Жылына 4 рет шығады



жүктеу 6.08 Mb.
Pdf просмотр
бет1/56
Дата28.12.2016
өлшемі6.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
 
 
 
 
 
 
     
 
ХАБАРШЫ 
 
Жылына 4 рет шығады 
 
 
 
№ 2 (58) - 2015 
 
 
ВЕСТНИК 
 
Выходит 4 раза в год 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал-Уральск 
 
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 
МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ 
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  
УНИВЕРСИТЕТ  
ИМ. М. УТЕМИСОВА 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 

 
Выпуск 
2 (58
) шығарылым
 
Сәуір
 

 
Апрель

Мамыр
 

 
Май

Маусым
 - 
Июнь
 
 
ПЕДАГОГИКА, ФИЛОЛОГИЯ, ТАРИХ 
ПЕДАГОГИКА, ФИЛОЛОГИЯ, ИСТОРИЯ 
 
 
Бас редактор  Главный редактор
А.С. ИМАНҒАЛИЕВ  
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик/ 
доктор педагогических  наук, профессор, академик 
 
Бас редақторының орынбасары – Заместитель главного редактора 
 
Ә.Қ. МҰҚТАР  
т.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры 
д.и.н., профессор, проректор по НР и МС ЗКГУ им. М.Утемисова 
 
Редакция алқасы – Редакционная коллегия:
 
 
Т. Вюнш
 

 
философия докторы (
PhD)
, профессор,
 
доктор философии (
PhD)
, профессор,
 
Пассау университеті (Германия, Пассау қ.) 
 
Университет
 
Пассау
 
(Германия, г. Пассау)
 
 
доктор философии (
PhD)
, профессор,
 
Университет
 
Пассау
 
(Германия, г. Пассау)
 
П.М. Кольцов
 - 
т.ғ.д., профессор, Қалмақ мемлекеттік 
 
университеті (Ресей, Элиста қ.)
 
д.и.н., профессор, Калмыцкий
 
государственный
 
университет (Россия, г. Элиста)
 
 
А.С. Тасмағамбетов
 - 
т.ғ.д., доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 
бірінші проректор
 
 
д.и.н., доцент, первый проректор
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
Т.З. Рысбеков
 - 
т.ғ.д., профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.и.н., профессор, ЗКГУ
 
им. М.Утемисова
 
 
Ұ.Т. Ахметова 
- 
т. ғ. д.,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
 
д.и.н., ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.С. Турчин
 - 
психол.ғ.д., доцент, Иванов мемлекеттік
                                 
университеті (Ресей, Иванов қ.)
                                                 
д.психол.н., доцент, Ивановский
 
государственный университет (Россия, г. Иванов)
 
 
А.С. Қыдыршаев
 - 

 
п.ғ.д., профессор, 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.п.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
Ж.И.Сардарова 
- 
п.ғ.д.,
 
 
М.Өтемісов  атындағы БҚМУ
 
 
д.п.н., ЗКГУ им. М.Утемисова
 
А.В. Скали
 

 
 
 
п.ғ.к., доцент, Экономика университеті
 
(Польша, Быдгощ қ.)
 
д.п.н., доцент,
 
Университет экономики (Польша, г. Быдгощ)
 
 
К. Кайнер
 - 
ф.ғ.д., профессор, Йоханнес Гутенберг
 
атындағы университет (Германия, Майнц қ.)
 
д.ф.н., профессор, Университет 
 
им. Йоханнеса Гутенберга (Германия, г. Майнц)
 
 
А.Р. Габидуллина
 -   
ф.ғ.д., профессор, 
 
Донбасс 
мемлекеттік 
педагогикалық 
университеті (Украина, Горловка қ.)
 
д.ф.н., профессор, Донбасский
 
государственный педагогический университет
 
(Украина, г. Горловка)
 
 
М.К. Бисемалиева
 - 
ф.ғ.д., профессор,
 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.ф.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
Г.К. Хасанов
 - 
ф.ғ.д., профессор, 
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
д.ф.н., профессор,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
А.Г. Абуханова
 - 
ф.ғ.к., доцент,
 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
 
к.ф.н., доцент,
 
ЗКГУ им. М.Утемисова
 
 
 
2000 жылдан бастап шығарылады. Жылына 4 рет шығады. 
Жинақ ҚР Қоғамдық келісім және ақпарат, мәдениет министрлігінің келісімімен 07.12.1999ж. тіркеліп, №971 – Ж куәлігі берілген. 
ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  Ақпарат  және  мұрағат  комитетінің  келісімімен  мерзімді  баспасөз  басылымдарын  және  (немесе) 
ақпарат агенттіктерін 10.12.2012 ж. есепке алу туралы №13214-Ж куәлігі берілген. 
Жинақ  филология,  педагогика,  тарих  ғылымдары  бойынша  ғылыми  еңбектің  негізгі  нәтижелерін  жариялау  үшін  Қазақстан  Республикасы 
Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесіне енді. 
 
Издается с 2000 года. Выходит 4 раза в год.  
Свидетельство о регистрации издания № 971-Ж от 07.12.1999 г. выдано Министерством культуры, информации и общественного согласия РК. 
Свидетельство  о  постановке  на  учет  периодического  печатного  издания  и  (или)  информационного  агентства  №13214-Ж  от  10.12.2012  г. 
выдано Комитетом информации и архивов Министерства культуры и информации РК. 
Журнал  включен  в  Перечень  изданий  Комитета  по  контролю  в  сфере  образования  и  науки  Министерства  образования  и  науки  Республики 
Казахстан, рекомендованных для публикации основных результатов научной деятельности по филологическим, педагогическим и историческим наукам.
    
 
 
 
ISSN 1680-0761 

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2015.  
ТІРКЕУ НӨМІРІ  1432
-
Ж
 
 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 

 
 
ПЕДАГОГИКА ПЕДАГОГИКА PEDAGOGICS
 
 
 
 
ӘОЖ: 378.147: 376.2 
 
Байменова Б.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  
Жубакова С.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
(Астана қ., Қазақстан)  
Е-mail: zhubakova.saule@mail.ru 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ  
 
Аннотация.  Мақалада  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  маманның  кәсіби 
құзыреттілігін дамытудың мәні мен мазмұнына теориялық және әдіснамалық анализ жасалады. Сонымен 
қатар,  «болашақ  маманның  кәсіби  құзыреттілігі»,  «кәсіби  құзыреттілік»  ұғымдарына  педагог  – 
ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып,  жүйелік  мағлұмат  беріледі.  Аталған  мақалада  инклюзивті 
білім беру жүйесінде болашақ мамандарды даярлауды іске асырудың жолдары, мақсаты мен міндеттері 
және бүгінгі білім беру процесіндегі орны анықталады. 
Кілт  сөздер:  арнайы  білім  беру,  интеграция,  инклюзивті  білім  беру,  мамандарды  даярлау, 
мүмкіндігі шектеулі балалар, кәсіби құзыреттілік. 
 
Еліміздің  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  талпынысы,  білім  беру  парадигмасының  өзгеріп, 
жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен 
санасы  дамыған  ұрпағын  оқытып,  тәрбиелейтін  педагогикалық  кадрларды  дайындаудың  сапасын 
арттыруды талап етіп отыр. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта 
білім  берудің  ұлттық  деңгейдегі  басты  мақсаты  –  еліміздің  әлеуметтік,  экономикалық және  саяси 
өміріне  белсенді  қатысуға  дайын,  құзыретті  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  ету  деп  анық 
көрсетілген.  Дамыған  елдердің  оқу  жүйесінде  кеңінен  қолданыла  бастаған  «құзыреттілік», 
«құзырет»  терминдері  жаңа  білім  стандарты  ұстанған  басты  бағыт  ретінде  біздің  еліміздің  білім 
беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай 
ұйымдастыра білетін, оқушыларға білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі 
де  осы  аталған  құзыреттіліктерді  меңгерген,  кәсіби-дидактикалық  құзыреттілігі  қалыптасқан 
мұғалімдер даярлау міндеті тұр. 
Қазақстан  Республикасында  2010-2020    жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың 
Мемлекеттік  бағдарламасында  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  дамуының 
мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік 
білетін,  кәсіби  білігі  мол  мамандардың  қажет  етілуіне  байланысты  жоғары  мектеп  алдына  білім 
сапасын арттыру және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау міндеттері қойыла 
отырып,  Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асырудың  нәтижесінде  «кәсіби  міндеттерін  дербес  әрі 
шығармашалық  тұрғыдан  шешуге,  кәсіби  қызметтің  тұлғалық  және  қоғамдық  маңызын  түсінуге, 
оның  нәтижелері  үшін  жауап  беруге  қабілетті  кәсіби  құзыретті  жеке  тұлғаны,  бәсекеге  қабілетті 
маманды  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  білім  беруді  басқарудың  тиімді  жүйесі  құрылатын 
болады» делінген [1]. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  – 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  дәстүрлі  Жолдауында:  «Біздің  жастарымыз 
оқуға,  жаңа  ғылым-білімді  игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен  технологияны  күнделікті 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 

өмірде  шебер  де  тиімді  пайдалануға  тиіс.  Біз  бұл үшін  барлық мүмкіндіктерді жасап,  ең  қолайлы 
жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» - делінген [2]. 
Өскелең  ұрпаққа  саналы  тәрбие  беру,  олардың  рухани  құндылықтарын  жетілдіру  арқылы 
өзін-өзі  тану  және  тәрбиелеу,  терең  ой-сана  мен  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  мәселелері 
көрнекті  ғұлама  –  ойшылдар  Әл-Фараби,  Ж.  Баласағұни,  Қ.А.  Ясауидің  және  т.б.  еңбектерінде 
көрініс  тапқан.  Сонымен  қатар  қазақ  ағартушылары  Ы.  Алтынсариннің,  А.  Құнанбаевтың,                            
Ш. Уәлихановтың еңбектерінде де бұл мәселеге үлкен мән беріледі. 
Қазіргі кезеңде барлық сала мамандарының құзыреттері туралы пікірлер, кәсіби маман даярлау 
мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  ғалымдардың  зерттеулеріне  қарағанда  кәсіби 
шеберліктің  қалыптасуы  мен  даму  үдерісінде  екі  ұғым:  құзыреттілік  (компетентность)  және  құзырет 
(компетенция) ұғымдары пайдаланылып келеді. С. Ожегов сөздігі бойынша біріншісі, белгілі бір кәсіби 
қызметке байланысты, «қандай да болмасын мәселеден хабардар болу, беделділік», ал екіншісі, «қандай 
да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге 
құқықтылық шеңбері» [3]. 
Құзыреттілік теориясы Г.В. Вайлер, Ю.В. Койнов, Я.И. Лефстед, Н.В. Матяш, В.В.Сериков, Дж. 
Равен, Р. Уайт, В. Чинапах және т.б. еңбектерінде негізделген. Құзыреттіліктің әдіс-тәсілдерін меңгеру 
туралы  мәселелер  М.Н.  Скаткин,  И.Я.  Лернер,  В.В.  Давыдов  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде 
қарастырылған. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ 
бұл  білім, білік,  дағдының  жаңаша    жай  ғана  жиынтығы емес, сонымен бірге ол  білім алушылардың 
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік 
–  бұл  алынған  білімдер  мен  біліктерді  іс-жүзінде, күнделікті өмірде  қандай  да  бір  практикалық және 
теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі [3].  
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, алғашында ол 
ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген. «Педагогтің кәсіби 
крыретгілігі»  ұгымы  XX  ғасырдың  90-жылдарында  психологиялык-педагогикалық  әдебиеттерде  кең 
тұрғыда  карастырылды.  Кейбір  авторлардың  еңбектерінде  «кәсіби  құзыреттілік»  ұғымы  «кәсіби 
қызметке  даярлық»  (В.А.  Сластенин,  Н.Н.Лобанова,  А.И.Панарин  және  т.б.)  және  «педагогикалық 
кәсібилік» (А.И. Пискунов, В.В.Косарев және т.б.) ұғымымен теңестіріледі. Латын тіліндегі «competens» 
сөзін ғалым К. Құдайбергенова былайша түсіндіреді: «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика 
саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. 
Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы, тұлға мүмкіндігін 
бағалаудың  критерийі  мақсатында  қарастыру  құзырлылық  маңызын  толық  аша  алады.  Олай  болса, 
құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік 
және  өмірлік  көзқарастарды  есепке  алуы  қажет».  Жоғарыда  берілген  анықтамалардың  негізінде 
«құзырет»,  «құзыреттілік»  ұғымдарын  былайша  түсіндіруге  болады:  құзырет  нақты  өмірлік  жағдайда 
тиімді қызмет ету үшін тұлғаның өз білімін, біліктілігі мен дағдыларын жұмылдыруға дайындығы болса, 
ал  құзыреттілік  тұлғаның  өзіне  қатысты  құзыреттіліктерді  меңгеруі,  иеленуі,  яғни  біліктілік  пен 
қызметтілікке деген оның жеке қарым-қатынасы. 
Дьяченко  М.И.  педагогтік  мамандықтардың  ерекшелігіне  орай  педагогтің  кәсіби  құзыреттілігі 
ұғымын  оның  педагогикалық  қызметті  жүзеге  асыруға  теориялық  және  практикалық  жағынан 
дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді [4]. 
Қазіргі  кезде  мұғалімнің  бойында  кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастырудың  теориялық  және 
практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді. Б.Т.Кенжебеков жоғары 
оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік 
ұғымына  мынадай  анықтама  береді:  «кәсіби  құзыреттілік-бұл  кіріктірілген  іргелі  білімдер,  адамның 
қабілеттері  мен  жинақталған  біліктіліктерінің,  оның  кәсіби  маңызды  сапаларының,  технологияны 
жоғары  деңгейде  меңгеруінің,  мәдениеті  мен  шеберлігінің,  ұйымдастырудағы  шығармашылық 
әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі» [5]. 
Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі  оның  іс-әрекетінің  тиімді  болуының  теориялық  және 
жалпы  әдіснамалық  негізі  болып  табылады.  Кәсіби  құзыреттілікті  меңгерту  жоғары  оқу  орнында 
студенттерді  мұғалімдік  мамандыққа  даярлаудағы  басты  міндеттердің  бірі.  Мұғалімнің  кәсіби 
құзыреттілігі оның практикалық қызметінде іске асырылады.  Сондықтан да, болашақ мұғалім өмірдің 
өзгермелі жағдайларына икемді бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. 
Қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты – 
адамды  интеллектуалдық  және  адамгершілік 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 

тұрғыда дамыту. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін болашақ мұғалім  мектепте қызмет ететін маман 
ретінде,  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  стратегиялық  бағытын  айқын  түсінуі    тиіс.  Себебі, 
мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-әлеуметтік, физиологиялық ерекшеліктері жоғары 
қабілетті және гуманды  қарым-қатынасты қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы мен 
қалыптасуына ғалымдар әртүрлі ой-пікірлер айтады. 
Мүмкіндігі шектеулі балалар дегеніміз - ол 0-18 жасқа дейін дене және (әлде) психикалық 
нәсілді,  жүре  және  өмір  жағдаяттарымен  пайда  болған  кемістігі  бар,  арнайы  оқу  тәрбиені  талап 
ететін, өмірлік іс-әрекетке мүмкіндігі аз шектеулілер балалар [3]. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың саны күн санап артуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 
мектепке  дейінгі  және  орта  білім  департаментінің  статистикасы  бойынша,  2005  жылы  шамамен 
мүмкіндігі  шектелген  балалар  саны  124 мыңды  құраса, 2011жылы  149 мыңнан  асты. 2012 жылғы 
мәлімет  бойынша,  151216  бала  белгілі  болды.Қазіргі  қоғамда  түрлі  себептерге  байланысты 
мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артып келеді. Олардың қоғамға әлеуметтік дұрыс бейімделуі 
мен әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерге негізделеді.Қазіргі 
таңдағы  барлық  елдерде  талқыланатын  мәселелердің  бірі  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту 
және тәрбиелеу.  Мысалы, Францияда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бағдарламалар мен 
мамандандырылған  мектептер  бар.Германияда  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  бастапқы  оқытуға 
арналған  52  арнайы  мектебі  бар.«Жалпыға  бірдей  білім»  бағдарламасына  сәйкес  1994  жылы 
Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған 
бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.  
Мұнда  арнайы  оқытуды  талап  ететін  баларға  білім  беруді  дамытудың  болашақтағы 
жоспарлары  мен  шешімдері  қарастырылған.  Осы  декларацияны  дамыту  мақсатында  ЮНЕСКО 
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігімен біріге отырып Қазақстанда «Арнайы қажеттілігі бар 
балаларға  базалық  білім  беруді  дамыту»  атты  Пилоттық  жоба  жасалынды.  Бұл  жобаның  мақсаты 
осындай  балаларды  жалпы  білім  беру  үрдісінде  қоса  оқыту  яғни  инклюзивті  оқыту  жолдарын 
іздестіру болып табылды.  
Мүмкіндігі  шектеулі  болып  қалудың  «нәсілдік»:  ата-бабасынан  ұрпақтан  ұрпаққа;  ген 
арқылы; туыстық некеден; некеге тұрарда медициналық тексеруден өтпеу салдарынан т.б беріледі. 
Сол себепті бұрынғы ата-бабаларымыз қан тазалығын сақтау және келер ұрпақтың сау, әрі саналы 
болып дүниеге келуі үшін жеті атаға дейін некеге тұрмаған. Сонымен қатар, сау ұрпақ дүниеге келуі 
үшін көптеген ырым, тиымдар жасалынған. 
Балалардың «туа» мүмкіндігі шектеулі болып қалуын медициналық қортындылары бойынша 
былай  түсіндіреді:  аяғы  ауыр  әйелдің  жүктілік  кезінде  ішімдік,  наркотик  т.б.  пайдалануы; 
жоспарсыз  құрсақтағы  сәбиді  әдейі  түсіру  мақсатында  дәрілер  ішуі,  нәтижесінде  бұл  ойланбай 
жасаған әрекеті сәтсіз аяқталып сәбидің дүниеге келуі, кей жағдайларда дәрінің әсерінен баланың 
сал болып қалуы; аяғы ауыр әйелдің білместіктен дәрі ішіп қоюы; тамақтану (аллергия, демікпе т.б); 
мәдениетінің  төмендігі,  соның  ішінде  сағыз  шайнау  т.б.  Бүгінгі  білім  беру  жүйесін 
модернизациялауда  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  орта  білім  беру  мекемесіне  кіріктіріп 
оқыту  -  мақсатты  түрде  жүзеге  асырылмақ.  Ол  білім  беру  үрдісіндегі жаңа  бағыт-инклюзия  және 
интеграция арқылы іске аспақ. 
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік 
бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды 
белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы 
қолдану,  қоршаған  ортаның  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  және  білімдік  қажеттіліктеріне 
бейімдеріне  жағдай  туғызу,  яғни  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  арналған 
мемлекеттік саясат. 
Инклюзивті  деген  сөз  –франсуз  тілінен  алғанда  кіріктірілген,  латынтілінен  аударғанда 
енгізілген  деген  мағынаны  білдіретін,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  ерекшеқажеттілікті  талап 
ететін балалармен атқарылатын оқу процесін сипаттайтын термин. Инклюзивтібілім берудегі негізгі 
идеология  –даму  мүмкіндігі шектеулі  балаларға жағдай  туғызып,  қатарластарымен  теңдей  қарым-
қатынас жасап, баланың өзін қор санауын болдырмай, шеттетуіншектейтін үрдіс. 
Инклюзивті  білім  беру  –  ерекше  қажеттілікті  талап  ететін  балаларды  білімменқамтамасыз 
етеді, олардың барлық мұқтаждарын қамтып, бар бала білім алуға қол жеткізе алатынынайқындап, 
жалпы  білім  беру  процесін  дамыта  түседі.  Ал  әлеуметтік  бейімдеу  дегеніміз  –  тұрмыс  –
тіршілігіндегі  шектелуді  жою  жҽне  оның  орнын  толтыру  үшін  жағдай  жасауды  қамтамасыз  ету 
және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасайды.  Бұл саясат 
XX 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 

ғасырдың 90-жылдарының соңында ҚР-да мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, басым түрде тек 
мектеп-интернаттарда  жүзеге  асырылды,  бұл  өз  кезегінде  аталған  топтағы  балалардың  әлеуметтік 
тұрғыда  оқшаулануына  және  ата-аналардың  тәрбиесінен  шеттетуге  әкелді.  Соның  салдарында, 
интернат  типіндегі  білім  беру  мекемелерінің  түлектері  социумға  әрі  қарай  кірігу  барысында 
бірқатар қиындықтарды бастарынан өткереді.  Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру 
ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. 
Сол  жылы  Қазақстан  ТМД  елдерінің  арасында  алғаш  рет  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
әлеуметтік  және  медика-педагогикалық  тұрғыдан  қолдау»  туралы  заңы  қабылдады.  Қазақстанда 
инклюзивті білім беру 2011 жылдан бастап енгізіле бастады, сондықтан, бұл мәселе бойынша іргелі 
зерттеулер болмай отыр. 
Осылайша  ҚР-да  2020  жылға  қарай  инклюзивті  білім  беру  жүйесі  енгізіледі.  Инклюзивті 
білім  үшін  жағдай  жасайтын  мектептердің  үлесі  мектептердің  жалпы  санынан  70%-ға  ұлғаяды; 
мүгедек  бала  үшін  ―кедергісіз  қол  жеткізуді‖  жасайтын  мектептің  үлесі  мектептердің  жалпы 
санынан  -  20%;  инклюзивті  біліммен  қамтылған  балалардың  үлесі  дамуы  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың жалпысанының 50 % құрайтын болады. 
Денсаулығына  байланысты мүмкіндігі шектеулі  тұлғаларға  инклюзивті білім беру  бойынша 
шетелдік тәжірибелерді зерделеу барлық елдерде инклюзивті білім беруді енгізу әртүрлі кезеңдерде 
іске  асатынын  көрсетеді.  Бұл  негізінен,  елдердің  даму  деңгейіне,  жылдам  енгізуге  болмайтын 
инклюзивті процестің көпфакторлығы мен күрделілігіне байланысты болады. 
Инклюзивті білім беру мәселелерімен шетелде Salisbury C.L., Palombaro M.M., Hollowood W.M., 
Shea T.M., Bauer A.M., Trow M., Лошакова И.И., Ярская-Смирнова Е.Р., Семаго М.М., Семаго Н.Я., 
Косс В.О. және т.б.  айналысты. Олар инклюзивті оқыту идеясын жүзеге асыру қағидалары жүйесін, 
сонымен қатар инвалид балаларды инклюзивті оқыту тәжірибесін дамыту жолдарын әзірлеген. 
Инклюзивті  білім  берудің  кейбір  аспектілерін  қарастырған  жұмыстар  бар:  Мовкебаева  З.А., 
Сүлейменова  Р.А.,  Ерсарина  А.М.  және  т.б.  Бұл  жұмыстарда  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың 
әдіснамалық негіздері, мүмкіндіктері, ұйымдастыру, жүзеге асыру шарттары берілген. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  психологиялық  аспектіде  зерттеулермен  Намазбаева  Ж.И., 
Әлмағанбетова А.Н., Искакова М.С., Макина Л.К. және т.б. айналысқан. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  медициналық-әлеуметтік  қамтамасыз  ету  бойынша 
Ауталипова  У.И.,  Альбицкий  В.Ю.,  Галиева  С.Х.,  Баженова  Э.А.,  Баранов  А.,  Баранов  Ю.Н., 
Барашнев  Ю.Н.,  Бондаренко  Г.И.,  Бондаренко  Е.С.,  Бондарь  В.Н.,  Гудонис  В.,  Навицкиене  В., 
Доскин  В.А.,  Ермолина  Л.A.,  Казанцева  Л.З.,  Новиков  П.В.,  Касымова  Г.М.,  Катаева  A.A., 
Стребелева  Е.А.,  Кенжегулова  Р.Б.,  Мухамедрахимов  Р.Ж.,  Ракишева  З.Б.,  Саулебекова  Л.О., 
Качурина  Д.Р.,  Тастанбеков  Б.Д.,  Хусаинова  Ш.Н.  және  т.б.  жұмыстары  білім  беру,  денсаулық 
сақтау,  әлеуметтік  қорғау  органдарының,  ата-аналар  мен  қоғамдық  ұйымдардың  және  т.б.  өзара 
әрекеттесуі негізінде медициналық, әлеуметтік, коррекциялық педагогикалық қолдауға арналған.  
Инклюзивті  білім  берудің  негізгі  бағыттары  мен  идеялары  Қазақстан  Республикасының  
«Білім  туралы»  Заңында  (2007),  Қазақстан  Республикасының  2011-2020  жылдарға  арналған  білім 
беруді  дамытудың  мемлекеттік  білім  бағдарламасында  (2010),  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
әлеуметтік,  медициналық-педагогикалық  коррекциялық  қолдау  туралы»  (2005),  және  Елбасымыз 
Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2050» стратегиясында (2012) айрықша көрсетілген.  
Қазақстан  Республикасының  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-
педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»  заңы  дамуында  кемістігі  бар  балаларға  көмек 
көрсетудің  тиімді  жүйесін жасауға,  оларды тәрбиелеу,  оқыту,  еңбекке  және  кәсіби  даярлау  ісімен 
байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған. 
Сонымен  қатар  интеграция  мен  инклюзия  идеяларын  ҚР-ның  жалпы  білім  беретін 
мекгептеріне  кең  ендіру  біршамадәрежеде  кадрлардың  біліктілігіне  байланысты  болады,  бұл  өз 
кезегінде  болашақ  мұғалімдерді  даярлауүдерісіне  өзгерістер  ендіруді  талап  етеді.  Осы  тұрғыда 
болашақ  мұғалімнің  инклюзивті  құзыреттілігінкәсіби  құзыреттіліктің  құрамдас  бөлігі  ретінде 
калыптастыру мәселесі ерекше мәнге ие болады. 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі мен білім алуына екі әлеуметтік фактор әсер етеді, 
олардың бірі - ата-анасы баланы жан-жақты,материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Бірақ, 
оның  ішкі  әлеміне  үңіліп,  рухани  қажеттіліктеріне  терең  бойлай  бермейді.  Мұндай  отбасындағы  
балалар  іштей  психологиялық  күйзеліске  түседі.  Олардың  көңіл  күйі  түсіп,  өздеріне  деген 
сенімсіздік пайда болады. Психологиялық шеттету баланың тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуына 
кері 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 

әсер етеді. 
Білім беру жүйесінде оның білігі мен дағдысы тежеледі. Екінші фактор, ол- баланы шектен 
тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өздерін кінәлі сезініп, оны тым 
бос ұстап еркелетеді. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, болып өседі. 
Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға кездеседі. 
Соңғы  уақытта  біздің  елімізде  және  шетелде  физикалық  және  психикалық  дамуында 
ауытқушылығы  бар  балалар  санының  өсу  қарқыны  байқалып  отыр.  Біріккен  ұлттар  ұйымының 
мәліметтері  бойынша  әлемде  450  млн.  адамда  психикалық  және  физикалық  дамуында 
ауытқушылықтары  бар,  бұл  тұрғындардың  оннан  бір  бөлігін,  яғни  13%  құрайды.  Бұл  мәлімет 
Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріммен нақтыланып отыр. 
Статистикалық  мәліметтер  бойынша  бірқатар  елдерде  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  саны 
жалпы  саннан  4,5%  дан  17%  дейін  жетеді  екен.  В.А.  Вишневский,  Б.А.  Воскресенский,  Р.Ф. 
Майрамян, И.А. Скворцов, Л.М. Шипицина және т.б. педагогикалық-психологиялық зерттеулерінде 
дамуында  ауытқушылығы  бар  балалардың  отбасында  әртүрлі  психологиялық  және 
психопотологиялық ауытқулар (кикілжіңдер, үрейлену, эмоционалды бейнеленген қарым-қатынас, 
бөлектену,  жалғыздық)  болатындықтарын  айтады.  Сондықтан  да  болашақ  маман  осындай 
проблемалы отбастарына үздіксіз  кеңес берулері қажет. 
Денсаулығына  байланысты  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  инклюзивті  оқыту  казіргі 
заманғы білім беру тәжірибесінің негізгі дамушы бағыттарының бірі болып табылады. Инклюзивті 
білім беру саясаты біздің елімізден жаңадан ендіріліп жатқан жаңа бағыт болғандықтан, мұғалімінің 
кәсіби  құзыреттілігін  дамытуды  талап  етеді.  Ол  студенттің  педагогикалық  оқу  орнына  түспестен 
бұрын басталғанмен, оны бітіруімен бір мезгілде аяқталмайды. 
Оның  педагогикалық  мамандыққа  қажетті  сапалық  сипаты  кәсіби  тұлға  ретінде 
қалыптасуының әр кезеңінде түрліше дамып отырады: педагогикалық мамандыққа түскенге дейін, 
кәсіби-педагогикалық  дайындық  кезінде  және  маман  ретінде  өз  бетінше  жұмыс  жасауы  кезінде. 
Бірақ  осы  кезеңдердің  арасында  адамды  кәсіби  педагог  тұлғасына  дейін  дамытатын  өзара 
сабақтастық  болуы  шарт.  Қорыта  айтқанда,  Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  тиімді  жүзеге  асыру 
үшін  әр  мұгалім  түзету-  педагогикалық  үрдісті  ұйымдастырганда  төмендегі  әдістемелік 
нұсқауларды негізге алулары керек: 
-  оқытуды  ұйымдастыру  жағдайын  тандау.  Мүмкіндігі    шектеулі  баланың  басты  кемістігін 
есепке  ала  отырып,  баланың  сыныпта  отыратын  орнын  анықтау  және  зейіні  мен  қабылдау 
ерекшеліктерін ескеру; 
-  тапсырмаларды  жекелей  орындау.  Баланың  кемістігін  ескере  отырып,  жеке  тапсырмалар 
ұсыну; 
-  есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың  сөздік  қоры  мен  түсінуінің  шектеулі  екенін  ескере 
отырып, бейімделген мәтіндер ұсыну және т.б. 
 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет