Ұйым мәдениеті және олардың психологиялық негіздері
Тұрсынбек Бибіфатима
Ұйымдық мәдениет – бұл ұйым мүшелері арасында қатынастарды реттейтін нормалар, ережелер мен моральдық құндылықтардың жүйесі.
Ұйымдық мәдениет ұйымдық тәртіппен тікелей байланысты. Ұйымдық тәртіпте басшы тәртібін, топтық тәртіпті, жеке тәптіпті (тұлға тәртібін) бөлуге болады.
Ұйымдық мәдениет фирманың заңдылыққа, тұлғаға, шығаратын өнімнің сапасына, қаржыға, өндірістік міндеттемелерге, іскерлік ақпараттың сенімділігіне қатысты көрсетеді. Бұл ережелер, дәстүрлер, салттар мен рәміздер кешенінде іске асырылады.
Имидж – бұл ұйымның мақсатқа бағытталып қалыптастырылған бейнесі. Имидж түсінігіне кіреді: адамдар арасында өзара қатынастар мәдениеті, серіктестермен және клиенттермен жұмыс істеу тәсілі, бөлімдердің ресімделу дизайны, қызметкерлердің киімі.
Ұйымның ұйымдық мәдениеті туралы ең алдымен басшының мәдени деңгейі бойынша пікір түйеді. Басшы саутты, мәдениетті, жоғары білімді болуы керек, жоғары біліктілік пен білімдарлыққа, жұмыстың үлкен тәжірибесіне ие болуы керек, бағыныштылар арасында абыройлы, қызметкерлерге адал және т.б. болуы керек.
мотивациялар жүйесі – өз жеке мақсаттарына және ұйым мақсаттарына (еңбекақыны жоғарлату, материалдық сыйақыны, жеңілдікті медициналық қызметті, қосымша демалысты, әртүрлі жеңілдіктерді алу) жету үшін белсенді шығармашылық қызметке ұйым мүшелерін талаптандыру әдістерінің жиынтығы;
- адамның психологиялық икемделуі – сәттілікке, құрметтеуге, билікке, қарым-қатынасқа қажеттілік, яғни адамның шығармашылық белсенділігін қамтамасыз ететін моральдық ынталандыру.