Әдебиеттер:
1.
Әбдірәсілов Е. Қазақ терминографиясының ғылыми-теориялық негіздері. / филилог. ғыл.
докт. ... дисс. – Алматы, 2007. – 250 б.
2.
Бельгер Г. Лики слова. – Алматы: Білім, 1996. – 272 с.
3.
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар:
информатикадан 30 сабақ. – Алматы: ЖТИ, 2005. – 400 б.
4.
Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Новые информационные технологии: 30
уроков по информатике. – Алматы: ИНТ, 2005. – 400 с.
5.
Құрманбайұлы Ш. Салалық терминологияны қалыптастыруда орын алып жүрген
кемшіліктер // Салалық терминология: бүгіні мен болашағы. Республикалық ғылыми-практикалық
семинар материалдары. – Астана, 2003. – 140 б.
6.
Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. – Алматы:
Сөздік-Словарь, 2004. – 208 б.
Насыритдинова А.Н
Вопросы соблюдения принципа идентификации терминов в словарях технической сферы
В статье рассматриваются термины, опубликованные в последние годы в терминологических словарях. В
связи с этим, дан анализ словарей технической сферы и выявлены наименования терминов, не соответствующие
требованием перевода с одного языка на другой. В ходе исследования автором описаны термины различных
словарей и предложены правильные варианты их перевода. Вместе с тем, автор доказывает, что такие
недостатки оказывают отрицательные влияния на учебную литературу и на переводческие труды.
Ключевые слова: термин, техническое терминообразование, терминология, терминологизация,
требования к терминам, отраслевые термины, словарь, словообразование, перевод, полисемия.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
213
Nassyritdinova A.N.
Questions of the principle observance of terms identification in dictionaries of the technical sphere
The terms published in recent years in terminological dictionaries are considered in the article. In this regard
the analysis of dictionaries of the technical sphere is given and the names of terms which aren't corresponding the
requirement of the translation from one language to another are revealed. The author described the terms of various
dictionaries during research. The correct options of their translation are offered by the author. At the same time, the
author proves that such shortcomings have negative impacts on educational literature and on translation works.
Keywords: term, technical term formation, terminology, terminologization, requirements to terms, industry
terms, dictionary, word formation, tranlation, polysemy.
ӘОЖ 809.434.2-4
Садуақас Н.А. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан)
E-mail: sadu_ngd@mail.ru
ҒАЛЫМ Ә. ЖҮНІСБЕКОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. Макалада Ә. Жүнісбеков зерттеулеріндегі ғылыми жаңалықтарға сәйкес қазақ
тіліндегі дауыссыз дыбыстарды қайта жіктеу мәселесі қарастырылған.
Кілт сөздер: дауыссыз дыбыс, жіктелім, дауыс желбезегі, жуысыңқы, тоғысыңқы, қатаң,
тербеліссіз, ұяң, тербеліңкі, үнді, тербелімді.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жөнінде алғашқы зерттеу мәліметтері Н.И.Ильминский,
В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский еңбектерінде айтылған болса, Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов
еңбектері ана тілімізде зерттеудің алғашқы үлгісі болды. Сондай-ақ, Е. Омаров, Қ. Кемеңгерұлы,
т.б. еңбектерінде де дауыссыз дыбыстарға қатысты алғашқы талдаулар жасалды. Одан кейінгі
кезеңде І. Кеңесбаев, Ж. Аралбаев, Ә. Жүнісбек, Б.Тайлақбаев, С. Омарбеков, А. Қошқаров, М.
Райымбекова, С. Мырзабеков, Ә. Бәйімбетова, С. Оразалин, В.А. Шнайдер, Б. Баймұханов, Ж.А.
Исаева, А. Молдашева т.б. зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды. Қазақ фонетикасы мен
фонологиясының теориялық жағынан одан әрі дамуына Ә. Жүнісбеков зерттеулері ерекше ықпал
етті, ол ғалымдар арасында бірізді пікір болмай келген, екпін мен сингармонизмнің түркі
тілдеріндегі қызметі қандай дәрежеде екендігі туралы көзқарасты да ғылыми дәлелді түрде шешіп
берді. Соған сай тіліміздегі дыбыстарды да бұрынғы екпінге қатысты көзқарастардан тыс, қайта
қарастырып, үндестік ерекшелігіне қарай зерттеуді ұсынды.Қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстардың
жіктелімі дауыс желбезегінің қатысына қарай қарастырыла бастады. Ғалым Ә. Жүнісбектің
зерттеулерінде дауыс желбезегінің қатысымы жасалым белгі ретінде алынып, тіліміздегі
дыбыстардың жасалым ерекшеліктері олардың тербеліс толқындары арқылы сипатталып жүр.
Сонда дауыс желбезегі толық тербелсе - дауысты дыбыстар, мол тербелсе – үнді дауыссыздар,
жартылай тербелсе – ұяң дауыссыздар, ал тербелмесе – қатаң дауыссыздар жасалады. Дауыс
желбезегінің жартылай тербелуі арқылы ұяң дауыссыздар жасалады десек, олардың басқа да үстеме
жасалым белгілері бар екенін ескеру қажет. Ерін қатысына, іргелес дыбыстардың әсеріне қарай
дауыссыз дыбыстардың да түрленімі әр түрлі болды [1]. Бұрынғы фонетика оқулықтарында:
“Тілдегі дыбыстардың бір саласы тонмен байланысты: бұлар – дауыстылар. Енді бір саласы
салдырмен байланысты: олар - дауыссыздар. Дыбыс тонмен байланысты дыбыстар (дауыстылар)
музыкалы болып келеді де, салдырмен байланысты дыбыстарда (дауыссыздарда) бұл қасиет
болмайды”- деген анықтама берілетін еді [3, 223 б.]. Дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына қарай үш
топқа (қатаң, ұяң, үнді) бөлініп: “Ұяң мен қатаң екеуі қосылып үнсіздер деп аталады. Үнділерді
айтқанда дауыс басым болады да, салдыр кем болады, ұяңдарды айтқанда, керісінше, дауыстан
салдыр басым болады, ал қатаң дыбыстарды айтқанда дауыстың қатысы (демек дауыс
шымылдығының вибрациясы) болмайды деген қағида ұстанылды [3, 256 б.]. Шұғыл (эксплозив)
фонемалар: п, б, т, к, г, қ, д, ч, ц; Ызың (фрикатив) фонемалар: ф, в, с, ғ, ш, х, з, ж, һ”, - деп,
үздікті-үздіксіз, жабысыңқы-жуысыңқы айырым белгілері арқылы жіктелді [3, 257 б.].
Қазақ тілі дыбыс жүйесін жаңа бағытта зерттеудің ғылыми ұстанымдарын негіздеп берген ғалым
Ә.Жүнісбектің жетекшілігімен оның бірнеше шәкірттері де ғылым жетістіктеріне сай ізденіс жүргізіп
келеді. Осы орайда, Ә.Бәйімбетованың тоғысыңқы дауыссыздардың дыбыстық түрленімі жөніндегі
Хабаршы
№2- 2015 ж.
214
зерттеуін атап көрсетпекпіз [4]. Сөйлеу мүшелерінің өзара тоғысуы арқылы жасалатын тоғысыңқы
дауыссыздарды сөйлеу мүшелерінің өзара жуысуы арқылы жасалатын жуысыңқы дауыссыздарға
қарама-қарсы қойып, тоғысым-жуысым айырым белгілеріне назар аударады. Тоғысыңқы
дауыссыздардың жасалымы, түрленімін көрсету бағытында сөйлеу мүшелері қозғалысының әр түрлі
араласымын нақты талдап берген. Фонетикалық талдаудың нәтижесінде тоғысыңқы дауыссыздардың
айтылым, жасалым, естілім ерекшеліктеріне жүйелі сипаттама жасаған.
Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі ызың дыбыстардың ерекшеліктері С.Оразалин зерттеуінде
жан-жақты тиянақталды [5]. Ол соңғы кезеңдегі ғылым жетістіктеріне сай жүйелі зерттеу жүргізіп,
қазіргі қолданысқа енген қазақша ғылыми атауларды сәтті пайдаланған. Дауыссыз дыбыстар
жүйесіндегі дауыс желбезегінің қатысымына, дәлірек айтқанда, тербелісіне қарай тербеліңкі (ұяң),
жасалу орнына қарай жуысыңқы дауыссыз болатын «с», «ш», «з», «ж» дыбыстарының жасалым
түрленіміне құрылымдық талдау жүргізген. Тербеліңкі дауыссыздар жасалым ерекшелігіне қарай
тоғысым-жуысым болып бөлінеді. С.Оразалин тербеліңкі жуысыңқы дауыссыздардың жасалым
амалының түрі сөйлеу мүшелерінің өзара жуысуы екендігін көрсете отырып, жуысыңқы
дауыссыздардың жасалым түрленіміне жүйелі сипаттама берген. Ғалым жуысыңқы дауыссыздарды
жинақы жуысыңқы (с, з) және жайылыңқы жуысыңқы (ш, ж) деп бөледі. Әрбір жуысыңқы
дауыссыздың фонетикалық варианттарына тоқталып, жан-жақты сипаттама берілген. Қазақ тілі
дыбыс жүйесін тіліміз табиғатына сай, үндесім ерекшеліктері тұрғысынан, зерттеу жұмыстарына
соңғы кезеңде ерекше назар аударыла бастады. Қазақ тілі дыбыстарының саны мен олардың
жасалым, айтылым, естілім ерекшеліктері фонетикалық және фонологиялық жағынан жүйелі түрде
жан-жақты зерттеуге алынды. Осы орайда, Б.Баймұхановтың «Қатаң дауыссыз дыбыстардың
жасалым және түрленім жүйесі» атты зерттеуінде қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының дауыс
желбезегі тербелісіне қатысты жасалымының бірі қатаң дауыссыз дыбыстар мен олардың үндесім
түрленімі нысанаға алынған [6]. Қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамы мен жүйесін фонетика және
фонологиялық ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке тани білудің ғылыми маңыздылығын көрсетіп, осы
мәселеге орай, белгілі ғалымдар пікіріне жүгінеді. Қазақ тіліндегі «қ-к»қатаң дауыссыз дыбысының
фонологиялық табиғатының өзіндік ерекшелігі жөнінде ғылыми бірізді пікір болмай келгендігін
нақты мысалдар арқылы алға тартып, өзіндік көзқарасын білдіріп: «Шындығында «қ» мен «к», «ғ»
мен «г» дауыссыздарының арасындағы айырмашылық өзге дауыссыздардың жуан-жіңішке
түрлерінің арасындағы айырмашылықтан өзгеше. Олардың жасалу орны бір-бірінен өте алшақ
жатыр, сонымен қатар естілім белгілері де бір-бірінен ерекше», - дейді [6, 9 б.].
Қазақ тілі дыбыстарының өзіндік табиғаты мен орыс тілі дыбыстарының ішкі ерекшелігін
жасалым, айтылым, естілімі тұрғысынан салғастыра баяндап, тіл дыбыстарын айту мен жазу жағынан
да шатастырмай, дербес қарастыру жолдарын түсіндіреді. Екі тілдің артикуляциялық базасының
табиғаты, фонологиялық ерекшелігі жөнінде айтылған теориялық анықтамаларға сипаттама беріліп,
қазақ тілі жасалым қорындағы қатаң дыбыстардың түрленім жүйесі жөнінде жүйелі талдау жасалған.
Мысалы, «саз»сөзі құрамындағы қатаң жуысыңқы «с»дауыссызының жасалымы жөнінде
төмендегідей сипаттама берілген: 1) тіл ұшы тіс пен қызыл иектің шегара тұсына жуықтап келеді; 2)
тіл ұшы мен үстіңгі күрек тісі түбінің арасында аз ғана саңылау қалады; 3) дауыс желбезегі бейтарап
күйде қалады, яғни тербеліске түспейді [6, 12 б.]. Қазақ тілінде с қатаң дауыссызы тіл ұшы арқылы, ал
орыс тілінде тіл алды арқылы жасалатындығы, естілімі жағынан орыс тілінде «ысқырық» күші басым
екені, қазақ тілінде «суыл дауыссыз» деп аталып жүргенін ескертеді [6, 14 б.]. Сөйтіп, Б.Баймұханов
естілім тұрғысынан аңғарыла бермейтіндіктен сөйлеу үстінде мән берілмейтін жасалым
ерекшеліктерін нақты сипаттама мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеткен.Сингармонизмге арқа сүйеген
түркі тілдері қатарындағы қазақ тілінің акцентті тілдерден, орыс тілінен, фонологиялық ерекшелігін
таныту жұмыстары тіл дыбыстарына фонетикалық сипаттама беруден басталуы керектігін, автордың
өзі айтқандай, «қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары деп жеті-сегіз дыбысты» бірден бөліп алып
талдаудың дұрыс еместігі ғылыми және әдістемелік жағынан орынды айтылған.Зерттеуде қазақ
тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамы мен моделі көрсетіліп, осы дыбыстарды жасалу орны
мен жасалу тәсіліне қарай топтастырған. Жасалу орныжағынан 1) ерін (п), 2) тіл ұшы (т, с, ш), 3) тіл
ортасы (к), 4) тілшік (қ) және жасалу тәсілі жағынан 1) тоғысыңқы (шұғыл – п, т, к, қ), 2) жуысыңқы
(сүзілмелі – с, ш) деп топтастырады. «Дауысты дыбыстар қатаң дауыссыздардың бәрімен тіркесе
береді және олардың тіркесі сөздің барлық шенінде кездеседі»,- деген байлам жасайды [6, 17 б.]. Осы
тіркесімге сай қатаң дауыссыздардың іргелес үйлесім моделі ұсынылған. Қатаң дауыссыздардың
үндесім варианттары іргелес дауыстыларға байланысты қалыптасатындығы, олардың айтылымына
тілдің көлденең және тік (жақ) қалпы, ерін, ауыз және көмей қуысы қатысымы жөнінде ғылыми нақты
сипаттама берілген.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
215
Тіліміз артикуляциялық базасындағы дыбыстар санын анықтап, олардың өзіндік айырым
белгілерін көрсетіп, қазақ тіліндегі фонемалардың дыбыс қорын сингармофонологиялық тұрғыда
зерделеген З.Бадамбекқызының зерттеуінің маңызы зор. Ғалым тіліміздегі әр дыбыстың айырым
белгілерін, әр фонеманың дыбыс қорын жүйелі талдап көрсетті [7]. Тіліміздегі ұяң дауыссыз
дыбыстардың жасалым ерекшеліктері А. Молдшева зерттеуінде жан-жақты қарастырылды [8].
Дауыс желбезегінің тербелісіне сай ұяң дауыссыздардың жасалым моделі көрсетіліп, олардың жуан-
жіңішке үндесім түрленіміне қарай ортақ және айырым белгілері анықталды. А. Молодашева ұяң
дауыссыздардың шеп түрленімін сөз, сөз тіркесі және сөйлем құрамында қарастырып, оның
артикуляциялық көрнекі үндесімін көрсетеді. Мысалы, «ғ-г» дауыссыздар сөз басында тығысыңқы,
сөз ортасында жуысыңқы болып айтылатындығын айтады. Ұяң дауыссыздарыдың ерін және езу
қатысына қарай түрленім үлгілері де көрсетілген. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыз дыбыстардың
үйлесім түрленімі Ж.А. Исаеваның зерттеуінде қарастырылды [9].
Ғалым Ә. Жүнісбеков қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының санын 17 деп көрсетеді. Ғалым қ-к, ғ-г
дыбыстарын бір дауыссыздың үндесім варианты деп есептейді [2]. «Дауыссыз дыбыстардың жасалымы
- үш айырым белгісі (жасалу орны, дауыс қатысы, жасалу тәсілі), айтылымы - екі айырым белгісі (ауыз
бен көмей қуысының өзара қатынасы, тоғысым-жуысым күші), естілімі – екі айырым белгісі (тоғысым-
жуысым қарқыны, үн қатысы) арқылы сипатталады», - дейді Ә. Жүнісбеков. Ғалымның айтуынша,
дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді деп бөлу жасалым белгі емес, естілім белгісіне қатысты, дегенмен
дәстүрлі фонетикада олар жасалым белгілер ретінде қалыптасқан.
Сондықтан ғалым олардың жаңа атаулар алғанын жөн санайды: қатаң (тербеліссіз), ұяң
(тербеліңкі, үнді (тербелімді): «Дауыссыз дыбыстардың басты жіктелім белгісі дауыс қатысы» деп
көрсетеді. Осы ұстаным бойынша дауыссыз дыбыстар жіктелімі төмендегідей болады екен [2].
1.Қатаң дауыссыз дыбыстар.
П дауыссыз дыбыс: ерін- ерінді, тоғысыңқы, қатаң;
Т дауыссыз дыбыс: тіл ұшы, тоғысыңқы, қатаң;
Қ (К) дауыссыз дыбыс: тілшік, тоғысыңқы, қатаң;
К дауыссыз дыбыс: тіл ортасы, тоғысыңқы, қатаң;
С дауыссыз дыбыс: тіл ұшы, жинақы, жуысыңқы, қатаң;
Ш дауыссыз дыбыс: тіл ұшы, жайылыңқы, жуысыңқы қатаң;
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар.
Б дауыссыз дыбыс – ерін-ерінді, тоғысыңқы, ұяң;
Д дауыссыз дыбыс – тіл ұшы, тоғысыңқы, ұяң;
Ғ-Г дауыссыз дыбыс – тілшік, тоғысыңқы, (жуысыңқы), ұяң;
Г дауыссыз дыбыс – тіл ортасы, тоғысыңқы, (жуысыңқы), ұяң;
З дауыссыз дыбыс – тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, ұяң;
Ж дауыссыз дыбыс – тіл ұшы, жайылыңқы жуысыңқы, ұяң;
3. Үнді дауыссыз дыбыстар:
М дауыссыз дыбыс- ерін, тоғысыңқы, үнді;
Н дауыссыз дыбыс – тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді;
Р дауыссыз дыбыс – тіл ұшы, діріл, үнді;
Ң дауыссыз дыбыс- тілшік, тоғысыңқы, үнді ;
Л дауыссыз дыбыс – тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді;
Й дауыссыз дыбыс – тілшік,жуысыңқы, үнді;
У дауыссыз дыбыс – ерін-ерінді, жуысыңқы, үнді [2]. Ғалым Ә. Жүнісбеков еңбектері
бойынша жіктеу арқылы қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың өзіндік айырым белгілерін
ғылыми нақты талдап, дұрыс қарастыруға мүмкіндік болды. Сондықтан дауыссыз дыбыстардың
фонетикалық ерекшеліктерін де осы жіктеу аясында қарастырамыз.Жинақтап айтқанда, Ә.
Жүнісбеков еңбегінде дауыссыз дыбыстар төмендегіше жіктеледі:
1.
Дауыс қатысына қарай: а) қатаң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі
тербелмейді (п, қ-к, с, ш); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі жартылай
тербеледі (б, д, ғ-г, з, ж); Б) үнді дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі мол тербеледі (м,
н, ң, р, л, и, у) ;
2.
Жасалу орнына қарай: а) ерін-ерінлі дауыссыз дыбыстар ерін мен еріннің тоғысымы (не
жуысымы) арқылы жасалады (п, б, м, у); ә) Тіл ұшы дауыссыз дыбыстар тіл ұшы мен қызыл иектің
тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (т, д, н, с, з, р, ш, ж, л); б) Тілшік тіл ортасы дауыссыз
дыбыстар тілшік (тіл ортасымен) мен тіл түбінің (таңдайдың) тоғысымы (не жуысымы) арқылы
жасалады (қ(-к), ғ (-г), ң, и);
Хабаршы
№2- 2015 ж.
216
3.
Жасалу тәсіліне қарай: а) тоғысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен
тоғысымы арқылы жасалады (п, б, м, т, д, н, қ-к, ғ-г, ң); ә) жуысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу
мүшелерінің бір-бірімен жуысымы (с, з, ш, ж, й, у, ғ-г, діріл жуысымы- «р», жанама жуысымы – «л»
арқылы жасалады);
Дауыссыз дыбыстар дәстүрлі фонетикада тірек дауыссыздар (негізгі аллофон) ретінде
дауыссыздардың тек жуан езулік үндесім варианттары алынып келгені аян. Осы мәселені ескерте
отырып, Ә. Жүнісбеков дауыссыздарды үндесім ерекшелігіне қарай да қарастырады. Осы
мақсатына сай, үндесім дауыссыздардың жасалым сипаттамасын беру үшін алдымен «ілгерінді-
кейінді», «еріндік-езулік» деген атаулар енгізуді ұсынады [2]. Осы жіктелу үлгісі қазіргі
оқулықтарда да орын алуы тиіс деп білеміз. Бұлай жіктеу тіл дыбыстарының айырым белгілерін
дұрыс оқып білуге көмектеседі. Ә. Жүнісбеков қазақ тілі дауыссыздарының санын 17 дыбыс деп
есептеп, қазақ тіліндегі тірек дауыстыларды «үндесім фонема» деп, ал олардың үндесім
варианттарын «үндесім аллофон» деп атауды ұсына отырып, қазақ тілінде 3 тірек бар болса, олар 9
үндесім аллофон ретінде тарайтынын айтады: 1) «А» үндесім тірек дауысты екі үндесім
аллофонынан (а, ә) құралады; 2) «Ы» үндесім тірек дауысты 4 үндесім аллофонынан (о, ө, е)
құралады; ал әр дауыссыз төрт түрлі үндесім әуезбен айтылады. Сонда 5 қатаң (п, т, қ-к, с, ш)
дауыссыздың үндесім варианттары 20 дыбыс болады. Ұяң (б, д, ғ-г, з, ж) дауыссыздардың үндесім
варианты да 20 дыбыс болады. Үнді дауыссыз (р, л, й, у, м, н, ң) дыбыстарының үндесім варианты
26 дыбыс болады, себебі «у» дауыссызы басқалардай емес, тек екі түрлі еріндік үндесім әуезбен
айтылады, езулікпен айтылмайды екен. Жинақтап айтқанда, қазақ тіліндегі 17 дауыссыз дыбыс 66
үндесім дауыссыз бен 9 дауыстыны қосқанда , барлығы 75 дыбыс болады екен. 1) Жуан езулік
дыбыстар саны 18 (2 дауысты, 16 дауыссыз); 2) жіңішке езулік дыбыстар саны 19 (3 дауысты, 16
дауыссыз); 3) жуан еріндік дыбыстар саны 19 (2 дауысты, 17 дауыссыз); 4) жіңішке еріндік
дыбыстар саны 19 (2 дауысты, 17 дауыссыз) деп көрсетеді [2, 62 б.].
Ә. Жүнісбеков еңбектерінде қазақ тілі дыбыстары сингармонизм тұрғысынан да, одан тыс та
қарастырылып, алғаш рет толық дыбыстық сипаттамасы жасалды. Қазақ тілі дыбыстары
фонетикалық жасалым белгілеріне қарай жіктеліп, тірек дыбыстардың (әліпби дыбыстар) басы
ашылды. Фонологиялық ерекшелігіне қарай үндесім белгілері анықталып, тіліміздің табиғатына сай
жүйелі жіктелді. Қазақ тілі фонемаларының табиғаты жөніндегі зерттеулерді талдап, зерделей келіп,
ғылым жетістіктеріне сай жаңа сипаттамасын төмендегідей түсіндіреміз:
Дауыссыз дыбыстарды бұрынғы зерттеулерде «айтылу жолына қарай» шұғыл, ызың деп
екіге бөлінді. Шындығында, дыбыстың шұғыл, ызың болып шығуы «айтылу жолынан гөрі», сөйлеу
мүшелерінің қызметіне байланысты. Сөйлеу мүшелерінің бір-біріне нық тиіп (тоғысуы), тез ажырап
кетуіне, немесе сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жақындап жуысуына байланысты болады.
Сондықтан шұғыл, ызың атауынан гөрі, тоғысыңқы, жуысыңқы атауы және «айтылу жолына» қарай
дегеннен гөрі жасалу тәсілі деген шындыққа жақын келеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі «қ», «к», «ғ», «г», «ң», «һ» – дыбыстары бұрынғы оқулықтарда
айтылғандай, тіл арты, тіл ортасы, көмей арқылы емес, «қ», «к», «ғ», «г», «ң» – тілшік (тіл ортасы)
арқылы, ал «һ» -көмей арқылы жасалатын дыбыстар деп білеміз.
Бұрынғы оқулықтарда тіл алды деп көрсетілген дауыссыз дыбыстар, кейінгі зерттеулер
көрсеткендей, тіл алды емес, тіл ұшы арқылы жасалады деп танимыз.
Бұрынғы оқулықтарда қазақ тілі дуыссыздарының бірі ретінде көрсетілетін «х » дыбысы
қазақтың төл дыбыстары қатарына жатпайды, оны тоғысыңқы «қ(к)» дауыссызының жуысыңқы
айтылатын варианты деп тануға болады.
Қазақ тілінің төл сөздерінің жазылымында «фонема» санын көбейтіп жүрген кірме «щ»
әріпі құрамында екі дыбыс тіркесі (шш) бар деп танимыз.
Төл сөзімізде кездеспейтін «ф» фонемасы орыс тілінен енген сөздерде жазылып, қазақ
тіліндегі айтылымы ерін-еріндік (п) болып айтылады.
Қазақ тілі фонетикасының зерттелуінде өзіндік ерекше ізденісімен танылған ғалымдардың
алдыңғы легінде Ә. Жүнісбеков есімін атап көрсетеміз. Ол тіліміздің дыбыс жүйесін жаңа қырынан,
яғни сингармофонологиялық бағытта, зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Оның зерттеулерін
зерделей отырып, қазақ тілінің негізгі заңдылығы сингармонизмге байланысты деп тұжырым
жасауға болады. Ғалымның қазақ тілі фонетикасын сингармонизм заңдылықтарымен байланысты
қайта қарастыруы елеулі өзгеріс әкелген ғылыми жетістігіміз болып саналады. Оның зерттеулері
нәтижесінде тіліміздің өзіндік ерекшелігін танытатын негізгі заңымыз сингармонизм екендігіне,
сондай-ақ, сингармонизм заңдылығы тіліміздегі барлық дыбыстарға қатыстылығына көзіміз жетті.
Ә. Жүнісбеков түркі тілдерінде сингармонизм тек фонетикалық категориялардың бірі ғана емес,
Хабаршы
№2- 2015 ж.
217
түркі сөздерінің фонологиясын танытатын негізгі заңы екендігін дәлелдейді [1, 12 б.]. Осы кезге
дейін түркі тілдеріндегі әрбір дауыссыз дыбыстың бір ғана артикуляция және акустикалық
ерекшелігі бар деп келсек, Ә. Жүнісбеков сингармонизм заңдылығы әрбір дауыссыз дыбыстың төрт
сингармодыбыстан тұратынын, әрбір дауыссыз дыбыстың сингармотембрі жуан және жіңішке,
еріндік және езулік қасиеттерін қарама-қарсы қою арқылы анықталатынын айтады. Ғалым тілімізде
сингармонизмнің фонологиялық қызмет атқаратынын, сингармонизм тек дауысты дыбыстардың
ғана гармониясы емес, дауыссыздардың да, бүкіл сөздің бір тембрмен берілуін қамтамасыз ететінін
айтады. Егер осы үндестігі бұзылса, бүкіл сөз өзгеріп, мағынасы түсініксіз болады дейді. Мысалы,
« бас, бес, бос, бөс»деген сөздерде тек дыбыстардың тіркесуі ғана емес, әрбір сөздің құрамындағы
дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, сингармонизм тембрімен айтылуы ерекше қызмет атқарады. Бұл
орыс тілінде екпін қалай болса, қазақ тілінде сингармонизмнің де сондай сөз анықтағыш қызмет
атқаратынын көрсетеді. Егер « тыс, тіс, тұс, түс» деп айтқанда, бұл сөздер дауыстылардың жуан-
жіңішке, еріндік-езулік ерекшелігіне ғана емес, сонымен бірге, дауыссыздардың да айтылуына
қарай, сөз құрамындағы бүкіл дыбыстың сингармотембрі арқылы бір сөз екіншісінен
ажыратылатынын дәлелдеді. Ә. Жүнісбеков сингармонизм тембрі сөз құрау және сөзді ажырату
қызметтерін де атқаратынын айтады. Ә.Жүнісбеков еңбектеріндегі жаңаша жіктелу үлгісі тіл
дыбыстарының айырым белгілерін дұрыс талдап, жүйелі қарастыруға көмектеседі деп білеміз.
Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстарды жіктеуде Ә. Жүнісбеков зерттеулерде
аталған айырым белгілеріне ерекше назар аудару қажет. Ғалым тіліміздегі дыбыстарды
сингармонизмге қатысты және одан тыс екі жолмен талдап, оларды жіктеудің жүйесін
қалыптастырды. Қазақ әліпбиіндегі дыбыстар саны мен олардың фонемалық қасиетін анықтап, жан-
жақты сипаттама жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |