Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата06.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#8044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

 
Literature: 
1.
 
Babanskiy N.To. Professional skills of training. – M., 1977. – P. 16.  
2.
 
Selevko G.K. Modern educational technologies. – M., National education, 1998.  
3.
 
Yutsyavichene P. Theory and practice of modular training. – Kaunas, 1989. 
4.
 
Choshanov M.A. Flexible technology of problem and modular training. – M.: National education, 1996. 
5.
 
Tretjakov P.N., Sennovsky I.B. Technology of modular training in Academy. – M.: New school, 1997.  
6.
 
Levites  D.G.  Practice  of  training:  modern  educational  technologies.  /  Book  for  the  teacher.  – 
Murmansk, 1997. 
7.
 
Shamova T.I. Bases of technology of modular training. // Chemistry at school. -1995. – No. 2. 
 
Құлмағамбетова С.С., Томас В.В., Жардемова М.С. 
Модульдік оқытудың технологиялары 
Бұл мақаладаа білім берудегі модульды  технолоиялар  қарастырылған. Модульды  технологиялар, 
дидактикалық  жүйелер,  модульды  оқыту  принциптары  негізіндегі  жеке  курстар  көптеген  АҚШ  және 
Батыс Еуропа  колледждері, гимназиялары мен университеттерінде қалыптасқан және қызмет етеді. 
Кілт  сөздер:  модульды  технологиялар,  білім  беру,  білім  беру  қызметі,  заманауи  білім  беру 
технологиялары. 
 
Кулмагамбетова С.С., Томас В.В., Жардемова М.С. 
Технологии модульного обучения 
В  статье  рассмотрены  модульные  технологии  в  образовании.  Модульные  технологии, 
дидактические  системы,  отдельные  курсы  на  основе  принципов  модульного  обучения,  созданы  и 
функционируют во многих колледжах и гимназиях, университетах США и Западной Европы. 
Ключевые  слова:  модульные  технологии,  образование,  образовательная  деятельность, 
современные образовательные технологии. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
13 
ӘОЖ: 373.3:001.2 
 
Құрманалина Ш.Х. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,  
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж 
Сагидуллина А.М. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
(Орал қ., Қазақстан) 
E-mail: asima_s84@mail.ru 
 
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК  
ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНУ 
 
Аннотация.  Педагогикалық  колледж  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне 
математиканы  оқыту  әдістемесін  оқыту  барысында  ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамытуда 
электрондық-әдістемелік жүйенің маңызы туралы айтылған.  
Кілт  сөздер:  құзыреттілік,  ақпараттық  құзыреттілік,  ақпараттық  технология,  ақпараттық  оқыту 
ортасы, ақпараттандыру, автоматтандырылған жұмыс орны, электрондық-әдістемелік жүйе. 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  “Еліміздің  бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімдік 
деңгейімен айқындалады” деп мұғалімдер қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. 
Мұғалімдердің  алдына  қойылып  отырған  басты  міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс  – 
тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  меңгеру 
болып  табылады.  Бұл  өз  кезегінде  мұғалім  статусы  мен  білім  беру  қызметін  түбегейлі  өзгертіп, 
сәйкесінше кәсіби құзыреттілік пен кәсібилік деңгейіне қойылатын талаптарды жаңғыртады. 
Заман талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді. 
Тәуелсіз  мемлекетімізге  еңбекқор,  кәсібін  терең  түсінетін,  үнемі  өзгеріп  отыратын  жағдайларға 
өзінің  білімі  мен  іскерлігін  әртүрлі  әрекеттердің  айналасында  қолдана  білетін  қабілетті  мамандар 
қажет.  Үздіксіз  педагогикалық  білім  берудің  деңгейі  ретінде  педагогикалық  колледждің  негізгі 
қызметі,  бұл  маманның  кәсіби  құзыреттілігін  қамтамасыз  ететін  тұлғалық  және  кәсіптік 
жағдайлардың қалыптасуы болып табылады. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасында  да  білімге  бағытталған  мазмұнды  құзыреттілік,  яғни,  нәтижеге  бағдарланған 
білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген. 
«Құзыреттілік»  ұғымы,  құзыреттілік  тұрғысынан  оқыту  1960  -  1970  жылдары  батыс 
әдебиетте, 1980 жылдардың соңына қарай отандық әдебиеттерде пайда бола бастады. ХХ ғасырдың 
70  -  80  жылдарында  АҚШ  -  да  педагогтарды  құзыреттілік  тұрғысынан  даярлау  концепциясын 
дайындауға үлкен көңіл бөлінді. 
Д.И.Ушаков авторлығымен жарық көрген түсіндірме сөздікте «құзыреттілік» және «құзырет» 
түсініктері арасындағы айырмашылықты атап,  түсініктеме беруге тырысқан. 
Құзырет  –  алдына  қойған  мақсатқа  жету  жолында  субъектінің  ішкі  және  сыртқы  қорларды 
тиімді пайдалануға дайындығы. 
Құзыреттілік  –  білім  алушылардың  айқын,  әлеуметтік  талап  етілген  қызмет  тәсілдерінің 
жиынтығын меңгерудегі білім берудің нәтижесі. 
Құзыреттілік  –  хабардарлық,  беделділік;  құзырет  –  адамның  беделділігі,  танымдылығы, 
тәжірибесі арқылы бейнеленген сұрақтар, құбылыстардың тобы. 
Құзыреттілік  –  тұлғалық  мінездеме,  құзырет  –  нақты  кәсіби  немесе  қызметтік 
сипаттамалардың жиынтығы. 
Білім беру талаптарына «Құзыреттілік» ұғымы енгізілгеннен бері, оның мазмұны психологиялық 
ғылымда бірнеше нұсқада қарастырылады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың 
зерттеулеріне  қарағанда  кәсіби  шеберліктің  қалыптасуы  мен  даму  үдерісінде  екі  ұғым:  құзыреттілік 
және  құзырет  ұғымдары  пайдаланылып  келеді.  Біріншісі,  С.  Ожегов  сөздігіндегі  белгілі  бір  кәсіби 
қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», екіншісі, «қандай да бір 
істі  жүргізетін  жеке  адамның,  мекеменің  мәселелерді  шешуге,  іс-әрекет  етуге,  бір  нәрсені  істеуге 
құқықтылық шеңбері». 
«Құзыреттілік»  термині  әдетте  белгілі  бір  әлеуметтік  –  кәсіби  статус  иесіне  байланысты 
қолданылады  және  оның  сол  істі  атқарудағы 
түсінігі,  білімі,  білігінің  орындалуға  тиіс 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
14 
мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады. 
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis - бейім сөзінен) – 
қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен 
қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген. 
Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині  «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі 
төңірегінде» берілген. 
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды 
береді.  Бұл  жалпы  алғанда  құзыреттіліктің  мәнін  анықтайды.  Кәсіби  құзыреттілік  категориясын 
айқындау  үшін  оларды  әр  түрге  айналдыру,  нақтылау  және  жалпы  логикалық  ұғымға  біріктіруді 
жүзеге асыру керек [1]. 
«Құзыреттілік»  терминіне  алғаш  анықтама  берген  американдық  ғалым  Н.  Хомский.  Оның 
пайымдауынша,  құзыреттілік  термині  грамматика  білімдеріне  негізделеді.  Жалпы  алғанда, 
құзыреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік 
дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс - әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді 
меңгеруі [2, 65 б.]. 
«Құзырлылық»,  «құзыр»  ұғымдарының  қолданыстағы  білім,  білік,  дағдыдан  айырмасы 
төмендегідей ажыратылады: 
1.
 
білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы 
түрінде байқалады. 
2.
 
дағдыдан  айырмасы  –  оқыған  материалды  топтастыра,  құбылыстарды,  заңдылықтарды 
шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет. 
3.
 
біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше 
бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну [3, 6 б.]. 
Құзыреттілік теориясы Г.В. Вайлер, Ю.В. Койнов, Я.И. Лефстед, Н.В. Матяш, В.В. Сериков, 
Дж.  Равен,  Р.  Уайт,  В.  Чинапах  және  т.б.  еңбектерінде  негізделген.  Білім  беруді  ұйымдастыруға 
құзыреттілік  тұрғыдан  келуді  жүзеге  асырудың  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  туралы  мәселелер  М.Н. 
Скаткин, И.Я. Лернер, В.В. Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 
Құзыреттілік –  адамның  әрекетке,  оның  пәніне  деген  жеке  қатынасын  қамтитын  сәйкес 
құрауыштарды меңгеруі. 
90 – жылдардың ортасында Европа Кеңесімен барлық білім беру ұйымдары түлектері игеруі 
тиіс кілттік құзыреттіліктер тізімі анықталды:  

 
Өзіне  жауапкершілік  алуға  қабілетті,  бірігіп  шешім  шығаруда,  дау-жанжалдарды  шешуге 
қабілеттілікпен байланысты саяси және әлеуметтік құзыреттіліктер; 

 
Көпмәдени  қоғамда  өмір  сүруге  қатысты  құзыреттіліктер  (өзгені  құрметтеу,  өзге  ұлт 
өкілдерімен, діні, тілі басқа адамдармен бірге өмір сүруге қабілеттілігі); 

 
Бірнеше тілді білу мен сөйлей алуға байланысты ауызша және жазбаша қарым-қатынас құру 
құзыреттіліктері;  

 
 Ақпараттық 
қоғам 
пайда 
болуына 
байланысты 
құзыреттіліктер. 
Ақпараттық 
технологияларды  меңгеру,  қолдану  мәнін,  ақпараттық  технологияларды  қолданудағы  әлсіз  және 
күшті жақтарды түсінуі; 

 
Өмір бойы оқуға қабілеттілікті іске асырушы құзыреттіліктер. 
Ал, Ұлыбритания парламенті кілттік құзыреттіліктің басқа құрамын ұсынды:  

 
  «Санмен  жұмыс  жасау»  (британдық  жұмыс  берушілер  мектеп  түлектерінің  кестені  және 
калькуляторды пайдалана алмайтындығын назарға ала отырып, ұлттық білім беру миниистрлігінің 
алдына мұны үлкен міндет етіп қойды); 

 
«Коммуникация»  (өз  тілінде  жазбаша,  ауызша  қатынас  құру,  қарым  –  қатынасқа  қажетті 
барабар әдістер мен құралдарды іріктеу, сұхбаттасушының не түсінгендігін анықтауға қабілеттілік, 
кері байланысқа шығу); 

 
Ақпараттық технологияларды меңгеруі; 

 
 «Өзін  -  өзі  жарнамалау»  және  «өзін-өзі  ілгері  бастыру»  (британдық  ғалымдардың 
пайымдауынша тұлға мектеп кезінде ақ өз мамандығын таңдауы қажет);  

 
 Ең негізгі құзыреттілік – «Мәселелерді өз бетімен шешуге қабілеттілігі».  
И.А. Зимняя кілттік құзыреттіліктің 3 негізгі тобын айқындап көрсетеді: 
1.
 
Тіршілік  субъектісі  ретіндегі  жеке  тұлғаға  қатысты  құзыреттіліктер.  Оған  келесі 
құзыреттіліктер  тобы  кіреді:  денсаулық  сақтау,  өмірде  құндылық  –  мағыналық  бағдарлау, 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
15 
азаматтық, өздігінен даму және өздігінен жетілу, білімдердің бірігуі; 
2.
 
Адамның  өзге  адамдармен  қарым-қатынасына  байланысты  құзыреттіліктер:  әлеуметтік 
әрекеттесу, қарым-қатынасқа түсу; 
3.
 
Адамның  қызметіне  байланысты  құзыреттіліктер:  танымдық  міндеттерді  шешу,  пәндік-
қызметтік, ақпараттық-технологиялық. 
А.В.  Хуторской  7  кілттік  білім  беру  құзыреттіліктерін  ұсынады:  құндылықты  –  мағыналы, 
жалпымәдени,  оқу  –  танымдық,  ақпараттық,  коммуникативтік,  әлеуметтік  –  еңбек,  тұлғалық 
өздігінен жетілу. 
Елімізде  әлемдік  тәжірибе  мен  ұлттық  практикаға  сүйеніп  жасалған  12  жылдық  мерзіммен 
оқытатын  жалпы  орта  білім  беру  мазмұны  әрбір  оқушының  жеке  ерекшеліктері  ескерілген  білім 
беру  нәтижелері  түріндегі  құзыреттіліктер  жиынтығын  игеруіне  бағдарланған,  олар:  өзіндік 
менеджментке  жататын  өмірде  кездесетін  проблеманың  шешімін  табу  құзыреттілігі;  ақпараттық 
құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік. 
Болашақ  педагогтың  құзыреттілігін  дамытуды  қарастыратын  болсақ,  оның  білімі,  білігі, 
дағдылары, қабілеттіктері туралы, яғни, мұғалімдік қызметке әзірлігі туралы айтуға болады. 
Ақпараттар  ағымы  өте  көп  заманда  мұғалім  өзінің  кәсіби  қызметінде  заман  талабына  сай 
барлық техника құрылғыларын қолдана отырып, шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет.  Оның 
кәсібилігі  пән  бойынша  білігі  мен  құзыреттілік  деңгейі  арқылы  бағаланады.  Ақпараттық 
технологияның  дамыған  заманында  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  беріп,  жан-жақты 
дамуына  ықпал  ету  мұғалімнен  шығармашылық  ізденісті,  үлкен  сұранысты,  ақпараттық 
құзыреттілікті талап етеді. 
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, 
құзыретті, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, болып жатқан өзгерістерге 
тез  бейімделуге  қабілетті  құзыретті    маман  дайындау  үшін  барлық  жағдайлар  жасалған. 
Құзыреттілік  –  білім  алушының  әрекет  тәсілдерін  жан-жақты  игеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі. 
Педагог  өзінің  кәсіби  қызметінде  заман  талабына  сай  барлық  техника  құрылғыларын  қолдана 
отырып,  шеберлігін  үнемі  жетілдіріп  отыруы  қажет.    Оның  кәсібилігі  пән  бойынша  білігі  мен 
құзыреттілік деңгейі арқылы бағаланады. 
Ақпараттық технологияның дамыған заманында  болашақ маманға заман талабына сай білім 
беріп,  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету  педагогтен  шығармашылық  ізденісті,  үлкен  сұранысты, 
ақпараттық құзыреттілікті талап етеді. 
Ақпараттық  құзыреттілік  кәсіби  құзыреттіліктің  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырылып, 
педагогтың  білім  беру  қызметінің  қажетті  бөлігі,  ғылыми  қызметінің  ақпараттық  аспектісінің 
сапалы көрсеткіші болып табылады. 
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны 
жүзеге  асыру  және  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты 
қолдану қабілеті. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – білім алушылардың 
ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік 
технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Мұғалімнің 
ақпараттық құзыреттілігі ақпараттық оқыту ортасында жұмыс жасай алу қабілетінен,  білім, білік, 
дағдыларынан көрінеді. 
О.Б.  Зайцева  ақпараттық  құзыреттілікке  мынадай  анықтама  берген:  «айқындалған  тұлғалық 
сапалар  жиынтығы  және  инновациялық  технологиялар  аумағындағы  теориялық  білім  мен 
практикалық  біліктерінің  бірлігі  негізіндегі  күрделі  тұлғалық-психологиялық  білім».  А.Л.  Семенов 
ақпараттық  құзыреттілікті  «жаңаша  сауаттылық»  деп  анықтай  отырып,  оның  құрамына  адамның 
ақпаратты  өзбетімен  белсенді  түрде  өңдей  алу,  техникалық  құралдар  көмегімен  қорытындылар 
шығару білігін жатқызады. Математиканы оқыту әдістемесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектерде 
қарастырылғандай  ақпараттық  құзыреттілік  бұл  болашақ  мамандарға  математиканы  оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға қабілеттілік болып табылады. 
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны 
жүзеге  асыру  және  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты 
қолдану  қабілеті.  Оқушылардың  түпкілікті  құзіреттіліктері  –  білім  берудің  жаңа   нәтижелер. 
Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол 
–  оқу  нәтижесінде  өзгермелі  жағдайда  меңгерген  білім,  білік,  дағдыны  тәжірибеде  қолдана  алу 
қабілеті болып табылатын жаңа сапа. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
16 
Ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудың  басты  мақсаты  –  болашақ  мұғалімдерді 
ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік 
технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. 
Американдық  педагог Ф.С.  Шлехтидің  айтауы  бойынша  білім беру  бағдарламасын  табысты 
игерген,  таныс  жағдаяттарда  өз  білімдерін  қолдана  алатын  білім  алушылар  өзбетімен  ақпаратпен 
жұмыс  жасай  алмаса,  білімдерін  толықтырмаса,  ақпараттық  қоғамда  жетістікке  жете  алмайды. 
Сондықтан заманауи білім берудегі негізгі басымдылық ақпараттық құзыреттілік болып табылады. 
С.А.  Зайцева  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық  –  коммуникациялық  – 
технологиялық құзыреттіліктерінің қалыптасуын бағалаудың бес көрсеткішін ұсынады: өзіндік оқу 
–  білім  беру  міндеттерін  тиімді  шешу;  болашақ  білім  алушылардың  бойында  компьютерлік 
сауаттылықты  қалыптастыруға  студенттің  әзір  болуы;  болашақтағы  кәсіби  қызметінде  АКТ 
құралдарын  қолдану  білігі;  АКТ  негізінде  оқу  процесін  ұйымдастыруға  қабілеттілігі;  студенттің 
жаңа  бағдарламалық  құралдарды  меңгеруге  дайын  болуы.    Ақпараттық  құзыреттілік  құрылымына 
сәйкес  төрт  құрамдас  бөлік  айқындалады:  мотивациялық,  когнитивтік,  қызметтік,  бағалаушы.  Біз 
ақпараттық  құзыреттілікті  дамытудың  көрсеткіштерін  екі  топқа  бөліп  қарастырамыз:  жалпы  және 
арнайы.  Төмендегі  кестеде  1-де  көрсетілгендей  жалпы  көрсеткіштер  ақпараттық  технологиялар 
аумағындағы білім мен біліктің даму деңгейін анықтауға арналған. Ал, арнайы көрсеткіштер кәсіби, 
білім  берушілік  қызметтегі  ақпараттық  технологияларды  қолдану  аумағындағы  таным, 
дағдылардың даму деңгейін айқындайды.  
 
Кесте 1 - Ақпараттық құзыреттілікті дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштері
 
 
Өлшемдері 
Көрсеткіш-тері 
Мотивациялық 
Когнитивтік 
Қызметтік 
Бағалаушы 
Жалпы 
Ақпараттық 
технологияларға 
қызығушылығы 
Ақпараттық 
технологиялардың 
аппараттық  және 
бағдарламалық 
құралдары  туралы 
жалпы 
мәліметтерді білуі 
Ақпараттық 
технологиялардың 
аппараттық 
және 
бағдарламалық 
құралдарын  қолдана 
алу білігі 
Ақпараттық 
технология 
аумағындағы 
өзінің 
сапалары 
мен  мүмкіндікте-
рін бағалай алуы 
Арнайы 
Кәсіби  қызметінде 
ақпараттық 
технологияларды 
қолданудың 
қажеттілігін сезіну 
Педагогикалық 
процесте 
ақпараттық 
технологияның 
мүмкіндіктерін 
қолдану 
туралы 
білімдерінің болуы 
Білім 
беру 
мақсатында 
ақпараттық 
технология 
құралдарын  таңдай 
алу  және  қолдану 
білігі 
Өзіндік 
талдау 
негізінде  оқытуда 
ақпараттық 
технологияны 
пайдалану 
аумағындағы 
білім, 
білік, 
дағдыларын 
жетілдіру 
 
Білім  беру  үрдісінің  барлық  қатысушыларының  үздік  оқыту  ресурстары  мен 
технологияларына  тең  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету  мақсатында  оқу  орындарына  электрондық 
оқыту  жүйесі  енгізілген  болатын.  Электрондық  оқыту  жағдайында  жұмыстану  үшін  мұғалімнің 
кәсіби  құзыреттілігінің,  соның  ішінде  ақпараттық  құзыреттілігінің  жоғары  деңгейде  болуы  қажет. 
Болашақ  мамандардың  өмір  бойы  оқуға,  ізденуге  дағдылануы,  цифрлы  білім  беру  контентімен 
жұмыстануы  және  жасақтауы,  жаңа  техника  мен  технологияларды меңгеруі,  өз  білімін  жетілдіруі, 
қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс. 
Электрондық  оқыту  жағдайында    колледж  түлектеріне  білім  беру  контентімен  тиімді 
жұмыстануға, жеке портфолиосын жасақтауға, мектептегі байқау, дипломалды практикаларына қажетті 
құжаттамалар  даярлай  отырып,  ақпараттық  коммуникативтік  технологияларды  тиімді  пайдалануға 
жағдай жасалған. Оған қол жеткізу үшін колледжде ақпараттық оқыту ортасы жасақталған. 
Ақпараттық оқыту  ортасында  267 компьютер  (оның  ішінде 30  нетбук,  16  ноутбук,  3  iPad, 1 
ультробук,  58  моноблок),  6  интерактивтік  тақта,  ActivTablet,  Activout  интерактивтік  құрал-
жабдықтары,  19  EIKI,  Epson  интерактивтік  проекторлары,  14  мультимедиядық  проекторлар,  10 
жылжымалы  экран,  2  сенсорлық  дисплей,  1  мультимедиялық  подиум,  1  қазақ,  орыс  тілдерінде 
физика, химия, биология пәндерінен «Eureka» интерактивтік кешенімен жабдықталған 3D трибуна, 
Color  Qube  түрлі-түсті,  Work  Centre  көп  функционалды  мини-типографиялары,  18  басып  шығару 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
17 
құрылғылары, ламинаттау, переплет жасау, түптеу құрылғылары, 9 теледидар, 2 DVD, 1 сенсорлық 
киоск оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуда. Компьютер кластары Wi-Fi  локальдық, сымсыз желілерге 
қосылған. Колледж  ғимаратында  4  жерде  (№36,  3, 25,  қабылдау  бөлмесі)  Wi-Fi    желісіне  қатынас 
құру  нүктелері  орналасқан,  бұл  студенттер  мен  оқытушыларға  кез-келген  кабинетте  отырып, 
интернет  желісіне  қатынас  құру  мүмкіндігін  береді.  Үш  тілділікті  енгізу  мақсатында  3  лингофон 
кабинеті оқу үрдісінде қолданылуда. 
Болашақ  маманның  ақпараттық-оқыту  ортасында  ақпараттық  құзыреттілігін  дамытудың  3 
деңгейі анықталған: 

 
ақпараттық –  ақпаратпен  жұмыс  жасау  тәсілдерін  білуі,  ақпараттық  технологияларға 
қызығушылығы; 

 
технологиялық –  кәсіби  қызметінде  ақпараттық  білімі  мен  білігін  қолдана  білуі, 
мәліметтерді өңдеуде программалық және аппараттық құралдарды таңдай білуі; 

 
нәтижелілік –  жаңа  педагогикалық  ақпараттық  өнімдер  жасақтауы  (электрондық  оқулық, 
электрондық-әдістемелік  жүйе,  оқу  құралы,  оқу-әдістемелік  кешен,  білім  контенттері, 
педагогикалық жобалар, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарлары т.б.). 
Сабақта құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, педагогикалық жағдаяттар, көрнекіліктер, 
мультимедия  құрылғыларын,  Интернет-қорларды  қолдану,  ақпараттық  технологиялардың 
көмегімен шығармашылық жобалар құру болашақ маманның ақпараттық құзыреттілігін арттыруға 
әсер ететін негізгі педагогикалық шарттар болып табылады. 
Колледжде  0105013  «Бастауыш  білім  беру  мұғалімі»  біліктілігі  бойынша  білім  алушы 
студенттер,  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдері  бірнеше  пәннің  теориясы  мен  әдістемесін 
меңгеруі,  дәріс  беретін  пәні  аумағында, сол  пәнді меңгерту  үрдісіне  талдау  жүргізуге,  ақпараттық 
технологияларды пайдалана отырып оқушыларға пән мазмұнын тиімді меңгертудің сапалы болуына 
қабілеттілігі болуы қажет. Бастауыш мектептегі негізгі пәндердің бірі математика болып табылады. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  математика  пәнінің  теориясы  мен  әдістемесін  меңгерту 
үрдісінде  \\  автор  п.ғ.д.,  профессор  Ш.Х.Құрманалина  //  «Бастауыш  класта  математиканы  оқыту 
әдістемесі» пәнінен электрондық-әдістемелік жүйесі, 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен 
электрондық оқулықтар пайданылады. 
«Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқыту  әдістемесі»  электрондық-әдістемелік  жүйесі  – 
оқытуды  ұйымдастырудың  мақсаттылық,  мазмұндылық,  іс-әрекеттілік,  нәтижелік  бағалау 
компоненттері  мен  құрылымдандырылған  пәнаралық  байланыста  құрылған  ашық  қор.  ЭӘЖ 
құрастырудағы педагогикалық технологияның негізі – модульдік технология. 
Ашық жүйе түсінігіне пәндік білімдер, педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі, 
оқытушы  мен  оқушының  өзінің  әдістемелік  тәжірибесіне  байланысты  қосымша  қоса  алатын 
тестілер  кіреді.  Тестілер  арқылы  білім  алушы  өзін-өзі  бақылай,  бағалай  алады.  Тапсырмаларға 
анықтамалық материалдар берілген, бұл материалдар арқылы студенттер өзін-өзі тексере алады. 
Бұл  ашық,  дамыту  жүйесі  педагогика,  психология,  математиканың  теориялық  негіздері  мен 
бастауыш  класта  математиканы  оқыту  әдістемесі  пәндерінің  интеграциялық  байланысында 
құрылған.  Бұл  жүйе  төрт  модульдерден  «Арифметикалық  ұғымдарды  оқыту  әдістемесі», 
«Шамаларды  оқыту  әдістемесі»,  «Алгебралық  ұғымдарды  оқыту  әдістемесі»,  «Геометриялық 
ұғымдарды оқыту әдістемесі» құралады. 
«Арифметикалық  ұғымдарды  оқыту  әдістемесі»  cандарды  оқу,  жазу  және  салыстыру, 
сандарға арифметикалық амалдар қолдану, үлес, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, мәтінді 
есептермен жұмыс әдістемелерін қамтиды (сурет 1). 
Білімді меңгерту барысында білім алушыны оқыту емес, қалай оқу керектігіне үйрету, білімді 
меңгерудегі оның қажетті ақпаратты дұрыс таңдай алу, ақпаратпен тиімді жұмыстану, талдай алу, 
түрлендіру қабілеттерінің артуына жағдай жасау қажет. 
Гипермәтін  және  интерактивті  тапсырмалар  бастапқы  математикалық  құрылымдардың 
құрастыру  жолы  арқылы,  олардың  бастауыш  математика  оқулықтардың  мазмұнымен, 
монографиялар,  түрлі  теориялық  тұжырымдамалар  бар  ғылыми  мақалалармен,  бастауыш  сынып 
мұғалімдеріне  арналған  оқу  құралдары,  дидактикалық  тапсырмалар  мен  компьютерлік 
математикалық  ойындармен  қанығу  арқасында  ядро  идеяларын  меңгеруді  қамтамасыз  етеді. 
Модульдің  мазмұнына  байланысты  идеяда  үлкен  немесе  кіші  үлес  салмағы  болуы  мүмкін.  Тест 
тапсырмалары модульдің мазмұнына сәйкес құрастырылған.  
 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
18 
 
Сурет 1 - «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі» модулі 
 
ЭӘЖ  құрамындағы  интерактивтік  тапсырмалармен  қатар  берілген  құзыреттілікті 
қалыптастыруға  арналған  тапсырмалар  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  математика 
пәніне  деген  танымдық  қызығушылықтарын  қалыптастырып,  ауызша  сөйлеуін  дамытып, 
эвристикалық  қызметтің  тәсілдеріне  үйретіп,  негізгі  математикалық  ұғымдар  туралы  түсініктерін, 
ойлаудың әр түрлі тәсілдерін қалыптастырады. 
ЭӘЖ-нің әр модулі мен гипермәтін мазмұнына сәйкес жүйелі берілген тапсырмалар болашақ 
бастауыш 
сыныптың 
математика 
пәні 
мұғалімдерін 
даярлауда 
бойларында 
кілттік 
құзыреттіліктерді,  соның  ішінде  ақпараттық  құзыреттілікті  қалыптастыруға  көмектесіп,  олардың 
математикалық сауаттылығының артуына көп ықпалын тигізеді. 
Болашақ  бастауыш  сыныптың  мұғалімдерінің  бойында  ақпараттық  құзыреттілікті  тиімді 
дамытудың мақсатында келесі педагогикалық шарттарды іске асыру қажет: 
-
 
оқытудың барлық кезеңінде оқу-танымдық қызметтің ақпараттық жасаушысын көкейтесті ету; 
-
 
студентті  ақпарат  алу,  сақтау,  өңдеу  және  жіберумен  байланысты  арнайы 
ұйымдастырылған, дамытушы, оқу-танымдық қызметке кірістіру; 
-
 
 оқу-танымдық  қызметтегі  ақпараттық  кеңістіктегі  студенттің  субъективті  ұстанымын 
қамтамасыз ету.  
Ақпараттық  құзыреттілігі  дамыған  колледж  түлегі  ақпараттандыру  және  ақпараттық 
технологиялар  құралдарын  педагогикалық  қызметінде  пайдалануға,  білім  беруді  ақпараттандыру 
бағдарламалары  негізінде  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыра  алуға,  кәсіби  қызметінде  ақпараттық 
технологиялар  құралдарын  қолдануға,  аудио,  электрондық  дидактикалық  және  педагогикалық 
бағдарламалық  құралдарды  жасақтауға,  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  жасақтап, 
енгізуге, ақпараттық технологиялар базасында әдістемелік жүйелерді дамытуға әзір болуы тиіс. 
Білім,  білік,  дағдылардың,  қалыптасқан  негізгі  құзыреттіліктердің,  әлеуметтік  дағдылардың 
негізінде  тұлғаның  алдына  қойған мақсаттарына жету  үшін  ішкі  және  сыртқы ресурстарын  тиімді 
пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет - білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады. 
Оқу  үрдісіне  ақпараттық  технологияларды  енгізу  өзбетіндік  жұмыс  кезінде  танымдық 
қызметке  ынталандырып,  оқу  үрдісінің  тиімділігін  арттыруға,  ақпараттық  қоғам  жағдайында 
бәсекеге қабілетті, болашақ ақпараттық құзыретті мамандар даярлау міндетін жүктеп отыр.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет