Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Ш. Уәлихановтың Қазақ тарихы мен мәдениетіне байланысты ғылыми еңбектерінің маңызы



бет49/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Ш. Уәлихановтың Қазақ тарихы мен мәдениетіне байланысты ғылыми еңбектерінің маңызы

Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — бірнеше ғылым саласында еңбек етіп, олардың әрқайсысында айқын із қалдырған ғалым. Ол әсіресе шығыс тіл білімі, тарихы және этнографиясы жөніндегі ғылыми еңбектеріне байланысты өшпес даңққа бөленеді. Ш.Ш. Уәлиханов не-бары 30 жылға жетпейтін уақыт өмір сүрді. Бірақ осы қысқа өмірінің өзінде саяхатшы ғалым артына мол ғылыми мұра қалдырды. Шоқанның өшпес мұрасы бүгінгі отандық тарих пен басқа қоғамдық ғылымдар саласын терең зерттеу мен насихаттау ісінде орны бөлек. Шоқан Уәлиханов Батыс Сібір генерал-губернаторының қарамағына жұмысқа қалғанда, қызмет бабы барысында оған бірден-ақ қазақ өлкесінің жер-жерімен жақынырақ танысып, ғылыми зерттеулер жүргізуіне қолайлы жағдай туды. 1853-1854 жылдары Шоқан төтенше тапсырмалармен Сарыарқаға барған кезде Нұра, Сарысу өзендерінің бойындағы архитектуралық ескерткіштермен танысады. Қапал бекінісіне барғанда Ұлы жүз қазақтарының жазба деректерін жазып алады.

Шоқанның қазақ халқының түп-тегі туралы ойларының да теориялық- методологиялық маңызы зор. Көшпелі жұрттың, әсіресе жазу-сызуы ерте кезден тасқа қашалып жазылған тайпалардың тарихын айқындар басты көз қазақ халқының шығу тегі, түп-тамырының асыл діңгектері болып табылады. Жалпы, олардың кейбір үзінділері өркениетті елдердің жылнамаларындағы деректермен астасып жатыр деп атап көрсетті ол. Жазба ескерткіштердің хабарларына баса мән бере отырып ұлы ғалым халықтың ауыз әдебиетіндегі деректердің аса маңыздылығын атап көрсетеді, жазба дереккөздермен салғастырғанда бұлардың нақтылығы айқындала түседі деп ой қорытқан.

Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе. Шежіренің негізгі мақсаты – тарихи білім жүйесінде сақталатын дәстүрлі мәдени құндылықтар мен дәстүрлі қоғамның рухани-әлеуметтік, идеологиялық-саяси сабақтастығын қаматамасыз ету. Осының барлығы ұлттық мәдениеттің тұғыры болғандықтан, оны тұрақты қоғамдық институтқа айналдыру мақсатында шежіре түсінігінің дәстүрі төңірегіне киелілік сипат ұғымы, ерекше қасиеттеушілік берілгені де байқалады. Халықтың фольклорлық мұрасында сақталған «жеті атасын білген ер – жеті елдің қамын жер» дейтіндей әлеуметтік формулалар — осының бір даналық айғағы

Ш. Уәлиханов қазақтың әрбір текті ақсақалы өз руының шежіресін анық біледі деп айтқан [1, 149-б.]. Шоқан жазған шежірелік шығармалардың ең әйгілісі – «Абылай», «Қырғыз рулары», «Ұлы жүз туралы», «Ұлы жүздің аңыз-әпсаналары», «XVIII ғ. батырлар жыры», т. б. Бұл еңбектерде Шоқан тек қазақ емес, сондай-ақ жалпы түрік-моңғол жұртының тарихи жәдігерлері туралы көп ізденген: яғни, олардың шығу тегі, тарихи деректері, мәдени ерекшеліктері, тәңірлік түсініктері, бақсылық дәстүрі, ру құрылымы, халық күнтізбесі, хандары, космогониясы, наным-сенім жүйесі, қазақ ортасындағы мұсылмандық құқық, шежірешілер, қария сөз, аңыздардың мазмұны, атақты адамдары, рухани құндылықтары, т. б. көптеген мәселелердің барлығының басын қайырып, зейін қойып, тиянақты ізденген

Cонымен, Шоқан жазбаларындағы тарихи дерек ретіндегі қазақтың түп-тамырын айғақтайтын шежірелік шығармаларының орны ерекше. Қорыта келгенде Шоқан Уәлиханов бізге аса бағалы ғылыми мұра қалдырды, олар Қазақстан, Орта және Орталық Азия халықтары тарихының, этнографиясының күрделі ғылыми проблемаларын шешуге көмектескен бай мұра деп айтуға болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет