Жылжымалы басқару пункті жоғары өтімді Урал Вахта автомобилінің базасында жабдықталған.
Жылжымалы басқару пункті тұрақты және сапалы байланысты қамтамасыз ету үшін қолданылады, байланысты ұйымдастыруға, отрядтың күштері мен құралдарын, тұрақты орналасу пунктінен тыс жерде қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде өзара іс-қимыл жасайтын органдарды басқаруды қамтамасыз етуге арналған. Негізгі айырмашылығы көп функционалдылық болып табылады.
Байланысты ұйымдастыру және ақпарат беру тұрғысынан Жылжымалы басқару пунктінің негізгі мүмкіндіктері байланыс құралдарын жедел орналастыру, телефон байланысын ұйымдастыру, УКВ және КВ радиобайланыс желілерін ұйымдастыру, интернет байланысын қамтамасыз ету болып табылады.
4 жұмыс орны бар: жасақ командирі, штаб бастығы, байланыс офицері, барлау офицері.
№ 1 жұмыс орны: байланыс бастығының жұмыс орны, әуе кемелерімен байланысты қамтамасыз ету үшін aicom А-210 байланыс құралдарымен, отряд диапазонындағы УКВ радиобайланысын қамтамасыз ету үшін һytera радиостанциясымен, ведомствоаралық радиобайланысты қамтамасыз ету үшін matarolla радиостанциясымен, көлік құралына орнатылатын шағын мобильді байланыс торабын ұйымдастыруға арналған автомобиль байланыс кешені, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік басқару орталығымен байланыспен, Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығы әскерлерін басқару орталығымен тікелей байланыс бар ішкі жергілікті желімен жабдықталған. Ұялы байланыс болмаған жағдайда қалалық терминалдың көмегімен қалалық желіні ұйымдастыруға болады.
№ 2 жұмыс орны: жасақ командирі мен барлау офицерінің жұмыс орны, ноутбукпен, магниттік тақтамен, проектормен және теледидармен жабдықталған. Осы жұмыс орнында өзіне жүктелген міндеттерді және қойылған жедел-жауынгерлік міндеттерді уақтылы және дәл орындау, барлау құралдарын уақтылы ұйымдастыру және жұмыс істеу, қарсылас, жергілікті жер туралы мәліметтерді жинауды, талдауды және орналастыруды жүзеге асырады және оларды жасақ командиріне уақтылы баяндайды; шешім қабылдау үшін жасақ командиріне ұсыныстар дайындайды. Проекторға нақты уақытта ұшқышсыз ұшу аппаратынан шабуыл объектісі мен оған іргелес жатқан жер көрсетіледі. Теледидарға телеграмм мессенджерінің көмегімен жауынгерлік тәртіптің аға элементтерінің геопозициясы көрсетіледі. Жауынгерлік іс-қимылдарды есепке алу журналын жүргізеді.
№3 жұмыс орны: штаб бастығының жұмыс орны ноутбукпен, принтермен, жұмыс картасымен және магниттік тақтамен жабдықталған, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды және оларды қосалқы басқару пункттеріндегі лауазымды адамдардан талап етеді. Алдағы әрекеттерді модельдеу объектісі үшін тақтада шабуыл объектісі мен жауынгерлік тәртіп элементтерін білдіретін магниттік фигуралар бар, олар жауынгерлік тәртіп элементтерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
№4 жұмыс орны: жауынгерлік тәртіптің аға элементтері бар жиынтық-тактикалық топ командиріне нұсқама өткізу және міндеттер қою үшін арналған.
Сондай-ақ жергілікті жерде ұқсас жаттығулар жүргізудің алынған міндеттерін түсіндіру үшін офицер-нұсқаушының жұмысына рұқсат етіледі.
Қосымша мүмкіндіктер: автономды электр қуат көзінің болуы.