абылай ханның саяси көз қарастарының негізгі идеясы – тәуелсіз, күшті, бір орталықтан басқаратын қазақ мемлекетін қалыптастыру болған.
Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды.
Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Ресей протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты
Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: |