Қазан төңкерісі қарсаңында Қазақстанда болған саяси партиялар, олардың мақсаттары мен міндеттері
Алаш партиясы саяси күреске белсене араласты. Мақсаты: қазақ халқын отаршыл езгіден құтқару, буржуазиялық дем/н үлгідегі мем-не қол жеткізу болды. Алаш партиясы бағдарлама жобасын жасауға Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Е. Омаров, Е. Тұрмұхаметов, Р. Жүндібаев, Ғ. Бірімжанов қатысты. Жоба 10 баптан тұрды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық; дін ісі, билік һәм сот, ел қорғау, салық; жұмысшылар, ғылым -білім үйрету, жер мәселесі. Бұл жоба 1917 ж желтоқсанда Орынборда Бүкіл қазақтың ІІ съезде мақұлдады. Алаш партиясының жетекшісі Ә. Бөкейханов. Қазақ революциясын, Кеңес үкіметі қолданады. Алашорда автономиясының құрылуы. 1917 ж. 13 желтоқсанда Орынборда өткен Бүкілқазақтың ІІ съезіндегі өзінің баяндамасында Х.Ғаббасов уақытша үкімет құлағаннан кейін, Қазақ аумақтық ұлттық автономиясын құру қажеттігін айтты. Оған «Алаш орда» деген ат беруге шешім қабылдады. Алашорданың құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей,
Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқан обл. мен Әмудария аймақтары кірді.Осы аталған аймақтардың табиғат байлықтары, жер астындағы және оның үстіндегі барлық қазына Алаш автономиясының меншігі деп жарияланды. Съезд 25 мүшеден тұратын Уақытша халық кеңесін құрды. Оның құрамына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатұлы, Е. Омаров, М. Шоқай, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, Ш. Досмұхамедов және басқалар кірді. 15 мүшесін сол жолы сайлап, 10 орынды қазақ арасында өмір сүретін орыс және басқа халықтардың өкілдеріне қалдырды. 1918 қазанда Бүкілресейлік Уақытша үкімет «Алашорда үкіметі өзінің өмір сүруін тоқтатты деп санасын» деген қаулы қабылдады. Осыдан кейін АлаштықтарКеңес өнім/н келіссөз жүргізуге әрекет етті. Ш. Алаш орда. А.Б. кең, құрамына кірді. 1919 ж. сәуірде Ә. Бөкейханов. Х. Ғаббасов, Ә. Ермековтер төте сым арқылы Ленинмен және Сталинмен сөйлесті. Осыдан соң «Батыс Алашорда» тобының кеңес өкіметі жағына шығуы қарастырыла бастады. 1919 ж, наурыз айында А.Байтұрсыновтың басқаруымен алаш қайраткері Кеңес өкіметі жағына өтті. Ә. Бөкейханов өз мақсатын іске асыру үшін өздерін халық үкіметінің қолына берді. Оларға кешірім берілді. 1920ж. Алаш арыстарының талап-тілегі ескеріліп Қазақстанға Автономия берілді. Алаш өкілдері үкімет құрамына енді. А.Байтұрсынов оқу-ағарту халық комисары. Ж. Аймауытов оның орынбасарлары болып тағайындалды. Кейін Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе оларға «халық жауы» деген таңба басып жазылады. Үш жүз партиясының құрылуы. ХХ ғ.б. Қазақстанда құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі «Үш жүз» сациялистік партиясы болды. Осы партиясының басшысы — Көлбай Төгісов еді. «Үш жүз» партиясының бағдарламасы. «Үш жүз» партиясы өз қызметін Кеңес үкіметінің бағыт бағдарын қолдауымен бастады. «Үш жүз» партисы Кеңес үкіметіне және жергілікті жердегі жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне толық сенім білдіретіндігін жариялады. К. Төгісовтің келуіне байланысты халықтар достығы, орыс-қазақ достығы қалыптаса бастады. «Үш жүз», Алашпен көп мәселеде тоқайласып тұрды. Мыс: дін, сот ісі, құқық, земство, жер, соғыс, бейбітшілік. Мұсылман дініне үлкен құрметпен қарады.
Достарыңызбен бөлісу: |